Талдықорған: +2°C
$ 493.36
€ 572.84
₽ 6.29
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Қайда сол жаз? (Новелла)

03.08.2025
РУХАНИЯТ
Қайда сол жаз? (Новелла)

pinterest.com

WhatsAppTelegramFacebook
Тамыз айы. Мұқағали ақынның «Август – месяц священный» дегеніне саяқ. Мұзбалақ «тамызды тамаша айға» теңейді. Ал мен үшін ол сағыныш айы. Өткен күндердің бәрі сағыныш болып қалады емес пе?! Менің айтпағым, сол жылдардағы сағыныштың табы қалған тамыз жайлы. Жо-жо-жоқ! «Алтайдың ар жағынан» келген ару туралы.
Қыз Моңғолияның «Бай-Өлкесінен» (Баян- Өлгий) келіп, журналистика факультетінің 1-курсына жаңа қабылданған. Керейдің қызы. Басқа балалар секілді қыркүйек болмай жатақханада жайғасып алу үшін ертерек келген болуы керек. Жаңа келген қызға қырғидай тиген жігіт – жетісулық  «жас ақын». Ол кезде жас классиктердің бәрі «Есенғалишыл» болатын. Олар арагідік жатақхада бас қосып Раушанов жазған жырды жапа-тармағай жатқа оқитын. Жігіттің әлі есінде, оқу басталуына он күн қалғанда Өскемендегі Пушкин атындағы кітапханада жиын өтетін болды. Мекеме қызметкерлерінің негізгі мақсаты – жалындап тұрған жас «бөрілермен» танысып, ішіндегі өнерге жақындарын байқап «байлап» алу. Сөйтіп, аталған шарада университеттің студенттері мен кітапхананың болашақ белсенділері өзара танысып, жаңағы айтқан жас классиктердің бұрын-соңды ешбір жерде оқылмаған өлеңдерін ортаға салды. Сол кездесуде «атажұртына ат басын бұрған ару да» болды.
Жігіт болса ортаға шығып  Ауыл  туралы қайдағы жоқ бір өлең оқып, жиналғандарға қол соқтыра алмай, екінші өлеңді Есенғалидан бастап:
– Тамыз келді от құшақ, ыстық ерін,
Бір періште аспаннан түсті керім,  – деп көзін ортада отырған «Алтайдың аруына» қадады. Қыз көзін төмен тастап жымиды.
– Ұшты менің құстарым бұлттан әрі,
Жусаннан да аласа міскін едім.
Мына қала, мына жұрт, мына маңда,
(Құдайым-ау, қалаң не, бұ ғаламда),
Сонша бақыт, осынша нөпір бақыт,
Көп емес пе, расында, бір адамға?..
Қыз мұның Есенғалидың  өлеңі екенін білмей қалды. Жастардың жиыны аяқталып, қыз бен жігіт Өскемендегі Потанин  көшесімен келе жатты.
– Өлеңді әдемі оқиды екенсіз, – деді қыз. – Бас жағын қайтадан қайталап жібересіз бе?
– Тамыз келді от құшақ, ыстық ерін,
Бір періште аспаннан түсті керім…
Қыз өзін тағы «періштеге» теңегенге қуанды.
– Өзіңіз жазғансыз ба?
– Сенбейсің бе! 
– Жоқ, сенемін.
– Кеше ғана сені ойлап жаздым. Аспаннан түскен періштемдей аяқасты жолықтың. Шыны керек, сен маған қатты ұнап қалдың.  Керек десең бұдан да тамаша туындыларым бар, – деп жігіт бөсті.
– Оқып беріңізші…
– Жә, бүгінге осы да жетпей ме? 
–Х-м-м…Жарайды, – деп қыз бұртиып жатақханасына жалғыз кетіп қалды.
Жігіт ертесінен бастап ерке қызды ойлап Ертіс жағалауды шығарды. Қолы қалт етсе сұлу қызды серуенге шақырып, жатақхананың жанында тұратын болды. Содан соң «Самал» саябағында кешкі сейіл құрып, сергіп қайтатын-ды. Жол бойында «Место для курения» дегенге тоқтап, жігіт болып қалғансып шылымын шығарып, тұтандыратын.
– Темекі тартпасаңызшы, жап-жас болып өкпеңізден не қалды?
– Енді сен қалдың маған ұрысатын!
– Өзіңіз үшін ғой…Нем кетеді менің?
– Мақұл, мақұл. Міне, тастадым – деп темекісін табанымен мыжып, қоқысқа лақтырмай кетті.
Тамыздың аяғы. Оқу әлі басталған жоқ. Екеуі күнде кешкі салқынмен осылай жүріп қайтатын. Сыр шертісіп, тіпті болашаққа құрып қойған жоспарлары болатын. Бір күні осындай күн батқан уақытта қыз Студенттер үйінің алдында ауырсынып отыр екен. Жігіт жанына келіп:
– Жаным-ау, не болды саған?
– Ештеңе.
– Жылағаны несі? Қой, жамандық шақырма, келе ғой!, – деп құшағына басты.
– Өне-бойым дірілдеп, барлық жерім 
ауырып тұр.
– Жүр онда ауруханаға.
– Жоқ, ешқайда да бармаймын.
– Қырсығым сол, онда сенің қасыңда қалам.
– Таң атқанша ма?
– Мәңгілік.
Қыз жылағанын қойып, үнсіз жымиып:
– Балмұздақ жегім келеді, – деді, – Арзаны болса да болады.
– Сен үшін ең қымбатын әкелемін.
Жігіт дүкенге барып, «Мишка» пломбирінен екеу алып, қызға келіп:
– Жүрші, жаным, қыдырайық, 
неғыласың жалғыз қап,
Алатаудың ақ қарынан әперейін балмұздақ, – деп Жұмекеннің өлеңін өзімдікі деп соқты.
Қыз кішкене тәуір болып, көңіл-күйі көтерілген, соң ішке, яғни бөлмесіне кіріп кетті.  Ал жігіт қыздың әтірінің иісі көк жейдесінен жұпар аңқыған күйде оны жылағанында қалай жұбатқанын ойлап, өз-өзімен бақытты болып тұр.
Ертесі кешке тағы да жігіт қыздың жатақханасын аңдып, «аруын» алдынан тосып алды.
– Бүгін көп жүрмей, ертерек қайтайықшы, – деді қыз жолыққан беті, – Жолға дайындалуым керек.
Жігіттің жүрегі қатты соғып кетті.
– Қайда кетпексің? Тыныштық па?
– Ауруым асқынып бара жатқан сияқты. Арғы беттегі әке-шешем елге қайт деп жатыр. Олардың да жағдайы мәз емес көрінеді. Оқу болса жайына қалатын болды. Бүгін күні бойы жүріп тапсырған құжаттарымды түгелдей қайта жинап алдым. Ертең жолға шығамын.
Жігіт болса тіл қатпай қалды.
– Дүние орнында тұрса, жолығамыз ғой әлі талай, – деді қыз сендіріп, – Сіз тек темекіні тастаңыз. Әйтпесе, ұрса беремін!
– Мен мына жаңалығыңнан кейін тіпті көбірек тартпасам! 
– Мені екі дүниеде де ұмытпайсыз ғой, иә? 
– Ұмытпаймын.
– Сөз беріңізші!
– Сөз беремін!, – деді жігіт жанарының алдында сағым бұлдырап.
…Таң бозарып атпай тұрып алды. Жігіт оянса сыртта жаңбыр шелектеп құйып тұр екен. Уақытқа қараса 07. 46. Жеңіл киініп, далаға шыққан беті шылымын тұтатып шегіп тұр еді.
– Айттым ғой сізге шылымды шекпеңіз деп, – деген дауыс естілді, – Шығарып салмайсыз ба мені?! Жарты сағаттан асты сізді күтіп тұрмын, шығатын шығар деп…
Қыздың сүйреткені ауыр екі чемодан. Бір-бірінің жанына жақындай келіп, қимастық күйінде біреуі қалуға ұмтылып, екінші кетпеші деуге оқталып, жауын астында ұзақ қоштасты. Бір уақытта қыз:
– Әлгі өлеңді қайта оқып беріңізші, – деді.
Жігіт қыздың шиедей ерініне қарап тұрып:
– Тамыз келді от құшақ, ыстық ерін,
Бір періште аспаннан түсті керім,
Ұшты менің құстарым бұлттан әрі,
Жусаннан да аласа міскін едім.
Мына қала, мына жұрт, мына маңда,
(Құдайым-ау, қалаң не, бұ ғаламда),
Сонша бақыт, осынша нөпір бақыт,
Көп емес пе, расында, бір адамға.
Қарашы, әлем сөйлеп тұр жыр тілінде,
Көрінбейді Алатау бұлты мүлде.
Түс болса егер бұл күндер, оянбалық,
Өңің болса, өтінем, кірпік ілме.
Керім Ай кеп қонып тұр керегеме,
Қайта жанды көп жұлдыз сөне бере.
Мұның бәрі өтірік. Қайда сол жаз?
Қайда? Неге, неге жоқ?
Неге? Неге?
– Сіз өлеңді әдемі оқисыз. 
– Сен үшін ғой.
–Өлеңді өзіңіз жаздыңыз ғой, иә?
– Сенбейсің бе!
– Сенемін…
Біраздан соң бір көлік келіп, қызды еліне алып кетті…
Жігіт болса жаңбырға малынып, жанарындағы жасын жасырған күйде жатақханаға кіріп кетті.
Міне, тағы сол сарша тамыз келе жатыр. Бәрінен бұрын Есенғалидан ұят болды.
Санжар СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

«Жетісу» басты қарсыласынан басым түсті

«Жетісу» басты қарсыласынан басым түсті

05.03.2026
Бейбіт Исабаев «Жетісу» волейбол ерлер командасының ұжымымен кездесті

Бейбіт Исабаев «Жетісу» волейбол ерлер командасының ұжымымен кездесті

05.03.2026
Экотуризм: Ұлттық парктер мен қонақ үйлер жаңа деңгейге көтерілді

Экотуризм: Ұлттық парктер мен қонақ үйлер жаңа деңгейге көтерілді

05.03.2026
Жетісуда 8 Наурыз қалай тойланады

Жетісуда 8 Наурыз қалай тойланады

05.03.2026
Су тасқынына дайындық: Олжас Бектенов Төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық жедел штабтың отырысын өткізді

Су тасқынына дайындық: Олжас Бектенов Төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық жедел штабтың отырысын өткізді

05.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.