Талдықорған: +8°C
$ 476.97
€ 562.59
₽ 6.27
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Сағындым, жұртым, бәріңді

14.04.2026
РУХАНИЯТ
Сағындым, жұртым, бәріңді

Жеңіс Ысқабай

WhatsAppTelegramFacebook
АУЫЛЫМ – АЛТЫН БЕСІГІМ

Сағындым туған ауылды,
Қырында жүріп мал баққан.
Сағындым жұртым бәріңді,
Қолыңнан талай дәм татқам.

Ауылым – ғажап жұмағым,
Өзіңсің көптің анасы.
Ауыл деп бастар ұранын,
Қазақтың әрбір баласы.

Сағындым ауыл тойларын,
Көкпарын тартып қыздырған.
Қуаныш кернеп бойларын,
Теңгесін іліп, қыз қуған.

Ауылым – құтты мекенім,
Өзіңнен өсіп нәр алғам.
Сағынып әр кез кетемін,
Жас тамар сонда жанардан.

Жүзінен нұры төгілген,
Сағындым ауыл қарттарын.
Ақ адал аппақ көңілмен,
Ұрпаққа берер тапқанын.

Ауылым – алтын бесігім,
Тербеткен сәби кезімнен.
Мәпелеп бағып өсірген,
Айналдым халқым өзіңнен.

БҮРКІТТІ ЖАЙЛАУЫ

Жеткенде бүркіттіге алаңдайсың,
Алдын ала жоспарлап бағамдайсың.
Жауын жауып кетсе егер аяқ асты,
Паналайтын ықты да таба алмайсың.

Бүркітті сондай биік ұшпада еді,
Біраз көшті кідіртіп ұстап еді.
Ысқырып қарлы бұршақ ұрған кезде,
Талай ешкі, қозы-лақ ұшқан еді.

Бүркітті үлкен асу, қайқаң белді,
Тексереді әуірелеп, байқап елді.
Барлығы жолы менен қиындығын,
Жаңғырықтай қайталап айта берді.

Өте қатты жауыны, бұршағы да,
Талай қалдық қарлы-боран құрсауында.
Бір суық жел азынап соғады ылғи,
Тоқтаусыз Ебі желіндей бір сарында.

Көп жүрдік бейнет көріп осы жолда,
Оңай емес жаз жайлау көші-қонда.
Қазақтай дарқан елім мың жасасын,
Тіге салып отыратын қосын жолға.

ҚОПАНЫҢ ШАТЫРБАЙЫ

Қалың тоғай құс тұмсығы батпайтын,
Жұмақ қой деп көрген адам мақтайтын.
Осы жердің қожайыны секілді,
Елік, қабан жортып шөбін таптайтын.
Мұндай жерде шынымен де тұру бақ,
Құстар дауысы тым әсерлі шуылдап.
Азанменен келген едік асығып,
Кеш те батты, уақыт шіркін зуылдап.

Құрақ-қамыс, шілік, жиде, тораңғы,
Аралайды құстар біткен соларды.
Жазда салқын көлеңкесін паналап,
Қыста сезбес қандай суық боранды.

Түлкі, қарсақ көрінеді алыстан,
Қояндар жүр ары-бері жарысқан.
Төңірекке көзді салып отырмын,
Секілді бір аң патшасы – арыстан.

Жиделерді піскен кезде көрсеңіз,
Бас бармақтай рас айтам, сенсеңіз.
Дәмі балдай, шырыны мол жегенде,
Көтеріліп қалар сөзсіз еңсеңіз.

ТАСБАҚА ТАУ

Табиғаттың біз білмейтін сыры көп,
Таңғалдырар ғажайыптың түрі көп.
Соның бірі – Тасбақа тау бүгінде,
Айтылады кереметтің бірі боп.

Қызылтастың тау жағында жоғары,
Жаяу барсаң, көлікпен де болады.
Таңдай қағып Тасбақаны көргенде,
Разы болған келген әрбір қонағы.

Биік таудың тура ұшпа шыңында,
Көрем десең болады оған шығуға.
Қолмен салған суретіндей адамның,
Бұл Алланың құдіреті шынында.

Қызығамыз неге сонша шетелге,
Уақытты жоғалтамыз бекерге?
Өз еліңнің қара тасын бағала,
Туған жерге, туған елге жетер ме?!

КӨКӨЗЕК

Көкөзегім бұрынғыдай төгілмейсің,
Бұл күнде тартылыпсың, көрінбейсің.
Тіземізден келсең де бойлағанда,
Сен бізге Алакөл, Балқаш көліндейсің.

Есімде талай келіп түскеніміз,
Тұншыққанда амалсыз ішкеніміз.
Ашитын судан шығып құм тигенде,
Жарылған табандағы күстеріміз.

Көкөзектен балалықтың ізін көрем,
Саған деген сағынышым үзілмеген.
Бүгінде жағаңа кеп қарап тұрмын,
Кешегі жүріп өткен ізімменен.
Бала едік асау тайдай тулап жүрген,
Ертегісін ата-әженің тыңдап жүрген.
Дәл қазір шаш ағарған аға болдық,
Бүлдіршін ек жағалауда шулап жүрген.

Сенің де жоғалған ба қарқындарың,
Бұрынғы байқалмайды алқынғаның.
Асып-тасып бұлқынбай, баяу сырғып,
Бақылап жатырсың ба салқын бәрін?

КЕҢ ЖАЙЛАУДЫ АҢСАЙМЫН

Кең жайлау, ел барғанда қуандың ба?
Қанша түлік жайылып жүр алдыңда.
Бір күні өзім барып көзбен көріп,
Сәті түсер жағдайыңды сұраудың да.

Төрт түлікпен сәні кірер жайлаудың да,
Той-думан, көкпар, шабыс қайнар мұнда.
Бала күнде жағасында тұрғам талай,
Дауысы өзгермепті Айдаудың да.

Айдау деген бағынбас асау ағыс,
Әкетеді тұңғиыққа бассаң шалыс.
Алып кеткен талайды атымен де,
Мінезі бала күннен маған таныс.

Естігенмін атымен де аққандарды,
Жүгіре жүріп, әрең іздеп тапқандарды.
Үлкендер көре қалса айғайлайтын,
Көкпар алып суға қарай шапқандарды.

Елменен жайлау сәні кіріп жатыр,
Әлі барлар ебін тауып шығып жатыр.
Кешегі қарт шопанның ұрпақтары,
Ата-жұртқа қонысын тігіп жатыр.

Танып тұрмын белгісін, таңбасын да,
Қой бағып шыққам талай тау басына.
Енді қайтып келмеспіз деген едік,
Шүкір, тәубе, тіршілік жалғасуда.
Толқып тұр өр көңілім бүгін менің,
Көрсеңдер ғой жадырап жібігенін.
Жауыннан соң уықпен сырғанаған,
Есімде көкпар тартып жүгіргенім.

Жайлаудың ол кездегі сәні қандай,
Қойшы біткен шығатын бәрі қалмай.
Қымыздық, қойбүлдірген, қарақаттың,
Тауықкөз, таңқурайдың дәмі қандай?!

Той-думан да негізі көп болатын,
Уайымы елдің аса жоқ болатын.
Тасып жатқан дүниесі болмаса да,
Барына разы, көңілдері тоқ болатын.

Кілегей, қаймақ, майы төгілетін,
Сатылмайтын, бәрі тегін берілетін.
Ішіп-жесе болғаны мәз болатын,
Солай тұра беретіндей көрінетін.

Қойды қуып өріске айқай салып,
«Шай бар ма?» деп, жетуші ек айдай салып.
Не деген берекелі тыныш уақыт,
Кететінбіз үй есігін байлай салып.

Шындығында есікке құлып ілмейтін,
Тонап кетер дегенді де білмейтін.
Сол кездегі иманы елдің шын мықты,
Бөтен адам бет албаты кірмейтін.

Ал бүгінде осы сипат қалмады,
Көбейгенмен алдындағы малдары.
Қанағат жоқ бірін-бірі талардай,
Кедейленді адамдардың жандары.

Құлқындарын толтырсам деп ойлайды,
Өзі тойса, қу көздері тоймайды.
Жатқанменен кінәлі деп жазалап,
Бәрібір де бас тартпайды, қоймайды.

Талай дүние басымыздан өтті енді,
Кімге айтасың ішкі зарды, өкпеңді.
Шаршағанда кейде мынау қоғамнан,
Сағынышпен еске аласың өткенді.

Ербол Оразбаев

Қатысты жаңалықтар

Жердің тілін білген

Жердің тілін білген

14.04.2026
Талдықорғанда жолды жөндеу жұмыстары басталды

Талдықорғанда жолды жөндеу жұмыстары басталды

14.04.2026
Мемлекет басшысы Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевты қабылдады

Мемлекет басшысы Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевты қабылдады

14.04.2026
Доллар бағамының төмендеуі Қазақстан бюджетіне 146 млрд теңге шығын әкелді

Доллар бағамының төмендеуі Қазақстан бюджетіне 146 млрд теңге шығын әкелді

14.04.2026
Сумен жабдықтауды есептегіш құралдармен қамту: су есебі не үшін қажет?

Сумен жабдықтауды есептегіш құралдармен қамту: су есебі не үшін қажет?

14.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.