Талдықорған: +7°C
$ 457.09
€ 508.42
₽ 5.67
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ШЫРШАНЫ ҚОРҒАЙЫҚ

28 қараша 2017
РУХАНИЯТ
WhatsAppTelegramFacebook

Жаңа жыл жақындаған сайын жер-жерде қылқан жапырақты ағаш сатушылар қарасы да көбейе түсетіні шындық. Ал тұрғындардың жасанды шыршаны емес, көбінесе табиғи шыршаны таңдайтыны да рас. Сол себепті де жыл сайын орман сақшылары шыршаны заңсыз отаудан қорғау шараларын жүзеге асыру мақсатында күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшеді.

Осыған орай, облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы, «Іле-Алатау мемлекеттік табиғи қорығы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінен арнайы жедел топтар құрылып, шыршаны заңсыз кесуден қорғау іс-шаралары барысында қызмет атқарады. Олар сондай-ақ, жыл сайын облыс қалалары және елді мекендерінде жаңа жылдық шыршаларды сатумен айналысатын сауда нүктелеріне табиғат қорғау полициясы қызметкерлерімен бірлескен рейдтер жүргізеді.
Әрине, жаңа жылды орманнан келген әсем шыршамен қарсы алғанға не жетсін. Алайда бір күндік қызыққа бола жасыл шыршаны жаппай кесе берсек не болады? Шырша ағашы баяу өседі, ал адамдар көбіне енді-енді тамыр таратып келе жатқан жас қарағайларды кеседі. Ал сол кесілген ағашты бар болғаны бірнеше күн ғана пайдаланып, содан кейін лақтырып тастайды. Осы орайда еске сала кететін бір жайт, Қазақстан Республикасының заңдарында орман қорын күзету, қорғау, ормандарды молықтыру мен өсіру саласындағы заң бұзушылықтар үшін жауапкершілік белгіленген. 
Жаңа жылды желеу етіп, қылқан жапырақтыларға балта сілтегендерге ел Үкіметінің 2007 жылғы 31 мамырдағы №441 қаулысына сәйкес шара қолданылады. Мәселен, бір шырша-қарағайдың обалына қалған адамға 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 20 мың теңгеден астам айыппұл салынады. Ал тым шектен шығып, орманға орасан залал келтірген жағдайда құқық бұзушылар қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Жалпы, орманның «жасыл сұлуын» заңсыз отауға тек жаңа жыл қарсаңында ғана емес, жалпы жыл-он екі ай бойына қатаң тыйым салынады. Орманда өсіп тұрған ағаш та заңның қорғауында екенін ұмытпайық, ағайын!
Ең бастысы, қылқан жапырақты ағаштарды сақтай отырып, бәріміз бірге өлкемізді одан сайын көркейте түсейік. Осы үшін келер ұрпақ, бәлкім, бір кезде бізге алғысын білдірер.

Мәлік ДЕМЕСІНОВ, 
облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы.
Еңбекшіқазақ ауданы.

 

Қатысты жаңалықтар

Кітапхана – рухани орта

Білім кілті – кітапта

Бүгін, 17:30
СІМК отырысында халықаралық маңызы бар құжаттар бекітілді

СІМК отырысында халықаралық маңызы бар құжаттар бекітілді

Бүгін, 17:09
Талдықорғанда 150-ден астам жас есірткісіз болашақ үшін бас қосты

Талдықорғанда 150-ден астам жас есірткісіз болашақ үшін бас қосты

Бүгін, 16:41
Мемлекеттік қызметті шектеу

Мемлекеттік қызметті шектеу

Бүгін, 16:30
Геология, өнеркәсіп және құрылыс саласы жаңа белеске көтерілді

Геология, өнеркәсіп және құрылыс саласы жаңа белеске көтерілді

Бүгін, 15:45

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.