Талдықорғандағы Д.Рақышев атындағы облыстық филармонияда ақын Мұқағали Мақатаевтың өлеңдеріне жазылған әндерден облыстық «Армысыңдар адамдар!» атты әншілер байқауы өтті.
Байқауда эстрадалық ән номинациясы бойынша жалпы облыстың әр ауданынан 25-ке жуық өнерпаз қатысып, бақ сынады.
Байқаудың қорытындысы бойынша Мұқғалидың «Айтатын саған сырым бұл» туындысын орындаған Бекжан Қайратұлы бас жүлдені жеңіп алса, Дамир Шаяхметов II-дәрежелі дипломмен және ақшалай сыйлықпен марапатталды.





