Талдықорған: +15°C
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ШЫҒЫНҒА БАТҚАН КӘСІП ИЕЛЕРІ ҚАЙДА ЖҮГІНЕДІ? АРНАЙЫ КОМИССИЯ ҚҰРЫЛДЫ

8 ақпан 2022
РУХАНИЯТ
ШЫҒЫНҒА БАТҚАН КӘСІП ИЕЛЕРІ ҚАЙДА ЖҮГІНЕДІ? АРНАЙЫ КОМИССИЯ ҚҰРЫЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Қаңтарда орын алған жағдайда ең көп зардап шеккен – бизнес өкілдері. Мемлекет басшысының тапсырмасына орай жуырда облыста кәсіпкерлік субъектілерінің шағымдары бойынша комиссия құрылып, шығынға ұшыраған бизнесмендердің өтінішін қарай бастады.

Алматы облыстық кәсіпкерлер палатасының ақпаратына сенсек, зардап шеккен кәсіпкерлік объектілерінің жалпы саны 146-ны құрады, оның ішінде 12 ірі субъектіге (22 объект) шамамен 3 млрд.теңге, 5 орта субъектіге (5 объект) 77,6 млн.теңге, 82 шағын субъектіге (93) 719,7 млн.теңге, 23 микрокәсіпкерлік субъектісіне (23 объект) 116,6 млн.теңге залал келтірілген. Залалдың жалпы сомасы 3,9 млрд.теңгеге жуық. Сонымен қатар, облыс бойынша кәсіпкерлік қызметтің 122 субъектісі зардап шекті. Зардап шеккен нысандардың 78 пайыздан астамы сауда нысандары. Зардап шеккен кәсіпкерлердің негізгі бөлігі Қарасай ауданында орналасқан «Апорт» СОО, «Алтын Орда» базарында тіркелген.

Аталған кәсіпкерлік объектілерінен түскен шағымдарды қарайтын комиссия құрамына әр саладан 12 маман тартылып, облыстық іскер әйелдер қауымдастығының жетекшісі Римма Салықова комиссия төрайымы болып бекітілді.

– Өтінішті қарау тәртібі ҚР Ұлттық экономика министрлігі тарапынан бекітілген ережеге сәйкес жүргізілуде. Шығынды өтеу жылжымалы, жылжымайтын мүлік және тауар шығынын қайтару сияқты үш түрлі негіз бойынша қарастырылады. Олардың әрбірінің өзіне тән дайындайтын құжаттары бар. Бірақ үш топтағы шығынды қарастыру үшін бизнес субъектісі тіркелген аймақтың кәсіпкердің шығынға ұшырағаны туралы қылмыстық іс қозғауға қатысты қаулысы, кәсіпкердің тіркелуі бойынша құжаттары, зиянға ұшыраған мүлікке сақтандыру жасалмады деген хабарлама, жалған ақпарат өткізсе, қылмыстық жауапкершілік арқалайтыны туралы құжаттар міндетті түрде өткізілу керек. Егер құжаттар толық болмаған жағдайда кәсіпкердің шағымы кері қайтарылып, құжаттарды қайта толықтыруға мүмкіндік беріледі, – дейді облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының мамандары. Сонымен қатар, жағдайы төмен отбасыларға да өз деңгейінде көмек көрсетілмек.

– Бізге «Қызыл жарты ай» қоғамдық бірлестігінің өкілдері де хабарласты. Олар бизнесі тұралап, жұмыссыз қалған кәсіпкерлерге көмек көрсетпек. Мұндай қолдау шағын кәсіпкерлік субъектілеріне ауадай қажет, – дейді комиссия төрайымы Римма Салықова.

Айта кетерлігі, кәсіпкерлер өз өтінішін Infokazakhstan.kz сайтына тіркейді. Ол жерде әр облыс көрсетілген.  Бүгінге дейін аталған комиссияға 48 кәсіпкерден 78 млн.теңге шығынын өтеп беру туралы өтініш түскен. Олардың дені тауар шығынын өтеп беру туралы болса, біреуі жылжымалы мүлік шығынына байланысты. Оның 23-нің құжаттары толық болмағандықтан кері қайтарылса, осы реткі отырыста 25 бизнесменнің өтініші қаралды. Осы тұста өртелген, бүлінген автокөліктер  кәсіпкерлік субъектісінің қызметтік көлігі ретінде тіркелген жағдайда жылжымалы мүлік қатарында шығынын өтеп беруге жатады. Ал жеке тұлғаның өз атына тіркелген автокөлік шығындары ереже бойынша өтеп беруге жатпайды.

Сайтқа  түскен өтініш саны 10-нан асқанда комиссия мүшелері бас қосып, құжаттары толық өтініштердің шығын көлемін анықтап, шығынын өтеп беру үшін қатысты мекемелерге сұраныс жолдаса, құжаты толық болмаған өтініштерді кері қайтарып отырады. Олар кем-кетігін толықтырып қайта өткізуге болады. Комиссия отырысы осы жылдың соңына дейін жалғасады. Осы реткі комиссия отырысында құжаттары толық болған үш кәсіпкердің өтініші қанағаттандырылды.

Қажет АНДАС

Алматы облысы

Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Бүгін, 13:59
Қаратал ауданында азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды

Қаратал ауданында азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды

Бүгін, 13:30
Асыл тұқымды мал шаруашылығы: Қазақстан мен Германия ынтымақтастықты нығайтады

Асыл тұқымды мал шаруашылығы: Қазақстан мен Германия ынтымақтастықты нығайтады

Бүгін, 13:00
Магистратураға үміткерлер арасында қай мамандықтар сұранысқа ие?

Магистратураға үміткерлер арасында қай мамандықтар сұранысқа ие?

Бүгін, 12:30
Әуежайдағы қауіпсіздік: Жолаушылар білуі тиіс басты ережелер

Әуежайдағы қауіпсіздік: Жолаушылар білуі тиіс басты ережелер

Бүгін, 12:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.