Талдықорған: -2°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

РАЙЫМБЕК АУДАНЫНДА БИБІГҮЛДЕН АУМАЙТЫН ӘНШІ ТҰРАДЫ

08.03.2020
РУХАНИЯТ
РАЙЫМБЕК АУДАНЫНДА БИБІГҮЛДЕН АУМАЙТЫН ӘНШІ ТҰРАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Үлкен сахна төрінде композитор Жоламан Тұрсынбаевтың әйгілі «Қыз Қарағай» әні орындалып жатыр. Жұрттың назары әні мен сәні жарасқан бұлбұл әншіге ғана ауған. Баяулап басталған ән бірте-бірте шырқай көтерілген тұста әнге елітіп отырған көрермен  дүркірете қол соқты. Алдарында шын мәнінде КСРО  және Қазақстанның Халық әртісі Бибігүл Төлегенованың өзі тұрғандай. Жүректерін сырлы да нұрлы ән баураған халық әншіні оңайлықпен жібере қойған жоқ. Бұдан кейін «Гауһартас», Л.Хамидидің «Бұлбұлы», Үкілі Ыбырайдың «Гәккуі» кезек-кезек шырқалып, ел ішіндегі қарапайым әншінің биік өнеріне лайықты бағаларын беріп жатты.

Біз сөз етіп отырған әнші – Гүлшат Базарбекова Райымбек ауданындағы Қайнар деп аталатын қастерлі ауылда тұрады. Қарапайым ұстаз. Ең негізі, халқымыздың аялап ұстар әншілік өнерін де серік еткен жан. Аспантаулар өлкесінің мерейлі қуаныштарында, іргелі тойларында «Гәккудей» әнімен, аққудай сәнімен, Жібектей келбетімен жұрт назарын аудара, сахна төрін нұрландырып жатады. Өңір тұрғындарының бәрі Гүлшатты жақсы таниды. Ешкімге жалын ұстата бермес дара өнерін орнымен бағалайды. Ұлтымыздың әншілік өнерін жоғары қоятын халқымыз Гүлшаттың әніне ғашық, үніне ықылас-пейілді. Сондай бір жайдары шақтарда алыстан ат арылтып келіп, үлкен қуанышқа ортақтасып жатқан қадірменді қонақтар қазақтың бұлбұлы атанған Бибігүлден аумайтын Гүлшаттай әншінің хас өнеріне тәнті болып жатады. Бұл – әннің құдіреті, әншілік өнердің шапағаты.

Гүлшат – Жамбыл ауданының тумасы. Асқар таудай әкесі Оспан мен сүйікті анасы Мейрамхан қарапайым малшы болған. Құлдыраңдаған балалық шағы киелі топырақта өтті. Интернаттың дәмін татты. Кейін ата-анасы Райымбек ауданындағы Қызылшегара ауылына қоныс аударған. Кішкентай кезінен ән айтуға ықыласты болды. Мектептегі тәрбие сағаттарында балғын дауысымен ән айтатын. Е.Хасанғалиевтің «Мұңайма» атты әнін айтатыны ойында қалыпты. Содан болар әнші болуды армандады. Жүрегі асқақ арманына толы қызға  ауыл клубында қойылған «Гауһартас» атты кино үлкен әсер еткен. Сүмбе ауылындағы Абай атындағы орта мектептің 10-сыныбын бітіргеннен кейін бір жылдан соң «Жас таланттарды іздейміз» атты байқау болады.

Байқау туралы естіген Гүлшаттың мазасы болмады. Қайткен күнде де сол байқауға қатысуды жанымен қалады. Бұл іргелі шара Алматы қаласындағы Абай атындағы опера және балет театрының жанына құрылған ән-хор студиясында өтті. Өндірдей жастармен бірге Гүлшат та өнерін ортаға салды. Алғаш рет үлкен додаға түсуі ғой. Ақша жүзі албырай, толқи, тебірене әндерін орындады. Байқаудың қорытындысымен жүрегі ән деп соққан, көңілі ән деп алып-ұшқан бойжеткен аталған студиядағы Бибігүл Төлегенованың класына қабылданды. Сол сәттегі қуанышы тілмен айтып жеткізгісіз еді. Балғын көңілі асқар Алатаудан асқақ Хантәңіріні шарлап кеткен. Ұлтымыздың мақтанышы, халқымыздың біртуар, атақты әрі сүйікті әншісі Бибігүл Төлегенованың класында 2 жыл оқыды. Әйгілі әншінің жүрекке жылы тиіп, құлаққа майдай жағатын жылы да жайдары үнін естіп, қолынан дәрісін алды. Студияны бітіргеннен кейін Қызылшегара орта мектебінде ән-музыка пәнінің мұғалімі болып еңбек жолын бастады.

Дегенмен, көкейінде әнші болсам деген бір ғана арманы бар қыз қарап жатпады. Алматы қаласындағы қазіргі Т.Жүргенов атындағы өнер академиясына құжаттарын өткізді. Жұмыс іздеп композитор Нұрғиса Тілендиевтің басшылығындағы «Отырар сазы» фольклорлық-этнографиялық оркестріне барды. Әйгілі композитордың сүйемелдеуімен «Гауһартасты» орындағанын ешқашан ұмытқан емес. Таланттарды тап басып танитын ұлы композитор Бибігүлдің тәлімін алған, әншілік өнерге талабы таудай қызды бір айдан кейін жұмысқа кел деп әкелік қамқорлығын көрсетті.

Көп ұзамай Қайнардай қасиетті ауылға келін болып түсіп, отау көтерген Гүлшат асқақ армандарынан көз жазып қалды. Дегенмен, өткен өміріне өкінбейді. 1984 жылдан Қайнар орта мектебінде ән-музыка пәнінен дәріс берді. Еңбектен қол үзбей жүріп Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының филология факультетін бітірді. Аталған білім ордасында балаларға қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен дәріс беріп келе жатқанына 35 жыл болды.

Біздің кейіпкеріміз өз ісінің білгірі, майталманы. ҚР Білім беру саласының үздігі, екі дүркін Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған. Жылдың үздік мұғалімі атанған. Облыстық үздік педагогтары байқауында 2-орынды иеленген. Талантты жас ақын Мақпал Мысадай шәкірті бар. Жаңыл Ермұхатова, Жансая Сабаншиева, Маржан Базарқұлова, Бекбол Көшкінов, Ақнұр Алтай, Айғаныш Меліс секілді шәкірттері Мақпалдың жолын жалғап, Қарасаз ауылында өтетін республикалық Мұқағали оқулары байқауында  жұлдыздарын жарқыратты.

Кейіпкеріміз жай ұстаз әрі әнші емес. Қазақ әдебиетінің шоқ жұлдыздарының шығармашылығынан орын алған жан. Бір жылдары Нарынқол өңіріне әйгілі Ғафу Қайырбеков, Бек Тоғысбаев, Аманжол Шамкенов қонаққа келген екен. Сонда құрметті қонақтардың алдында Гүлшат халық әні «Гауһартасты» орындаған. Кейін Ғ.Қайырбеков сол кездегі «Лениншіл жас» газетіне «Нарынқол – Байынқол» атты поэмасын жариялады. Ел мен жер туралы сол туындыда  Гүлшаттың аты, жүрекке ұялаған әні орын алып қалды.

Аялар сол әуеннің нұр-шапағы,
Тамылжып Тәңіртаудың 
тұрса таңы.
Жарықты жанымдағы 
жарқыратқан,
Қалыпты құлағымда Гүлшат әні
, – дейді белгілі ақын шын көңілімен. Мұның бәрі өткен күндерінің ұмытылмас сәттері.

Шәкірттерінің қымбатты ұстазына, Аспантаулар өлкесінің, жерлестерінің мақтанышына айналған Гүлшат жұбайы Алтаймен 3 қыз, 1 ұлын дүниеге әкелген, тәрбиелеген, қанаттандырған асыл ана. Келін түсіріп, немересін сүйген ардақты әже.

Бақыт деген осы. Өмірдің шаттығы деген осы. Ұстаздық  ісіңмен, жүректі тербетіп, көңілді өрлеткен әсем де шуақты әндеріңмен жүре бер, Гүлшат!

Қанат БІРЖАНСАЛ

Райымбек ауданы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Ғылым, инновация және мәдениет: Айгүл Сәдуақасова неге бұл құндылықтар Конституцияның негізін құрайтынын айтты

Ғылым, инновация және мәдениет: Айгүл Сәдуақасова неге бұл құндылықтар Конституцияның негізін құрайтынын айтты

07.02.2026
Жетісуда жылдық жоспар бекітілді

Жетісуда жылдық жоспар бекітілді

07.02.2026
Жаңа Конституция биліктің тұрақты және түсінікті моделін орнатады – Ольга Перепечина

Жаңа Конституция биліктің тұрақты және түсінікті моделін орнатады – Ольга Перепечина

07.02.2026
Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

07.02.2026
Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту туралы ұсыныс қолдау тапты – Бақыт Нұрмұханов

Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту туралы ұсыныс қолдау тапты – Бақыт Нұрмұханов

07.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.