Талдықорған: +14°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ТАЛДЫҚОРҒАН: ЗАМАНАУИ СМАРТ-КОЛЛЕДЖДЕ 20 МАМАНДЫҚ БАР

10 қазан 2019
РУХАНИЯТ
ТАЛДЫҚОРҒАН: ЗАМАНАУИ СМАРТ-КОЛЛЕДЖДЕ 20 МАМАНДЫҚ БАР
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорған агротехникалық колледжі биылғы оқу жылын үлкен жаңалықпен бастады.

Білім шаңырағының оқыту базасы кемелденіп, СМАРТ-колледж деңгейіне көтеріліп, құрал-жабдықтар жаңаланды. Студенттердің жайлы ортада жақсы білім алуы үшін жатақхана, басқа да тұрмыстық қажеттілікпен қамтамасыз ету ісі ойдағыдай шешілді. 

Оның бәрі электронды база бойынша қызмет көрсету деңгейіне жетті. Сонымен қатар, спорттық, би, музыкалық, қолөнер үйірмелері және интернет желісімен толық қамтылған кітапхана студенттердің сабақтан тыс уақытын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Білім шаңырағында қазіргі таңдағы елге қажетті мамандықтар ашылып, сол салада оқимын, білім аламын, ертең елге қызмет көрсетемін деген жалынды жастар қабылданып, оларға жүйелі білім беретін кәсіби оқытушылар қосыны қалыптасып үлгерді. Жалпы, колледжде 20 мамандық бойынша мыңға жуық бала оқиды. 

Бүгінде оқу орны колледж директоры Сәуле Қыдырәліқызы және оның оқу ісі жөніндегі орынбасары Әбен Рахметбайұлы мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жандос Жұманұлы, оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Әсел Жанатқызының басшылығында үлкен жетістіктерге жетуде. Әсіресе, білім шаңырағында экономика пәндері тереңдетіліп оқытылады. Сол салада студенттердің құрметіне бөленіп жүрген экономика және бухгалтерлік есеп пәндік циклінің төрайымы Гүлшат Маратқызын ерекше атап кеткен жөн.

Оқу орны биылғы мұғалімдер мерекесін ұрпақ сабақтастығына үлгі болатындай атап өтті. Колледж директоры Сәуле Қыдырәліқызының бастамасымен экономика және бухгалтерлік есеп пәндері кафедрасы осы колледжде бұрындары қызмет етіп, бүгінде зейнеткерлік демалыста жүрген Ринат Ыдырысұлы, Нұрсипа Омарқызы сияқты ардагерлерді қонаққа шақырып, студенттермен кездесу ұйымдастырып, олардың еңбек жолын насихаттап, «Орамал тон болмайды, жол болады» деген жосын бойынша шағын сыйлықтар ұсынып, құрмет көрсетті. Бұл — көпке үлгі болатын іс.

Шолпан ӨСКЕМБАЕВА,

Талдықорған агротехникалық колледжінің экономикалық пәндер оқытушысы,

жатақхана тәрбиешісі

Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

Бүгін, 16:46
Махаббат ол…

Махаббат ол…

Бүгін, 16:09
Кәсіби шеберлік бәсекесі

Кәсіби шеберлік бәсекесі

Бүгін, 14:53
Ел құрметіне бөленген

Ел құрметіне бөленген

Бүгін, 14:00
Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Бүгін, 13:05

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.