Талдықорған: 0°C
$ 493.36
€ 572.84
₽ 6.29
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Өмірін әнмен байланыстырған

22.07.2025
РУХАНИЯТ
Өмірін әнмен байланыстырған
WhatsAppTelegramFacebook

Музыка адамның рухани азығы, жан серігі, тілмен айтқызып жеткізе алмайтын қиялы, нәзік сезімі. Руханияттың көркем бөлшегіне айналған өнерді заманына қарай әрлеп, қарыштатып отырған жөн. Бұл салаға аянбай қызмет етіп, үлес қосып жүргендер де баршылық. Солардың бірі – Құмарбек Садықов. Осы уақытқа дейін 400-ден астам ән жазған.

Құмарбек Құдайбергенұлы Көксу ауданына қарасты Мұқаншы ауылында дүниеге келген. Әкесі мен анасы кеңес заманында ұжым-шарда қызмет етіпті. Олар 5 ағайынды. Өзі үйдің төртінші баласы. Мұсабек Сеңгірбаев атындағы мектепте 10 жыл білім алып, 1973 жылы әскер қатарына ілігіп, 2 жыл Қызыл- орда облысындағы Байқоңыр ғарышқа ұшыру айлағында борышын өтейді. Кейіннен Алматы ауылшаруашылық институтын бітіріп, агроном атанады. Жас кезінде комсомол комитетінің бірінші хатшысы болып та еңбек етеді. Өмір жолында жиған білімі мықты маман етсе, ал өнерге деген таланты әнді сүйген, нағыз өнер адамы етеді. Гитарада ойнауды жетік меңгерген ол көпшіліктің көңілін әнмен серпілтті.

– Гитара адамдарды жақындастыратын, ішкі сезім мен эмоцияны жеткізетін аспап. Оны тіпті «кішкентай фортепьяно» деп те атайды. Музыка – менің өмірлік серігім. Бұрын спортпен шұғылданатын едім, алайда уақыт өте келе музыка бірінші орынға шықты. Қазір зейнеттемін, бос уақытымды толығымен музыкаға арнаймын. Көпшіліктің көңілі үшін, болашақ ұрпақ үшін де шығармалар жазып жүрмін. Абай Құнанбаев, Сәкен Сейфуллин, басқа да ақын-жазушылардың шығармаларын насихаттап келемін. Мұра қалдыру – басты арманым, – дейді өмірін өнермен байланыстырған талантты азамат.

Құмарбек гитараны қолына 16 жасында ұстаған. Бұл аспапты өз қаржысына сатып алыпты. Қандай салада қызмет етпесін, содан бері гитарасын жанынан тастаған емес. Әскерде жүргенде де әскерилердің ортасында ән шырқап, түрлі әуенді әуелеткен екен. Арада сәл үзіліс болғанымен немерелері дүниеге келген кезде музыкаға деген құштарлығы қайта оянып, ән мәтіндерін кітаптардан іздеп, оларды табу үшін арнайы кітапханаға баратын болған. Немерелері есейгенде оларға да гитара үйретуді қолға алыпты.

– Музыка менің жанымда бала кезден келе жатыр. Есімде, әкем велосипед үстінде отырып, аккордеон тартатын. Сол кезден бастап жүрегімде музыкаға деген құмарлық пайда болды. Мен гитарада ойнауды өз бетімше үйрендім. «Дос-Мұқасан», «Әнші гитаралар», «Песняры», «Битлз» ансамбльдері орындаған әндерге ерекше құмарттым. Кейін қазақ және орыс ақындарының өлеңдеріне ән жазуға көштім, – дейді Құмарбек Садықов.

Кейіпкеріміздің отбасы да музыкадан алыс емес. Зайыбы мен өзі Ленинградтағы Гнесиндер атындағы консерваторияны тамамдаған. Үлкен қызы – симфониялық оркестрдің дирижері, ал кіші қызы арфа аспабында ойнайды.

Құмарбек Құдайбергенұлының әндерінің тақырыбы – махаббат, Отан, өмір туралы. Көбіне қазақша, орысша екі тілде шырқалып жүр. Болашақта шығармашыл тұлғаның әндерін ел жаттап, халықтық туындыға айналдырары шындық.

Медет ЖҰМАБАЙ

Қатысты жаңалықтар

«Жетісу» басты қарсыласынан басым түсті

«Жетісу» басты қарсыласынан басым түсті

05.03.2026
Бейбіт Исабаев «Жетісу» волейбол ерлер командасының ұжымымен кездесті

Бейбіт Исабаев «Жетісу» волейбол ерлер командасының ұжымымен кездесті

05.03.2026
Экотуризм: Ұлттық парктер мен қонақ үйлер жаңа деңгейге көтерілді

Экотуризм: Ұлттық парктер мен қонақ үйлер жаңа деңгейге көтерілді

05.03.2026
Жетісуда 8 Наурыз қалай тойланады

Жетісуда 8 Наурыз қалай тойланады

05.03.2026
Су тасқынына дайындық: Олжас Бектенов Төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық жедел штабтың отырысын өткізді

Су тасқынына дайындық: Олжас Бектенов Төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық жедел штабтың отырысын өткізді

05.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.