Талдықорған: +2°C
$ 499.83
€ 581.50
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Тағылымды кездесу

20.12.2025
КҮНДЕРЕК, РУХАНИЯТ
Тағылымды кездесу
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорған қаласындағы №15 орта мектептегі «Ілиястану» оқу кабинетінің жұмыс жоспары аясында жас ұрпақтың рухани дүниесін байытуға бағытталған ерекше әдеби кездесу кеші өтті. Мектеп ұжымы мен оқушылардың қатысуымен ұйымдастырылған бұл шараға ақын, облыстық «Jetisý» газетінің бас редакторы Жұматай Оспанұлы арнайы қонақ ретінде шақырылды.

Мектеп мұғалімі, ұлағатты ұстаз Бірлікті Шәбденов жүргізген «Тәуелсіздік – тағдырым» тақырыбы аясындағы рухани басқосу шын мәнінде ерекше өтті. Мектептің мәжіліс залына жиналған жоғарғы сынып оқушылары кеш қонағын қошеметпен қарсы алды. Рухани шараның тізгінін ұстаған Бірлікті Шәрімбайұлы еркін елдің ертеңі болатын жас ұрпаққа Жұматай Оспанұлын таныстырып, бірден тақырып аясында сауалын қойып, әңгімені бастап берді. Ақын, журналист ағамыз тәуелсіздік ата-бабамыздың асыл мұраты болғанын, бүгінгі ұрпақтың маңдайына бұйырған Тәңірдің берген ұлы сыйы екенін айта келіп, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтің «Бабаларым, рахмет сендерге» өлеңін тебірене оқып берді. Мектеп оқушылары да шайыр өлеңдерінен құралған әдеби композициямен сыбаға ұсынды.

Жас өрендер ақын шығармаларындағы терең мағына мен сырды көрерменге айрықша әсермен жеткізе білді. Кездесу барысында жүргізуші қойған сауалдар аясында ақын өзінің балалық шағынан басталған шығармашылық жолы, алғашқы өлеңдерінің туу тарихы, поэзияға келген кезеңдері туралы әсерлі әңгіме өрбітті. Жиын емен-жарқын еркін әңгіме ауанында өтті. Оқушылар ақынға көкейдегі сауалын қойып, өнер мен өлеңге қызығушылықтарын көрсетті.

Жұматай Оспанұлының тек қаламгер емес, қоғамдық өмірде де белсенді екенін айтып, қайырымдылықпен айналысатыны жайлы да сұрап, замандас достарымен бірлесе құрған «Жетісу – Шапағаты» қорының жұмысымен де танысты. Ақын, «Egemen Qazaqstan» газетінің Жетісу облысындағы меншікті тілшісі Мұхтар Күмісбек екеуі жүргізіп келе жатқан «Мизам» жылжымалы әдебиет мектебі жайлы да тағылымды әңгіме тыңдады.

Ақын өз сөзінде шығармашылық жолының қалыптасу кезеңіне тоқталып, поэзияға жетелеген бала күнгі ұстаздарының еңбегі жайлы да тебірене толғады. Орайы келген сәтте Бірлікті ағай Жұматай Оспанұлының бір кездері айтысқа қатысқанын алдыға тартып, табан астында суырып салып арнау айтуын өтінді. Өзімен бірге ала келген қоңыр домбырасын қолға алған ақын толғай тартып, жыр шумақтарымен шашу шашты. Біздің мектепке, ондағы ұстаздар мен оқушыларға деген ақ тілегін ақ бұлақтай ағылған жыр жолдарымен жеткізді. Оқушылар ғана емес, залда отырған ұстаздар қауымы да ақынның суырып салмалық қасиетіне тәнті болды. Тіпті, Бірлікті Шәрімбайұлы: «Жарты ғасырға жуық тарихы бар мектебімізге суырып салып жыр арнаған тұңғыш ақын ретінде білім ордасының тарихында қалатын болдыңыз» деп әзілмен айрықша қошеметін көрсетті.

Кездесу барысында оқушылар ақынның кітаптарымен танысты. Мұндай рухани шара жасөспірімдердің әдебиетке деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, шығармашылық ізденіске жетелеуге зор ықпал етеді. Мектеп ұжымы оқушылардың рухани-мәдени дамуын қолдау бағытындағы осындай игі бастамалардың алдағы уақытта да жалғасын табатынын атап өтті. Кеш соңында мектебіміздің «Кездесу» вокалды-аспаптық ансамблі мен 4 «Б» сынып оқушылары қадірлі қонағымызға және де жүрегі Тәуелсіздік деп соғар залда отырған әрбір қазақ азаматына арналған  «Алға, қазақ жігіттері!» әнін орындады.

Сонымен бірге «Орамал тон болмайды, жол болады» деген қазақы пейілмен кәсіподақ ұйымының төрағасы Нұржан Дәуітбекұлы қонағымыздың иығына шапан жауып, құрмет көрсетті. Осылайша «Мың күніме татиды, осы отырған бір күнім» деп халық әнінде айтылғандай, есімізде ұзақ сақталатын рухани кеш мәресіне жетті.

Дидар Тоқтарбайұлы,
№15 орта мектептің қазақ тілі мен
әдебиеті пәнінің мұғалімі
Талдықорған қаласы

Қатысты жаңалықтар

Жетісу жастары Ата Заңдағы жаңашылдықтарды талқылады

Жетісу жастары Ата Заңдағы жаңашылдықтарды талқылады

04.03.2026
Жаңа Конституция демократиялық жаңғырудың бастауы

Жаңа Конституция демократиялық жаңғырудың бастауы

04.03.2026
Ермұрат Бәпи: «Жаңа Конституция арқылы ескі Қазақстанмен толық қош айтысамыз»

Ермұрат Бәпи: «Жаңа Конституция арқылы ескі Қазақстанмен толық қош айтысамыз»

04.03.2026
Технологиялар әлеміне жасалған қадам

Технологиялар әлеміне жасалған қадам

04.03.2026
Әлеуметтанулық сауалнама электоралдық белсенділіктің жоғары деңгейін көрсетті

Әлеуметтанулық сауалнама электоралдық белсенділіктің жоғары деңгейін көрсетті

04.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.