Талдықорған: +1°C
$ 505.17
€ 599.54
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Әсеттің әндері әспеттелді

13.09.2018
РУХАНИЯТ
Әсеттің әндері әспеттелді
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақ ән өнерінде есімі ерекше аталатын бірнеше тұлға бар. Олардың қалдырған асыл мұрасы ұлттық құндылықты ұлықтаудың үлгісі ретінде бүгінгі қазақ қоғамын алға ілгерілетіп келеді. Сол қатарда сазгер Әсет Бейсеуовті ерекше атауға болады. Қазақ эстрадасына өзіндік қолтаңбасын қалдырған өнер иесінің сырлы саздары бүгінде тыңдарманның құлақ құрышын қандырып жүр. Бар өнерін халқына арнаған сазгердің туғанына биыл 80 жыл толуда. Осыған орай республика аумағында көптеген игілікті шара қолға алынды. Бұл іске жетісулықтар да бар ынта-жігерімен атсалысуда.

Сондай шараның бірі Алматы қаласындағы Ұлттық кітапханада өтті. Онда Әсет Бейсеуовтің мерейтойына арнап жазылған «Жүрегі ән деп соғатын» атты кітаптың тұсаукесері болды. Кітапты белгілі жазушы Тұрсынбек Ешенқұлов құрастырған. Ішінде Ә. Бейсеуовтің замандастары мен іні-қарындастарының естеліктері және Қазақ радиосының «алтын қорында» сақталған композитордың  әндерінің тізімі енгізілген. Айтулы шараға ақын-жазушылар, журналистер және Әсеттің ұрпағы қатысты. 
Әсет Бейсеуов әнсүйер қауымның патша көңілі не қалайтынын дөп басып, халық жылы қабылдар талай туындыны жазды. Айталық, «Армандастар», «Сырласу вальсі», «Алмалы Алматым», «Шақырады көктем», тағы да басқа  халық көңілін бірден жаулап, есте мәңгі қалған сырлы әндер тынымсыз еңбек пен тоқтаусыз төгілген маңдай тердің өтеуімен келгендігін жасыра алмаймыз.  Музыканы зерттеушілердің пайымдауынша, Бейсеуов – жастардың сүйікті сазгері. Себебі, той немесе кеш өткізілсе, көбіне-көп Әсеттің әндері орындалады. Әсіресе, «Алтыным», «Маралдым», «Сырласу вальсі», «Шақырады көктем» – әр кештің шырайы, ұл үйлендіру, қыз ұзату тойларының сәні. Міне, осы сынды лебіздер жинақталып, Әсет Бейсеуовтің өмірінен жан-жақтылы сыр шертетін су жаңа кітаптың баспа бетін көргені біз үшін үлкен мәртебе болды. 
Шара аясында жан-жақтан жиналған қарымды қаламгерлер мен өнер қайраткерлері жаңа кітаптың өміршеңдігі мен  сазгер жайлы естелік айтып, Әсеттің ән әлеміндегі дара жолын тілге тиек етті.  Салтанатты шараны жазушы, «Алматы ақшамы» газетінің бас редакторы Қали Сәрсенбай жүргізді. Ең әуелі кітаптың тұсауын кесу үшін сахнаға өнер зерттеушісі, профессор Пернебек Момынов, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Ғаббас Қабышұлы, жазушы Марал Ысқақбай, әнші Нұрғали Нүсіпжанов шақырылып, кітаптың лентасын кесіп, келген қонақтарға таратты.  
Алғашқы болып сөз алған Пернебек Момынов: «Әсеттің туындылары ән әлемінде  толық зерттеуді қажет ететін дүние. Әуелеген әрбір нотасында тылсым сиқыр бар» десе, Нұрғали Нүсіпжанов: «Менің заманыма Нұрғиса Тілендиев, Әсет Бейсеуовтер бастаған қазақтың дарынды композиторларын бергеніне Аллаға мың шүкірлік айтамын. Сол ағаларымыз біз сияқты әншілердің бағын ашты. Композитор кетеді, бірақ соңында оның керемет туындылары қалады және ол өшпес мұраға айналып, мәңгі өмір сүре береді», – деп  толғанды.  Әсетпен кездесіп талай қызықты сәттерге куә болған Ғаббас Қабышұлы, Марал Ысқақбай, Жұмаш Арғымбаев, Мамытбек Қалдыбай сынды шығармашылықтың бел ортасында жүрген өнер қайраткерлері де сахнаға шығып, сазгермен өткен сәттерін сағына еске алды.  Қонақтардың арасында  Әсеттің әнімен үлкен сахнаға жол тартып, қазақ жұртына танымал болған Алтын Әліпбаева мен әнші Ұлжан Айнақұлова да болды. Ол қызы, талантты жас әнші  Әсем Айнақұлова екеуі Әсеттің әндерін көпшілікке орындап берді.  Әсет Бейсеуовтің өміршең әндерін сағынып келген көпшілік бір серпіліп қалды. 
Десек те,  бүгінгі таңда Ә. Бейсеуовтің әндеріне арналған «Әсеттің әсем әндері-ай!» атты кештің де өтіп келе жатқанын білеміз. Осы шараны көп болып қолдап, қазақ ән өнерінің қасиетін қастерлеу арқылы әркімнің санасына өзінің төл өнерін сіңіру өнерсүйер қауымның басты міндеті. Сондай-ақ, Әсет Бейсеуов «Құлансаз» ансамблін құруға өлшеусіз еңбек сіңірген еді. Сондықтан ғой, жерлестері Әсет десе «Құлансазды», «Құлансаз» десе Әсетті ойға алатыны. Сазгердің қолтаңбасы қалған сол өнер ұжымы бүгінде бағытын айқындап, бағдарын тапқан ансамбльге айналды. Әлемнің талай еліне жол тартып, жұртты сүйсіндірді. Сондықтан тұсаукесерге жиналған қауым «Құлансаз» ансамбліне Әсет Бейсеуовтің атын берсе!» деген ізгі ниеттерін білдірді. Алдағы уақытта да «Құлансаз» жүрген жерде Әсеттің есімі атала береді. Ал  Әсет бар жерде «Құлансаз» құлпыра түрленетінін ешкім жоққа шығармайды. Демек бұл ұсыныс та орындалып қалатын шығар.

Қажет АНДАС
Алматы қаласы

 

Қатысты жаңалықтар

Талғам таразысындағы зілмуыр туындылар   

Талғам таразысындағы зілмуыр туындылар  

03.02.2026
Әке беделі неге төмендеді?

Әке беделі неге төмендеді?

02.02.2026
Әскери оқу орындарға құжат тапсыру толықтай цифрлық форматқа көшті

Әскери оқу орындарға құжат тапсыру толықтай цифрлық форматқа көшті

02.02.2026
Енді 60 жастан асқан азаматтар пойызда арзан билетпен жүре алады

Енді 60 жастан асқан азаматтар пойызда арзан билетпен жүре алады

02.02.2026
Жетісу облысында алаяқтықпен айналысқан call-орталық анықталды

Жетісу облысында алаяқтықпен айналысқан call-орталық анықталды

02.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.