Талдықорған: +15°C
$ 448.98
€ 502.45
₽ 5.45
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

САРҚАНДА ЖАРТЫ ҒАСЫР БАЛА ОҚЫТҚАН ҰСТАЗҒА ЕСКЕРТКІШ-ТАҚТА ҚОЙЫЛДЫ

8 қазан 2020
РУХАНИЯТ
САРҚАНДА ЖАРТЫ ҒАСЫР БАЛА ОҚЫТҚАН ҰСТАЗҒА ЕСКЕРТКІШ-ТАҚТА ҚОЙЫЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Сарқан ауданында Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері, ұлағатты ұстаз Рафик Шәкірұлына арналған ескерткіш тақта ашылды. Бұл туралы Сарқан ауданы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Біз өткенге құрметпен қарап, тарихи тұлғаларымызды есте сақтауға міндеттіміз. Оларға ескерткіш орнатып, бабаларымыздың ерлік  істерін  қастерлеп, үлгі алу, жастарды ерлікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу жолында қызмет атқаруымыз қажет. Осыған орай, соғыс және еңбек ардагері, ардақты ұстаз, Сарқан ауданының Құрметті азаматы Рафик Колубековтің есімін ұлықталды. Өмірінің соңғы жылдары қызмет атқарған мектеп-интернатта, қазіргі Ыбырай Алтынсарин атындығы орта мектеп қабырғасында салтанатты түрде ескерткіш тақтайша ашылды.

— Туған ел деп тер төксең, еңбек еленбей қалмайды. Елге аман есен оралған кешегі майдангер, еліміз бен туған өлкеміздің игілігіне адал еңбек етудің өнегесін көрсетіп, жас ұрпақты тәрбиеледі. Кейіннен Сарқан қаласындағы мектеп-интернатында ұстаздық етіп, директор қызметін атқарған. Бала бойындағы ақыл-ойды жетілдіріп, парасатты тұлғаға айналдыруда ұстаздың орны ерекше екендігі сөзсіз. Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет арта бермек. Бүгінгі өскелең ұрпақты береке-бірлікке, тату тірлікке тәрбиелеп жүрген ардагерлерге айтар алғысымыз көп. Олар жасаған ерлікпен еңбектері ескеріліп, ұрпақтар сабақтастығымен жаңғыра береді. Кейінгі ұрпақтың жадында Рафик Шәкірұлы секілді елі үшін еңбек атқарған тарихи тұлғалардың есімі мәңгі сақталып қала бермек, — деді Сарқан ауданының әкімі Талғат Қайнарбеков.

Рафик Шәкірұлы жарты ғасырға жуық уақытын бала тәрбиелеуге арнаған ұлағатты ұстаздың бірі. Қаршадайынан қара жұмысқа араласқан ел ағасы 17 жасында майдан даласына аттанып, ерлігімен көзге түседі. Қадірменді қария 87 жасына қараған шағында өмірден озды.

Айта кеткен жөн, Сарқан ауданында әр салада табысты еңбек етіп, өз үлесін қосқан азаматтардың есімін ұлықтауға арналған 15-тен аса ескерткіш тақтайша бар.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Бүгін, 17:22
Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Бүгін, 17:15
Қаратал жұмысы қарқынды

Қаратал жұмысы қарқынды

Бүгін, 16:45
«Әділет» партиясы су үнемдеу технологияларын қолдану көлемін арттырады

«Әділет» партиясы су үнемдеу технологияларын қолдану көлемін арттырады

Бүгін, 15:55
Текеліде тұрмыстық инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары жүргізілуде

Текеліде тұрмыстық инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары жүргізілуде

Бүгін, 13:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.