Талдықорған: +1°C
$ 495.10
€ 583.72
₽ 6.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

«ӘР ОҚЫРМАН ҚЫМБАТ»: ГАЗЕТ ЖУРНАЛИСТЕРІ ҚАПШАҒАЙ ҚАЛАСЫНА КЕЛДІ

13.11.2019
РУХАНИЯТ
"ӘР ОҚЫРМАН ҚЫМБАТ": ГАЗЕТ ЖУРНАЛИСТЕРІ ҚАПШАҒАЙ ҚАЛАСЫНА КЕЛДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облыстық  «Жетісу», «Огни Алатау» газеттері бас редакторларының орынбасарлары Нүсіпбай Әбдірахым мен Хасан Еспанов Қапшағай қаласына ат басын бұрды. Қала әкімдігінде әкім аппаратының басшысы Жандос Тұрысбеков қарсы алып, жергілікті ішкі саясат, пошта, аурухана, білім, спорт және туризм бөлімдерінің бас мамандары мен қалалық газеттің бас редакторы, Шеңгелді, Заречный ауылдарының әкімдері бас қосқан «дөңгелек үстелде» баспасөзге қатысты әңгіме өрбіді.

Аға басылым «Жетісу» газетінің атынан келіп отырған  Нүсіпбай  Додабайұлы еліміздің аймағында күнделікті болып жатқан ақпарат ағынын жеткізіп, руханият тамырына нәр берер мақалалар жариялап отырған басылымның құндылығына тоқталып, оның әр кейіпкері аймақтағы өз замандастарымыз екенін айтты. «Мәселен, марафоншы Төрехан ағамыз жайлы айта кетуге болады. Ол кісі газетіміздің тұрақты оқырманы, көнекөз қариясы. Сол себепті де біз үшін өңірдегі әрбір  оқырманымыз қымбат», – деді ол.

Жандос Мұхамметқалиұлы Жетісу өңірінің тыныс-тіршілігін, жай-күйін, жеңісі мен жетістігін жан-жақты жазып отыратын облыстық қос газеттің маңыздылығына тоқталып, бұл басылымдарға жазылудың жылдағы игі  дәстүрге айналған шаруа екенін айтты. Өз кезегінде «Елу жылда ел жаңа, жүз жылда қазан» демекші, Қапшағай қаласының келер жылы 50 жылдық мерейтойы өтетінін, бұл атаулы күнге қала әкімі Талғат Қайнарбековтың тапсырмасымен дайындықтың қызу жүріп жатқанын, қаланың тұрақты дамуы мен көркеюі жолында атқарылып жатқан қомақты шаруаларды әңгімелеп берді. Бұл ретте айта кету керек, шағын және орта бизнес қанат жайып, өндірісі өркендеген қала көшелерінің жолы жаңартылып, шағынаудандарда тұрғын үйлердің алды реттеліп, балаларға арналған ойын, футбол алаңдары салынып жатқаны мәлім. Қала жағажайы көркейтіліп, демалыс орны жүйеленгелі жазғы шомылу науқанында халық санының да арта түскені белгілі.

Әкімдік тарапынан елу жылдық мерейтойға орай өткізіліп жатқан игі шараларды жариялап отырсаңыздар деген де тілек, ұсыныс айтылды. Ал екі басылымның қаладағы көзі қарақты оқырмандары білім саласы бойынша ұстаздар мен аурухана қызметкерлері екенін айтып, әрқашан қолдау білдіретіндіктерін жеткізді. Бұдан әрі газет басшылары қаладағы күн электрстансысына арнайы барды.

* * *

Қапшағайда елімізді озық отыз мемлекеттің қатарына енгізуге арналған бағдарламалар табысты іске асуда. Бұл ретте баламалы қуат көзін өндіру, яғни күн, су, желден қуат алудың ең озық технологияларының іске қосылуын айтар едік.

Қаладағы алғашқы саналатын күн электрстансысы жайлы компания өкілі Нұрлан Жакин таныстырып, өндіріс аймағын көрсетті.

Соның бірі — «Samruk-Green Energy» ЖШС қазақстандық электр энергетикалық холдингтің негізінде құрылған қуаты 2 мВт болатын «Самұрық-Энерго» АҚ-ның құрамындағы күн электрстансысы. Бұл жерде электр энергиясын өндіру үшін арнайы 7995 фотоэлектрлі модульдер орнатылған. Күн панельдерінен тұрақты электр тоғын ауыспалы тоққа айналдыру үшін КЭС-та жүзден аса инверторлар қолданылады.

Бұл жоба өнеркәсіптік ауқымда электр энергиясын жинақтау технологияларын пайдаланудағы алғашқы ізашар болды. Жаңартылатын энергия көздерін желіге біріктіру, энергиямен жабдықтау сапасын жақсарту, дәстүрлі энергия көздерінің қоршаған ортаға тигізетін теріс әсерін төмендету инновациялық шешім болып табылды. Бұл жобаны еліміздің «жасыл экономикаға» көшуінің алғашқы қарлығашы деп те айтады. Стансының бұл күнде көлемі ұлғайып отыр. Өндірілген қуат көзі бір мезгілде орта есеппен санағанда 500-ге жуық үйді электр энергиясымен қамти алады.

Мақпал МЫСА

Қапшағай қаласы

Қатысты жаңалықтар

Алты елдің парапланшылары Жетісу көгінде самғады

Алты елдің парапланшылары Жетісу көгінде самғады

05.02.2026
 Негізгі заңға әйелдер көзқарасы: «AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты жаңа Конституция жобасын әзірлеуге атсалысуда

 Негізгі заңға әйелдер көзқарасы: «AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты жаңа Конституция жобасын әзірлеуге атсалысуда

05.02.2026
Жаңа Конституция жобасы: Бас Прокуратура 18-бапты нақтылауды ұсынды

Жаңа Конституция жобасы: Бас Прокуратура 18-бапты нақтылауды ұсынды

05.02.2026
Айдарбек Қожаназаров жаңа Конституцияда ұлттық валюта теңгені бекітуді ұсынды

Айдарбек Қожаназаров жаңа Конституцияда ұлттық валюта теңгені бекітуді ұсынды

05.02.2026
Жетісу облысында ауылдық жерде тағы бір медициналық нысан пайдалануға берілді

Жетісу облысында ауылдық жерде тағы бір медициналық нысан пайдалануға берілді

05.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.