Талдықорған: +14°C
$ 482.33
€ 557.57
₽ 5.74
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Сатириктің серігі

21.03.2026
ЖАҢАЛЫҚТАР, РУХАНИЯТ
Сатириктің серігі
WhatsAppTelegramFacebook

Сағат сайын, күн сайын,
Өзіңді жаным сағындым.
Өзімнен алыс жүрсең де,
Жан сәулем саған табындым…
Жастық шақтың жүрек түкпірінен туған осы жыр жолдары – сатирик, журналист Тұрлыхан Кәрімнің нәзік сезімінен сыр шертетін бір үзік сыр. Бұл өлең жолдары кейін оның өмірлік серігі болған Гүлнәр Ақойқызының тағдырымен де үндесіп жатқандай. «Жақсының жары» айдарының кезекті кейіпкері – ұзақ жыл ұстаздық еткен, белгілі қаламгердің жары Гүлнәр КӘРІМОВА.

Ол балалық шағы өткен ауыл өмірін, ұстаздық жолын және өнер адамының жары болудың қызығы мен қиындығын еске алады.

– Бұрынғы Андреев (қазіргі Алакөл) ауданына қарасты Көлбай ауылында 1958 жылдың жазында өмірге келдім. Қарапайым малшының отбасындағы тоғыз баланың тұңғышымын, – деп бастады әңгімесін кейіпкеріміз. – Әкем – Ақой Абылов, шешем – Зылия Өскенбаева. Көпбалалы отбасынан әрі үйдің үлкені болғандықтан ата-анамызға қолғабыс жасап жүріп есейдік. Өздері оқымаса да балаларының жоғары білім алуына жол ашты. Ата-анам өте жуас жандар еді. Малдың соңында жүрсе де әкемнің етігінің қонышынан қисса мен дастандар жазылған шағын кітап түспейтін. Зеректігі сондай – дастандарды жатқа айтатын. Атамыз Абыл соғысқа кеткен кезде әжеміз Қайша қара жұмыс істей жүріп балаларына кітап оқытып, әріпті өзі танытқан екен. Содан шығар, әкемнің жазуы маржандай болатын. Атамыз соғыстан оралғаннан кейін әкем қолғабыс жасап, артындағы іні-қарындастарын оқытуға көмектесіпті. Әкем өмірден ертерек, ал анам өткен жылы тоқсанға таяған шағында дүниеден озды. Ол кісі мені жиырма жасында дүниеге әкелген. Балалық шағым өте жақсы өтті. Спортқа бейім болдым. Бойым 1,80 болғандықтан волейболды жақсы ойнадым, талай жарысқа қатыстым. Көлбай ауылындағы Комсомол орта мектебінің мұғалімдері өте білімді, талапшыл еді. Мектепте әдебиет пен география пәндерін сүйіп оқыдым. Біздің кезде мұғалімдер көбіне ер адамдар болатын. Орта мектепті бітірген талай түлек жоғары оқу орындарына түсіп, мықты азаматқа айналды. Бала кезімнен мұғалім болсам деп армандадым. Сол кезде ауылдағы әр үй соғым басын беретін. Баламыз ғой, ата-анамызға көмектесіп, үлкендердің қолына су құятынбыз. Сонда олар ризашылықпен: «Мұғалім бол!» деп ақ батасын беретін. Өйткені мұғалім болу – кез келген адамның қолы жете бермейтін мәртебелі мамандық еді. Әр бала мұғалім болуды армандайтын. Мектепті бітірген соң Панфилов ауданының Жаркент қаласындағы педагогикалық училищеге оқуға түстім. Аталмыш оқу орнын тамамдағаннан кейін ауылға оралып, балабақшаға тәрбиеші болып жұмысқа орналастым. Содан жақсы жігітті жіберіп алмайын деп ағаңа тұрмысқа шықтым, – деп ағынан жарылды кейіпкеріміз.

Айтуынша, Тұрлыхан аға Семейдің тумасы.

– 1965-1966 жылдары біздің ауылға көшіп келген. Мектепті Көлбай ауылынан бітірді. Менен екі жыл бұрын аяқтап, Алматыдағы ҚазМУ-дің журналистика факультетіне оқуға түсті. Оның отбасында екі бала ғана. Әпкесі біздің ауылға тұрмысқа шыққан. Содан ата-анасы қыздарына жақын болайық деп Көлбайға қоныс аударған екен. Ауылда өз үйлерін тұрғызып, біздің көршіміз болды.
1976 жылы 19 жасымда Тұрлыханға тұрмысқа шықтым. Ол журналистика факультетінің сырттай бөлімінде оқып жүрді. Сол жылы Бөрлітөбе деген жаңа аудан құрылып, ағаң Лепсіге жолдамамен жұмысқа жіберілді. Жаңа отау құрған бізге жас маман ретінде баспана берілді. Тұрлыхан аудандық «Балқаш өңірі» газетінде тілшіліктен бастап, орынбасарлық қызметке дейін өсті. Тоғыз жыл Лепсіде тұрдық. Сол кездері облыстық «Октябрь туы» газетінің бас редакторы болған Тұрсын Әбдуәли Тұрлыханның жазуын бағалап, жұмысқа шақырды. Сөйтіп 1985 жылы Талдықорғанға қоныс аудардық. 1992 жылға дейін осы басылымда еңбек етті. Дәл сол жылы қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы болған Аманғазы Шегіров ағамыз қалада газет ашу керек деген ұсыныс айтып, бірнеше кандидаттың ішінен Тұрлыхан бас редактор болып тағайындалды. Осылайша 1992 жылдың 2 наурызында қалалық газеттің алғашқы саны жарық көрді. Газетті нөлден бастап құру оңай емес. Дегенмен мықты кадрлардың ұжымдық жұмысының арқасында газет тиражы өсіп, қала халқының айнасына айналды, – дейді Гүлнәр Кәрімова.

Екеуі Алла берген төрт баланы тәрбиелеп өсірді. Ұл мен келіні – Дәурен мен Ләззат, қыздары мен күйеубалалары: Назым – Тимур, Меруерт – Қуаныш, Айым – Диасқали. Олардан тараған немерелері де бар.

– Біз үйленбей тұрып Тұрлыханның әкесі өмірден озды, – деп жалғады әңгімесін Гүлнәр Ақойқызы. – Сондықтан ол кісі жайлы көп айта алмаймын. Енем Зияда Мұхамадиева өте жақсы адам болды. Жалғыз баласы болғандықтан бірге тұрдық. Мен жас едім, көп нәрсені біле бермеймін. Үйдің біраз тірлігін сол кісі жасайтын. Екеуміз де жұмыстамыз. Екі баламызды бағып, тамағымызды жасап, бәрін реттеп қоятын. Демалыс күндері балаларды апамызға қалдырып, өзіміз киноға кетіп қалатынбыз. Сонда енем: «Осы сендердің киноларың таусылмайтын болды ғой» деп әзілдейтін. Ал оған Тұрлыхан: «Апа, немереңді көрсем деп армандайтын едің ғой. Енді, міне, қарап отыр», – дейтін жымиып.

1985 жылы апамыз 69 жасында дүниеден өтті. Енемізді жер қойнына тапсырып, жылын бергеннен кейін Талдықорғанға қоныс аудардық. Лепсідегі №54 теміржол мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып еңбек жолымды бастап, кейін Талдықорғанға келген соң Б. Жолбарысұлы атындағы №18 мектепке орналастым. Бұл білім ордасы 1989 жылы оқу жылы басталуға жеті күн қалғанда 300 оқушы, 30 мұғаліммен қазақ мектебі болып ашылған еді. Мектеп директоры болып Саин Омарбаев тағайындалды. Бір жылдай жер үйде орналасқан мектепте жұмыс істеп, кейін жаңа мектеп ғимараты салынды. 1991 жылы қалада тағы бір қазақ мектебі – М. Жұмабаев атындағы білім ошағы ашылды. Сол жылдары үшінші шағынауданнан үй алып, жаңа пәтерге қоныстандық. Сөйтіп жаңа ашылған мектепке ауыстым. Мұнда отыз жылға жуық бастауыш сынып мұғалімі болып еңбек еттім. «Білімнің кілті бастауышта», өмірімнің 45 жылын ұстаздық жолға арнаппын, – дейді ол.

45 жылда талай балаға қалам ұстатып, әріп танытқан Гүлнәр Ақойқызы сол бір күндердің тәтті естеліктерін де айтып өтті.

– Сыныбымда Ержан деген бала болды. Сабаққа келген күннен оның қаламды сол қолымен ұстайтынын байқадым. Жазуды сол қолымен жаза бастағанда «Ержан» деп ақырын ескертіп қоямын. Ол бірден қаламын оң қолымен ұстайтын. Ақыры үйренді. Кейін сол балам мені көрген сайын: «Апай, сіз болмағанда мен жазуды сол қолыммен жаза беретін едім ғой», – деп айтып жүретін.

Гүлнәр Ақойқызы зейнеткерлік жаста болса да қоғамдық жұмыстан қол үзбеген. Қалалық ардагерлер кеңесінде әдістеме бөлімінің меңгерушісі. 2019 жылдан бері «Ата-баба дәстүрі – ұрпаққа аманат» атты бағдарламамен жұмыс істеп келеді.

– Өмірде салмақты адаммын. Анам да, енем де сондай жандар болды. Жалпы анама ұқсаймын. Оның ұқыптылығы бойыма сіңген. Үйдегі әр балаға жеке жинақ кітапшасын ашып, ақша жинайтын. Мектеп бітіргенде жиналған мың сомды қолымызға беретін. Бұл біз үшін үлкен ақша еді. Оқуға түскен жылы жатақханада тұрдым. Бірақ екі ай ғана шыдадым. Себебі түн ішінде жертөледен айқайлаған дауыстар естілетін. Естуімізше, бұрын бұл жерде зындан болған екен. Содан Света, Қатипа деген қыздармен бірігіп, ұйғырдың үйін жалдап тұрдық, – деп ақтарылды кейіпкеріміз.

Өмір жолын ұстаздықпен ұштаған Гүлнәр Кәрімова кейін І. Жансүгіров атындағы институттың «Бастауыш сынып әдістемесі» бөлімін сырттай бітірген.

– Ағаңмен бірге 46 жыл ғұмыр кештік. Тұрлыхан өте білімді, ішімдік ішпейтін, темекі шекпейтін азамат болды. Сөзі өткір, мінезі өктем еді. Бірақ сатириктің жары болу оңай емес, – деп күлді Гүлнәр апай. – Отырсаң опақ, тұрсаң сопақ боласың. Кейде әзілдеп: «Сатириктің әйелі боламын деп басымдағы шашым қалмады» деп айтып қоямын. Бірі қаламгер, бірі ұстаз болған соң олардың шаңырағынан қонақ та үзілмейтін.

– Қабдеш Жұмаділов, Бексұлтан Нұржекеұлы, Жәркен Бөдешов, Тоқтасын Сүгірбеков, Ахмет Кендірбек, Әміре Әрін сынды азаматтармен етене араластық. Бір жолы бір ақын Тоқтасын ағамыз жайлы әзілдеп: «Қиярдың бөшкесіндей жуан ақын», – дегенін естігенде «Тоқтасын деген ақын қандай екен?» деп ойлаған едім. Кейін ағамыз үйімізге келгенде оған байқап қарап отырғаным есімде. Ауылда жүргенде атақты ақын-жазушылар керемет үйлерде тұратын шығар деп ойлайтынмын. Кейін олардың бәрі қарапайым, жүректерін дүниеге емес, сөзге, өлеңге байлаған жандар екенін түсіндім. Бүгінде сол күндер өткеннің тәтті естелігіне айналды ғой, – дейді жақсының жары.

Гүлнәр Ақойқызының айтқан әңгімесінен өткен жылдардың жылы лебі сезілді. Бүгінде сол күндердің бәрі жүректе сақталған тәтті естелікке айналғанымен жақсының жары болған жылдардың мәні мен мағынасы уақыт өткен сайын тереңдей түсетіні анық.

Сарби ӘЙТЕНОВА
Талдықорған қаласы

Қатысты жаңалықтар

Болашақ – бүгіннен басталады

Болашақ – бүгіннен басталады

21.03.2026
Сатириктің серігі

Сатириктің серігі

21.03.2026
Айшықты ізі қалды

Айшықты ізі қалды

21.03.2026
Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

21.03.2026
Ұжымды ұйыстырған ұлттық мереке

Ұжымды ұйыстырған ұлттық мереке

21.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.