Талдықорған: -7°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ПАНДЕМИЯ КЕЗІНДЕГІ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ: ОЙ, ТҮЙІН, МӘСЕЛЕ

19.04.2020
РУХАНИЯТ
ПАНДЕМИЯ КЕЗІНДЕГІ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ: ОЙ, ТҮЙІН, МӘСЕЛЕ
WhatsAppTelegramFacebook

Қашықтықтан оқыту – аудиторияда оқытушымен тікелей өткізілетін сабаққа қатыспайтын студенттерге бағытталған оқыту жүйесі. Бүкіл әлемді дүр сілкіндірген коронавирус (COVID-19) пандемиясына байланысты жаппай карантин шараларының енгізілуі барлық деңгейдегі білім беру жүйелерін осы қашықтықтан оқытуға алып келді.

Қашықтықтан білім беру әлеуметтік құбылыс ретінде қазіргі әлемде пайда болды, бар және белсенді дамып келеді. Тек аудиторияда ғана емес, адамдарды  алыстан басқара отырып оқытуды ұйымдастыруға ұмтылу бұрыннан бар. Оның тарихына үңіліп көрелік.

Алғашқы қашықтықтан білім беру курсының негізін салушы – Исаак Питман. Ол 1840 жылдан бастап пошта жөнелтімдері арқылы Біріккен Корольдіктегі студенттерді стенографиямен оқыта бастады. ХІХ ғасырдың 50-ші жылдарында Германияда ересек адамдарды тілге үйрететін «оқытатын хаттар» пайда болды. Оларды Густав Лангеншайдт жариялады. 1836 жылы Ұлыбританияда Лондон университеті ашылған тұста студенттердің  қашықтықтан білім алатын мүмкіндігі болды. ХІХ ғасырдың 70-жылдары Америкада Анна Элиот Тикнор «Үйден оқытуды қолдау қоғамы» атты ағылшын бағдарламасын негізге ала отырып қашықтықтан оқытуды ұйымдастырды.

Австралияда 1914 жылы  мектептен алыс тұратын кіші сынып оқушылары үшін сырттай мектеп ұйымдастырылды. Осыған ұқсас жүйе Канада мен Жаңа Зеландиядағы студенттер үшін қолданыла бастады. 1938 жылы Ұлыбританияда пошта арқылы білім беру бойынша Халықаралық Кеңестің бірінші съезі өтті. 1939 жылы  Францияда күндізгі мектепте оқу мүмкіндігі жоқ балаларды пошта арқылы оқыту үшін қашықтықтан оқыту мемлекеттік орталығы құрылды. Бүгінгі таңда бұл орталық  Европадағы қашықтықтан оқитын ең ірі оқу орны болып отыр.

1969 жылы Ұлыбритания Ашық университетінің негізінің қалануы қашықтықтан білім беру жүйесіне елеулі әсер етті: Европа мен Азияның бірқатар елдерінде қашықтықтағы оқыту пайда болды: Испанияда (1972), Пәкістанда (1974), Тайландта (1978), Кореяда (1982), Индонезияда (1984), Индияда (1985) деп жалғаса береді. ХХ ғасырдың 60-жылдарына қарай КСРО-да 11 сырттай университет және бірақатар ЖОО-да көптеген сырттай факультеттер болды.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін КСРО-ның бұл әрекеті Орталық және Шығыс Европаның басқа да елдеріне үлгі болды. Ресейдегі қашықтықтан білім беруді ресми дамыту 1997 жылдың мамырынан басталды деп санауға болады.

Қазақстанда қашықтықтан оқыту технологиясы (ҚОТ) жоғары білім беру және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында 2000-шы жылдардың ортасынан қолданыла бастады. Қазір Білім және ғылым министрлігінің мәліметіне сәйкес, бұл технология еліміздегі 130 жоғары оқу орнының (ЖОО) 71-нде бар (https://informburo.kz/).

Сонымен, қашықтықтан білім беру тарихын талдай отырып, оның  дамуының үш сатысын атап өтуге болады.  Қашықтықтан білім алған «бірінші буынның» пайдаланған құралдары қолмен жазылды және баспа материалдары болды. XIX ғасырдың ортасынан бастап темір жолдар мен пошта арқылы оқу материалдары көп студенттерге жеткізілді.

1969 жылғы Ұлыбританияда ашық университеттің пайда болуы «екінші буынның» басталғандығын көрсетеді. Студенттерді тек басылған  материалдармен ғана оқытып қоймай, енді радио және теледидар хабарлары арқылы да білім беру жүзеге асырылды.

Қашықтықтан білім берудің «үшінші буыны» ақпараттық және  коммуникациялық технологияларды белсенді пайдалануға бағыттылды, ол синхронды, яғни бір уақыттағы бейне-конференциялар және асинхронды режімде, яғни «бір уақытта емес» — электрондық поштаны, Интернетті немесе телеконференцияларды пайдалана отырып екі жақты байланысқа негізделді.

Қашықтықтан білім берудің тарихына көз жүгірте отырып, ғылым мен техниканың дамуына орай оның да қарыштап дамып келе жатқанын байқауға болады.

Коронавирус (COVID-19) ауруының пандемиясына байланысты жанияланған карантинге орай еліміз қашықтықтан білім алу жүйесіне көшті. Өз тәжірибеміздегі қашықтықтан білім алудың артықшылықтары мен тиімсіз тұстары қандай? Тиімді тұсы, әрбір студенттің өзінің қарқынына сай білім алу мүмкіндігінің болуы.

Қашықтықтан білім алушы студент өзінің қатарынан қалып қалам ба деп қобалжымайды. Күрделі тақырыптарға қайта оралып немесе өзінің түсінбеген тұстарын бейне-дәрістен өз қалауымен бірнеше рет қайта қарап шығуға мүмкіндік болады. Ал, өзіне түсінуге жеңіл тақырыптарды үстірт шолып шықса да болады. Тиімсіздігі, қашықтықтан оқыту студенттің виртуалды коммуникацияға түсуін талап етеді. Студенттердің барлығы мұндай қатысымға психологиялық тұрғыда дайын бола бермейді. Келесі кедергі – студенттің әлеуметтік оқшаулануы. Әр студент жеке дара қашықтықтан оқитындықтан, ол өзінің оқшаулануын сезінеді. Бұл оның психологиялық жай-күйіне әсер етуі мүмкін.

Белең алған жағдайға байланысты біз бұл жүйемен бір-ақ күнде бетпе-бет келдік. Әрине, туындаған мәселелер баршылық. Атап айтатын болсақ, барлық студенттердің бірдей интернет желісіне қосыла алмауы. Алыс шалғайдағы ауылдардың өзін айтпағанда, қала іргесіндегі ауылдарда интернет желісі нашар немесе ұстамайды. Ал интернет ұстаса, қолдарында пайдаланатын құрылғылары жоқ. Бұл мемлекеттік деңгейде шешілуі тиіс мәселе. Сондай-ақ, білім беруде тиімді деген zoom, cisco webex сияқты бірнеше платформаларды  пайдаландық. Алдағы уақытта осындай бағдарламалардың жұмыс жасау алгоритмін үйрететін курстар болуы керек.

Қазақстандық IT-мамандарды жұмылдырып, қашықтықтан оқытуда тиімді ұлттық платформаларды жетілдіру керек. Болашақ мектептің мұғалімдерін дайындайтын педагогикалық мамандықтарда қашықтықтан білім берудің әр пән бойынша әдістемесін үйрететін (сабақ жоспарындағы мақсаттар, сабақтың теориялық тұсының берілуі, тапсырмаларды дайындау ерекшелігі, оқушыға берілетін кері байланыстың формалары) таңдау курстарын немесе әдістемелік пәндердің күнтізбелік-тақырыптық жоспарына тақырыптар енгізу керек.

Мәмиля ЖАҚЫПБЕКОВА,

І.Жансүгіров атындағы ЖМУ қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының қауымдастырылған профессоры,

филология ғылымдарының кандидаты

Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

«Жарымжан жарнама»: Мағынасыз маңдайша

«Жарымжан жарнама»: Мағынасыз маңдайша

08.02.2026
Футбол: «Жетісу» Түркияда жаттығуда

Футбол: «Жетісу» Түркияда жаттығуда

08.02.2026
Алакөл ауданында асыл тұқымды қой шаруашылығы құрылмақ

Алакөл ауданында асыл тұқымды қой шаруашылығы құрылмақ

08.02.2026
Жаркенттік кәсіпкер қой жүнін кәдеге жаратуда

Жаркенттік кәсіпкер қой жүнін кәдеге жаратуда

08.02.2026
Мемлекет және қоғам қайраткері Наурыз Қылышбаев 85 жаста

Мемлекет және қоғам қайраткері Наурыз Қылышбаев 85 жаста

08.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.