Талдықорған: +15°C
$ 448.98
€ 502.45
₽ 5.45
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ПАНДЕМИЯ КЕЗІНДЕ БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТҚАН АНАЛАРҒА АЛҒЫС ХАТ ТАБЫСТАЛДЫ

5 қазан 2020
РУХАНИЯТ
ПАНДЕМИЯ КЕЗІНДЕ БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТҚАН АНАЛАРҒА АЛҒЫС ХАТ ТАБЫСТАЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Ұлтымыздың өткен тарихына көз жіберсек, оның талай қиын кезеңді бастан кешіргенін анық байқаймыз. Міне, осындай тағдырдың талқысына түскен дәуірде халқымыз өзінің сабырлылығы, парасаттылығы, қажыр-қайраты, өрелі өміршеңдігі, күшті ерік-жігерімен бүгінгі күнге аман-есен жетіп, әлем елдерінің алдыңғы шоғырынан көрінуде.

Осындай үлкен жетістікке жетуімізде қазыналы қарттардың орны мен рөлі де ерекше. Олар сонау мыңжылдықтар бедерінде елге тұтқа болған, билікке араласып, талай келелі мәселеде кесім айтқан, шешім шығарған даналардың жалғасы іспетті. Бүгінде сол ділмарлар даңғылымен жүріп, қоғамдық жұмыстарға белсене араласқандардың дені Ардагерлер ұйымының мүшелері.

Сол қатарда Талдықорған қалалық ардагерлер ұйымының жанынан құрылған «Мұрагер» аймақтық ардагерлер кеңесінің атқарған шаруасы көп. Әсіресе, олар қала мектептептеріндегі балалардың ата-баба дәстүрін ұстанып, келешекте кемел ойлы азамат болып шығуы жолында барынша еңбек етіп келеді. Биылғы пандемия жағдайында да жұмысын онлайн форматқа көшіріп, дәстүрлі тәрбие бағытынан жаңылған жоқ.

Айта кетерлігі, «Мұрагер» аймақтық ардагерлер кеңесінің төрайымы Фаруза Байысова өзінің ұзақ жылдық тәжірибесі мен бар білгенін жастарға үйретуден жалықпайтын жан. Өткенде аталған ұйым қаламыздағы белсенді ардагер аналардың басын қосып, биылғы атқарған жұмысының есебін шығарды.

Онда ұрпақ болашағы үшін істелетін жұмыстардың реті сөз болып, биылғы қиын жағдайда өз бағдарламаларын сәтті орындау жолдарын таныстырды. Бір жағынан отбасы тәрбиесіне ерекше ден қойып, бос уақыты болғанда ұйым жұмысына атсалысып, көрегендік танытқан аналарға Алғыс хат тапсырылып, сый-сияпат көрсетілді. Ал шараға қатысқан облыстық және қалалық ардагерлер ұйымының өкілдері Фаруза Байысованың еңбегін елеген ұйым төрағалары атынан алғыс айтып, марапат табыстады.

«Араздасып ағайын кетер еді,

Бір қария болмаса бір ауылда», – деп Мұқағали ақын жырлағандай, қашанда алысты жақындатып, жақынның берекесін нығайтқан ардегерлердің игілікті ісіне біз де тәнті болдық.

Қажет АНДАС

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Бүгін, 17:22
Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Бүгін, 17:15
Қаратал жұмысы қарқынды

Қаратал жұмысы қарқынды

Бүгін, 16:45
«Әділет» партиясы су үнемдеу технологияларын қолдану көлемін арттырады

«Әділет» партиясы су үнемдеу технологияларын қолдану көлемін арттырады

Бүгін, 15:55
Текеліде тұрмыстық инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары жүргізілуде

Текеліде тұрмыстық инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары жүргізілуде

Бүгін, 13:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.