Талдықорған: +15°C
$ 443.96
€ 487.73
₽ 5.38
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Рамазан – рухани кемелдену айы

18 ақпан 2026
РУХАНИЯТ
Рамазан  – рухани кемелдену айы

zakon.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Рамазан айы – мұсылман жұртшылығы асыға күтетін, жүрекке иман нұрын себетін ерекше кезең. Ол – тек белгілі бір уақыт аралығында тамақ пен судан тыйылу ғана емес, адамның жан дүниесін тазартып, рухани тұрғыдан жаңаратын айы.

 Ораза ұстау арқылы адам сабыр сақтауды, төзімді болуды үйренеді. Таң сәріден күн батқанға дейін ішіп-жеуден тыйылу нәпсіні тәрбиелеп, ерік-жігерді шыңдайды. Аштық пен шөлді сезіну арқылы адам өмірдің қадірін түсініп, барға шүкіршілік етеді. Сонымен қатар, мұқтаж жандардың хәлін тереңірек ұғына бастайды. Осылайша жүректе мейірім мен жанашырлық сезімі күшейеді.

Рамазан – қайырымдылық пен ізгіліктің айы.  Адамдар садақа беріп, жағдайы төмен отбасыларға көмектесуге, жетім-жесірге қол ұшын созуға тырысады. Қоғамда бауырмалдық артып, бірлік пен татулық нығая түседі. Адамдар бір-біріне кешіріммен қарап, өкпе-реніштерін ұмытуға талпынады. Сонымен қатар, Рамазан – рухани білімді арттыратын уақыт. Көпшілік бұл айда Құран оқып, дұға жасап, ғибадатқа көбірек көңіл бөледі. Әрбір жасалған игі іс пен айтылған жақсы сөздің сауабы еселенеді деп сенеді. Сондықтан әр адам өз мінез-құлқына назар аударып, жаман әдеттерден арылуға, жақсы қасиеттерді қалыптастыруға күш салады.

Ораза адамға уақыттың қадірін де үйретеді. Күнделікті тіршілікте мән берілмейтін қарапайым нығметтердің өзі ораза кезінде ерекше бағаланады. Бір жұтым судың, бір үзім нанның қадірі арта түседі. Ертең басталатын қасиетті айды ақ ниетпен, таза жүрекпен қарсы алайық. Әр күнімізді бос өткізбей, пайдалы істермен, игі амалдармен толықтыруға тырысайық. Жақындарымызға жылы сөз айтып, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетейік. Рамазан – тек ғибадат айы ғана емес, ол – адамгершілікті арттыратын, жүректі жұмсартатын, рухты биіктететін ай.

Қорытындылай келе, Рамазан – әр адамға өзін-өзі тәрбиелеуге, өткеніне есеп беріп, болашағына дұрыс бағыт алуға берілген үлкен мүмкіндік. Осы қасиетті ай әр шаңыраққа береке, әр жүрекке тыныштық, әр жанға сабыр мен қуаныш әкелсін.

                                                                        Фариза Мүшембай
ЖУ студенті

Қатысты жаңалықтар

Дрондар додасы:  мемлекеттік органдар арасында ауқымды жарыс өтті

Дрондар додасы: мемлекеттік органдар арасында ауқымды жарыс өтті

18 қараша 2026
Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына дайындық қарқынды жүргізілуде

Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына дайындық қарқынды жүргізілуде

18 қараша 2026
Ғылым министрлігі ҚазҰУ-да кешенді мониторинг жүргізеді

Ғылым министрлігі ҚазҰУ-да кешенді мониторинг жүргізеді

18 қараша 2026
Еңбек ұжымдарына Жолдау міндеттері түсіндірілді

Еңбек ұжымдарына Жолдау міндеттері түсіндірілді

18 қараша 2026
«Әділет» партиясы: Жетісуда мәдениет саласының инфрақұрылымы жаңарады

«Әділет» партиясы: Жетісуда мәдениет саласының инфрақұрылымы жаңарады

17 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.