Талдықорған: +1°C
$ 494.75
€ 586.77
₽ 6.38
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ТАБИҒАТ ҚҰШАҒЫНДА ТЕРБЕЛГЕНДЕЙ: ЖЕТІСУ СУРЕТТЕРІ

30.07.2020
РУХАНИЯТ
ТАБИҒАТ ҚҰШАҒЫНДА ТЕРБЕЛГЕНДЕЙ: ЖЕТІСУ СУРЕТТЕРІ
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақтың қаламды қару еткен әр азаматы Ұлы Даланың кең-байтақ жерін, сұлу да көркем табиғатын шығармашылығына арқау етпей қоймайды. Оған Құлагер ақын Ілияс Жансүгіровтің әйгілі шығармаларының бірі де бірегейі «Жетісу суреттері» дәлел. Бұл шығарманы оқығанда Жетісудің тамаша табиғатын елестетпейтін жан жоқ шығар, сірә?! Шығарманы бастап оқи қалсаңыз бірден Табиғат-ананың құшағында тербелгендей күй кешесіз. Мұндай сұлулықты сөз құдіреті  арқылы жеткізе білген Жансүгірдің Ілиясындай дара тұлғаны дәл қазақтың маңдайына біткен бағы десек қателеспейміз. 

 

Шығарманың бір бөлімі «Тау кескіні», «Тау суреті». Жалпы, қазақтың табиғаты көк аспанмен, қара жермен, сұлу табиғатпен, биік таумен ерекше байланысты. Көзге көрінбейтін табиғат пен адамның ерекше байланысы арқылы тау суреттерін сипаттаған ақын әр қазақтың жүрегінен орын таба білді. Жетісудың бар байлығын, сұлулығын, тіршілігін, жан-жануарын бір өлеңге сыйдырды. «Бірде адам мінеді, бірде тұрмыс суреті» деп бейнеленетін өлеңнің астарында терең мән мен мағына бар. «Баладай былдырлаған сақау самал, қойнына әжесінің енетіндей», – деп табиғатты әжеге теңеуінің өзі нағыз қазақы болмысты ашып тұр. 
«Жалпы сын», «Тау суреті», «Жетісуда су суреті» «Жетісу жәндігі», «Жер түгі» деп аталатын тараулардан тұратын шығарма асқан шебердің картиналар сериясынан тұратын кескін өнерінің кемел туындысындай әсер етеді. Бұл шығармадан қазақтың мыңдаған жыл бойы мекен еткен құт мекені – Жетісудың асқар тау, ну тоғай, қоғамын келісті бейнелейтінін көре аламыз. Жетісудың аспанмен таласқан тауларын адам жанымен үйлестіре білуінің өзі үлкен шеберлік. Тау кескінінде ақын бірде адам мінезін көрсе, бірде тұрмыс суретін аңғарады. Кейде сұсты, қаһарлы, кейде күлкілі сәулелі бейнелерді тудырта отырып, шығарманы ерекше суреттеп, әспеттеп, оқырман жүрегіне жеткізе білді. Әйгілі Қарқара жайлауының суретін бейнелеу ақынның тазалығы мен шығармашылық биігін аңғартады. 
Қарқара қалың қазақ кебесіндей, 
Албанның албырт – ерке енесіндей. 
Қарағай қапталдағы, жыныс арша, 
Қыдырлы малдың құты келесіндей. 
Қарақара жарасымды жазық жайлау, 
Текестің көкке өрлеген тік қиясы, 
Сымынып сол маңайдың төресіндей.

Міне, сұлулықты сипаттау дегеніңіз осы болса керек.
Ақын алдымен Жетісудің жалпы кескін-келбетімен таныстырады. 
Жер таппан жерге жетер Жетісуым, 
Күркілдек,  Көксу, Лепсі, Іле, Шуым. 
Асқардың аспан сүйген сілекейін, 
Жан бар ма татпайтұғын, айтпайтұғын. 
Бөленген бұлтқа мәңгі меңіреу құз, 
Ну тоғай, қоғалы көл, қоңыр құмым. 
Асқардан ақтарыла арқыраған, 
Жөкеңнің кім аңсамас балдай суын. 
Жетісу, кеудең асқар, аяғың көл,
 Қоңың құм, мықыныңда бар сексеуіл. 
Тау жайлап, қоңыр күзеп, құмды қыстап, 

Ол бір маң мал өсірген өлкедегі ел. Міне, Табиғат-ананың құдіреттілігі мен кереметтілігі осы.
Заңғар жазушы Мұхтар Әуезов: “Мен Ілиясты бұрын да білуші едім, өлеңдерін де оқып жүретінмін. Бірақ оны шын мағынасында дарынды ақын екенін мойындағаным сол «Жетісу суреттері» өлеңін оқығаннан кейін», – деген еді. 
Ілияс поэзиясы тау өзендерінің тасқыны тәрізді. 
Мен өзім тауда туып, таста өстім, 
Жасымнан мұз төсеніп, қарды кештім. 
Асқарда, Аршалыға қозы жайып, 
Бұлттардың аспандағы қасында өстім. 
Жөңкенің жоғары ала басында өстім, 
Ақ гауһар Ақтастының тасында өстім. 
Аспанда ақиығы шаңқылдаған, 
Құздардың құламалы астында өстім
, – деп ақтарылғандығының өзі ақын биігін көрсетіп тұр.
Ақын жырлағандай  «Суретін сөзбен баяндап жеткізе алмас» Жетісу өңірінің, соның ішінде өз ауылымыздың бүгінгі келбеті қандай деген сұрақ туындайтыны анық. Ақын айтқан әсемдік пен сұлулық және байлық қазір бар ма? Сақталған ба? Осы мәселе бізді ойландыруы керек. Оның Жетісуға арнап жазған өлеңдеріндегі нөсерлете төгілген қайталаулар мен үдетулердің поэтикалық түйініне көз жіберсек, ақындық шеберлігін тану қиын емес. Ілияс өлеңдерінің құдіреті оқушысының кейіп-қалпын бүкіл жан дүниесімен арбап, баурап алуында. Осындай шын жүйріктің шабысына, үдей өрлеген асқақ ақын өнеріне сүйсінесің. Біз Ілиястың «Жетісу суреттері» өлеңін құр оқып қана шықпаймыз, ғажайып сырлы бояудан жасалған келісті тұтас бір дүниені көріп өткендей боламыз.
Ілияс шығармаларынан жер мен көктің, тау мен тастың, күн мен түннің, таң мен кештің, жаз бен қыстың, көктем мен күздің алуан суретін табуға болады. Жырға жүйрік, сөзге шешен ақын поэзиясында пейзаж түрлі идеялық-көркемдік мақсатта алынған. Оған дәлел Жетісу жерінің тамаша суреттеріндегі төрт тоғысқан арнадай ұштасып жатқан жылдың төрт мезгілі. Әлемдік психологияны ашуды мақсат ете отырып, адамдардың арасын біріктіретін ашылмас дәнекер туған жер екендігін айғақтайды.
Ыстықкөл жер айнасы мөлтілдейді, 
Балқашты қамыс қамап желкілдейді. 
Аттанған алты өзені Жетісудың, 
Балқашқа бауырымдап еңкілдейді. 

Ілияс Жансүгіровтің «Жетісу суреттері» өлеңінің «Жетісуда су суреті» бөлімінде Ыстықкөл, Балқаш көлдері, Шу, Іле, Шелек, Көксу, Қаратал, Күркілдек өзендерінің аты аталады. Даналық сыры, ойшылдық тереңдігі, құбылысты көкірек көзімен көріп, сүзе зерделеп, терең талдай алатын зергерлігі қанына дарыған дарын екенін кез келген лирикаларынан ойып алынған үзінді айғақтайды. 
Ақын бұдан әрі алты өзеннің әрқайсысының өзіндік сипаты мен ерекшелігін оның халық шаруа- шылығына тигізетін пайдалы жақтарын көз алдыңа келтіреді. 
«Пейзаж прекрасен тогда, когда оживлен», – дейді Н. Чернышевский. 
Меңіреу, мөлдір қара бұлт қоршайды, 
Сұлуға жұпар бүркіп себетіндей. 
Баладай былдырлаған сақау самал, 
Қойнына әжесінің кіретіндей. 

Осы шумақтағы меңіреу, сақау теңеулері жай «меңіреу» көрініс, «мүгедек» дүние емес, жанды бейне. Яғни, Ілияста табиғат осындай жанды күйде, адам қасиетінде, адам мінезінде көрсетіледі, олар сөйлейді, күледі, қозғалады, ашуланады, сүйеді.
Ілиястың шығармашылық портретін, адамдық болмысын жерлесі әрі інісі, рухани шәкірті, белгілі ақын Әділбек Абайділданов былайша мүсіндейді.         
Биікте отыр ақын, тас түйінген, 
Қырандай қанат қомдап, қас түйілген. 
Ұйытқиды алай-дүлей құйын шабыт, 

Тауды ырғап, талды жұлып, тасты үйірген.

 «Өз елі ез ерлерін ескермесе, ел тегі қайдан алсын кемеңгерді». Иә, ұлылықты ұлықтай білуге үндеген кемеңгерім, біз рухыңа басымызды иеміз. 
Ілияс Жансүгіров – табиғат сұлулығын, өзі туып өскен жаннат Жетісу келбетін сомдаудан алдына жан салмаған ақын. Бұл тұстарда ол желмаядай желіп, қырандай қалықтап, өлеңнен өрнек жасады, жырдан кесте тікті. Сол себепті де оның табиғатты бейнелеудегі шеберлігі қазақ поэзиясының жарқын беттерін ашты.

Тәңірберген ҚАСЫМБЕРКЕБАЕВ,
«Достық үйі – Қоғамдық  келісім орталығының» 
директоры, 
ҚР Мәдениет қайраткері

 

Қатысты жаңалықтар

Мектеп директорына қатаң сөгіс берілді: Рәміздерді жою кезінде қандай қате кетті?

Мектеп директорына қатаң сөгіс берілді: Рәміздерді жою кезінде қандай қате кетті?

10.02.2026
Мұқағали – мәңгілік ғұмыр

Мұқағали – мәңгілік ғұмыр

10.02.2026
Қазақстан мен Ұлыбритания атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастықты нығайтады

Қазақстан мен Ұлыбритания атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастықты нығайтады

10.02.2026
Жаңа Конституцияға өту кезеңі: Рәсімдер мен мерзімдер қалай нақтыланбақ?

Жаңа Конституцияға өту кезеңі: Рәсімдер мен мерзімдер қалай нақтыланбақ?

10.02.2026
Бала құқығы басты назарда: Баспанадан сот шешімінсіз шығаруға тыйым салынбақ

Бала құқығы басты назарда: Баспанадан сот шешімінсіз шығаруға тыйым салынбақ

10.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.