Талдықорған: 0°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

«СӘБИДІҢ ТАЗАЛЫҒЫ»: КӨЛСАЙҒА СҰЛУ ДЕГЕН СӨЗ АЗДЫҚ ЕТЕДІ

14.02.2020
РУХАНИЯТ
"СӘБИДІҢ ТАЗАЛЫҒЫ": КӨЛСАЙҒА СҰЛУ ДЕГЕН СӨЗ АЗДЫҚ ЕТЕДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Бүгін сіздерге өмірімнің бір күнінен әңгіме айтып берейін. 2019 жылдың тамыз айының 23-і күні Алматы қаласынан Көлсайға жолға шықтық.

Көлік тізгінінде — анам. Құлжа трассасымен жүріп келеміз. Жолдан таңқурай бақшасына кірдік, иісі аңқып, дәмі ұрып тұр. Көк шөпке жайылған малша, таңқурайдың бағына аралап кеттік. Ол жерден таңқурайды тоя жеп, ыдыстарымызға теріп алып, жолды жалғастырдық. Көзім ілініп, ұйқыға кетіп қалыппын. Көзімді ашсам, «келдік, келдік» деп жатыр.

Көлсайдың жанындағы Қарабұлақ ауылында тұратын әкемнің досы Беделбек ағаның үйіне келдік. Расына келсек, бізді көлді тамашалауға шақырған да осы кісілер. Түсте келдік, даладағы қара қазанға ет асылып тұр. Дастарқанға әкелген еттің, шыны керек, жартысын да жемедік-ау. Қалада өскен біз үшін бір қыстық соғымдай болып көрінді.

Ауыл табиғатының сұлулығын сипаттарға сөз жетпес. Құдды бір жұмақ бақша сияқты. Тамақ ішіліп, тынығып, көлге шығамыз деген кезде жаңбыр да құйып кеткені. Сонымен, көлге ертең барамыз деп шешіп, көрші ауылға қыдырып кеттік. Көрші Жалаңаш деген ауылға әкемнің ағасының қызы, әпкем тұрмыста. Әпкемнің үйіне барып, тағы да қазақтың ең сыйлы асы — ет жедік. Етінің дәмі таңдай қақтырады.

Сол түні әпкемнің үйіне қонып, таң атпастан тұрып, Қарабұлаққа жетіп, ары қарай Көлсайға бардық. Көлсайды көргенде тұрып қалдым. Өзім көп жерді көрмесем де, жер әлемді шарласа да, Көлсайдай сұлу мекен таппаспын деп ойладым. Жақында интернет желісінен Д.Ақтөренің өлеңін оқыған едім. Сол өлеңде:

Шын тау керек десеңіз — Хан-тәңірдей шыңым бар,
Мөлдір керек десеңіз — Көлсайдай мөлдір көлім бар.
Сұлулық керек десеңіз — Шарындай шатқал жерім бар,
Батырлық керек десеңіз — Райымбектей ерім бар! –
деген жолдар бар.

Сол өлең есіме түсіп кетті. Шынымен де, Асан Қайғы Көлсайды көргенде «жер жаннаты – Көлсай» дер еді-ау деп ойладым. Суы қандай мөлдір, ауасы тынысыңды ашады.

Адам көп. Туристер де қаптап жүр. «Good, beatuful!» деп қояды. Менің кеудемді мақтаныш кернеді. Көлсайға жақсы, сұлу деген сөздер аздық етер ау! Оның тазалығы – сәбидің тазалағы, оның мөлдірлігі – құралайдың көзіндей мөлдір, оның құшағы – анаңның ыстық құшағындай ғой, шіркін! Ел су салқын деп, шомылмайды екен. Мен сонау Алматыдан келіп, түспесем болмас дедім де, суық суға сүңгіп кеттім. Судан шыққанша тісім сақылдап кетті. Менен қалыспай, інім де суға түсіп кетті.

Түс қайта үйге барып, сірнеге тойып алып, жолға шықтық. Жолда келе жатып, әкем ағамның матчына үлгеру үшін асығып айдады. Келе жатып дөңгелек жарылды. Оны ауыстырдық. Тағы кішкене жүріп ек жанармай бітті. Міне қызық десеңші, қайта заправкаға дейін жетті. Ағамды матчқа үлгертіп, шаршап үйге келдік. Жол ауыртпалығы біздің көрген сұлулық жанында түк болмай қалды. Біз, осы демалыс үшін әкеме рахмет айттық. Міне, меніңше нағыз демалыс деген осы!

Заңғар ӘБДІРӘСІЛ,

№178 лицейдің оқушысы

Алматы қаласы

Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

 Негізгі заңға әйелдер көзқарасы: «AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты жаңа Конституция жобасын әзірлеуге атсалысуда

Адам құқықтары және болашаққа бағдар

07.02.2026
Кербұлақта «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты әдеби кеш өтті

Кербұлақта «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты әдеби кеш өтті

07.02.2026
Жаңа Ата Заң: Бір палаталы Парламент пен саяси жаңғыру жолы

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдау күшеймек

07.02.2026
Жаңа Ата Заң: Бір палаталы Парламент пен саяси жаңғыру жолы

Жаңа Ата Заң: Бір палаталы Парламент пен саяси жаңғыру жолы

07.02.2026
Италияда Олимпиада ойындары басталды

Италияда Олимпиада ойындары басталды

07.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.