Талдықорған: +6°C
$ 493.85
€ 571.78
₽ 6.25
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

СІЗДІ ІЗДЕП ЖҮРМІЗ… (Үзінді)

24.02.2024
РУХАНИЯТ
СІЗДІ ІЗДЕП ЖҮРМІЗ... (Үзінді)
WhatsAppTelegramFacebook

Ойлы көңіл, ояу көкіректі оқырмандарыңызды түгел күрсіндіріп Сіз жербесікке түскелі де, міне, бес жылдың жүзі болыпты, Ораға…

Қарт Алтайдың Қатынқарағайында дүниеге келген қаламгер осыдан бес жыл бұрын сонау қиян шеттегі Үндістанның Делиінің «Тәж-Махал» қонақ үйіндегі оңаша бөлмеде жапа-жалғыз, сапарлас серіктеріне де жалғыз ауыз сөз айтпай (осы жерде Орағаңның өз сөзі еске түседі: «Мен өзімді әмәнда жалғыз сезінетінмін, мен қайда барсам да, қайда жүрсем де біреумен, айталық, маңымда мыжыңдаған адамдар, бірақ тек өзім ғана соқайып жалғыз жүретін секілдімін…»), жым-жырт қалыпта, тыныш, оқшау күйде дүние салды.

Ұлы Абай да қалың ағайынының қақ ортасында ешкімге тіс жарып тіл қатпай, ләм-мим демей, Хақтың бұйрығына тып-тыныш қалыпта бой ұсынып, үнсіз ғана үзіліп жүре берген ғой…

Әуезов те Кремльдің ауруханасында маңғаз қалыпта, мігірсіз, тыныш күйде жан тәсілім етті.

Д. Қонаева та өлер сәтінде тап бір сыралғы кәрі жолдасына еріп жүре бергендей-ақ, ешқандай абыржусыз, әбігерсіз, дәріге де жалынбай, дәрігерге де жалбарынбай, сабырлы қалпында үн-түнсіз үзіліп кете барыпты…

***

«Өлімнің де нарқы болады» (әл-Бұхари). Оралхан Бөкейдің өлімінің нарқы мен парқын, оның Сөзінің бағасы мен бәсін, қасиеті мен қадірін де біз күн өткен сайын айқынырақ сезіне бастағандаймыз. Қаламының қуат-нәрін дүние ақиқатын, өмір шындығын, болмыс шындығын ашу мен іздеуге бағыштаған жазушының жан шырылын, астарлы ойларын, ескертпелерін де есімізге жиі-жиі түсіре бастағандаймыз…

«Ескертпе» дегенімізден шығады, Оралхан Бөкейдің оқырманға ең соңғы ұсынған шығармасы – «Атау-кере» (Қауіпті будан) повесі. «Повесть» деп аталғанымен, шын мәнінде бұл туынды – повесть-ескертпе (повесть-предупреждение).

О. Бөкей бізге, яки тірілерге нені ескертіп еді? Нені қауіп етіп айтып кеткен еді? Енді осыған назар аударалықшы.

…У. Керр дейтін американдық генетик-селекционер бал арасының тұқымын жақсарту ниетімен америкалық ара мен африкалық араны қолдан будандастырып, өзгеше бір түұым өсіріп шығарады. Бұл аралар аса еңбекқор, тынымсыз, әрі балды да көп беретін болып шығады. Бірақ бір жаманы, будан аралар – аса қатыгез. Ұясына жақындағанды жабыла талайды. Және уы да өте зәрлі. Шаққанын сеспей қатырады. Осы мысал-деректі өз пвесіне кіріктірген Оралхан ғажап параллель жасайды. Есіл-дерті – «ақша тапсам, мал тапсам», мұнан басқа мұңы да, сыры да жоқ Ерік деген омарташы жігіт (Еріктің әкесі – қазақ, шешесі – орыс. Билогиялық  тұрғыдан алып қарар болсаңыз, бұл да – «будан») пайдаға шаш-етектен батып қалуды көздеп, балды кқп жинайтын әлгі будан араларды Америкадан Алтайға алдыртады. Ауылдастарының «Жатжұрттық ешқашан жарытқан да, жерсінген де емес, бүгін балын берсе, ертең уын ұсынады» деген ескертуіне де құлақ аспайды. Осы жерде О. Бөкей біз ұдайы «ұмытып» кете беретін факторға, генетикалық факторға, яғни адамның генетикалық сыр-сипатына айрықша түбегейлеп үңіледі. (Кезінде Сталин бізге жан-жануарлардың генетикасын оқытты да, адамның генетикасын оқытуға тыйым салды ғой. Мұнда да сұмдық саяси есеп жатқан-ды!).

Будандасу арқылы өзінің табиғи түйсігінен, табиғи өрісінен ажырап, өзгешелеу, қатігездеу, қатқылдау түрге енген будан аралар секілді Еріктің іс-әрекетінде де ешқандай ұлттық сезінім, ұлттық түсінім, ұлттық исінім жоқ…

Жергілікті араларға қарағанда әрі ірілеу, әрі ширақтау будан аралар сияқты Еріктің де бой-басы бүтін: келісті, көркем. Денсаулығы да темірдей. Бірақ жансаулығы жоқ: ұлттық сипаттан, ұлттық санадан, ұлттық болмыстан жұрдай…

Будан ара секілді Ерік те ешкімді аямайды. Туған үйін де. Туған ауылын да. Туған анасын да.

Оралханның көркемдік тұрғыдан әдіптей отырып көтерген порблемасы бел қайыстырады. Шынында да, ұлтымызды сақтау, ұлттық генефондымызды сақтау, Оралханша айтқанда «гендік шынжыр-тізбегімізді үзіп алмау», ұлтымыздың кендік сабақтастығын (генеттическая преемственность) таза сақтау – ұлттығымыздың кепіле емес пе. Ұлттығымыздың кепілі – тек тілдің тұтастығы, территорияның тұтастығы ғана емес, сонымен бірге геннің де тұтастығы. Генетикалық тұтастық. Демек, аралас некені, «ұлтаралық», «халықаралық», «құрылықаралық», «мұхитаралық», еуро-азиялық» некелерді насихаттаудың, әспенсітудің еш жөні жоқ.

Оралхан Бөкейдің бізге парыз ететіні де, мойнымызға қарыз ететіні де – осы.

Повесть былай аяқталады: Еріктің шешесін будан ара шағып өлтіреді…

Повестің бір тұсында жазушы былай дейді: «Апталық алыс жол, мыңдаған шықырымдық қашықтықты аттап өтіп Алтайға қоныс аударған будан ара, «қауыпті гибрид» бүгінді қаулап өсіп келеді…».

Ал енді бұл – жазушының қаупі. Уайымы. Ескертпесі.

Әмірхан МЕҢДЕКЕ.
«Жалғыздық сені қайтейін…» кітабынан
Фото: instagram.com

Қатысты жаңалықтар

«Жетісу» жеңіспен аяқтады

«Жетісу» жеңіспен аяқтады

07.03.2026
Таяу Шығыстағы шиеленіс: Сыртқы істер министрлігі отандастарға үндеу жасады

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Сыртқы істер министрлігі отандастарға үндеу жасады

07.03.2026
Алаш мұрасының темірқазығы

Алаш мұрасының темірқазығы

07.03.2026
Апам ол кезде…

Апам ол кезде…

07.03.2026
Талабы таудай талант

Талабы таудай талант

07.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.