Талдықорған: +18°C
$ 461.26
€ 542.58
₽ 6.18
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Талдықорғанда Құран оқудан XIV республикалық байқау өтті

Жетісу облысының орталығында қасиетті Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша XIV республикалық байқау өтті. Талдықорған қаласындағы орталық «Иман» мешітінде ұйымдастырылған бұл рухани шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы келіп қатысты.

06.10.2025
КҮНДЕРЕК, РУХАНИЯТ
Талдықорғанда Құран оқудан XIV республикалық байқау өтті
WhatsAppTelegramFacebook

Шара басталмас бұрын Бас мүфти өңірден шыққан бабалар рухына арнап 100 Құран хатымның дұғасын жасады. Бұл — еліміздегі діни дәстүрлерге, рухани мұраға деген құрметтің жарқын көрінісі болды. Құран оқу жарысына еліміздің барлық өңірінен келген 80-нен астам қари қатысып, Алланың сөзін жүректерге жеткізуге өз үлестерін қосты. Жүлдегерлерді марапаттау рәсіміне Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, сауапты іс-шараға демеушілік жасаған Бахаридин Аблазимов, зиялы қауым өкілдері және қала тұрғындары қатысты.

Марапаттау сәтінде Бас мүфти қатысушыларға арнап тағылымды сөз сөйледі:

 – Қазақ елі ертеден Құран десе құлағы түрік, Алланың сөзін ардақ тұтқан халық. Кез келген үйге кірсеңіз, төрінде Құран тұрады. Біреу оқыса, бәрі ұйып тыңдайды. «Ағраф» сүресінде: «Қашан Құран оқылса, оған құлақ салып тыңдаңдар да, үндемеңдер. Әрине, мейірімге бөленерсіңдер», – деген аят бар. Бабаларымыз осы өсиетті берік ұстанып келді. Аллаға сансыз шүкір, бүгінде елімізде қарилар қатары артып келеді. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Құран оқи алатын жанның өзі үлкен құрметке ие болса, қазір Құранды толық жаттаған, ижазасы бар қариларымыздың да саны көбейіп отыр. Осы байқауға демеушілік көрсеткен Бахаридин Нұғманұлына, әділқазылар алқасын басқарған қари Данияр Жұмабаевқа және барлық қатысушыларға алғысымды білдіремін. Байқауға келген әрбір қари – жеңімпаз. Өйткені бұл сайыс олардың рухани жолында үлкен серпін береді», – деді Бас мүфти.

Ұйымдастырушылардың сөзінше, бұл жолғы сайысқа қатысықан ең кішісі 6 жаста.  Байқау шарты бойынша үміткерлер қасиетті Құран аяттарынан жеке-жеке 30, 20, 10 параны мәнерлеп және жатқа оқу номинациялары бойынша сынға түскен. Қазылар алқасы Құранды  жатқа білетін танымал қариларынан жасақталған.  Сонымен тартымды да тамаша өткен жарыс қорытындысы бойынша Құран Кәрімнің 30 парасын жатқа оқудан 1-ші орынды Алматы қаласының тұрғыны Есімбек Арсен жеңіп алып темір тұлпар тізгінін қолына алса,  2-ші жүлдеге Жамбыл облысынан Хусей Расул,  3-ші орынға Ақмола облысы келген Ығылман Мұхаммед есімді азаматтар лайық деп танылды. Ал  20 пара оқуда 1-ші орынды Шымкент қаласынан Мұхаммадали Шакиров, 2-ші орынды Абай облысынан Жұмабай Нұрмұхаммед, 3-ші орынды Алматы облысынан Мағауия Айқын жеңіп алса, 10 пара оқу бойынша 1-ші орын жүлдесін Жетісу облысының тұрғыны Бекболат Алайдар, 2-ші орынды Алматы облысынан Нұрислам Тұражанов,  3-ші орынды Ұлытау облысынан келген Әбіл Нұрмұхамед еншіледі. Сондай-ақ, Құранды мәнерлеп оқу бойынша  1-ші орынға Атырау облысынан Ұлан Балтабай, 2-ші орынға Ақмола облысынан Нұрмұрат Абдулла, 3-ші орынға Шығыс Қазақстан облысынан Ахмет Нұрланұлы лайық деп танылды. Ал, «Көрермен көзайымы» номинациясы бойынша Батыс Қазақстан облысынан келеген 6 жастағы Құралбай Мұхәммәд жүлдегер атанды. Бас жүлде иегеріне автокөлік және өзге жеңімаздарға 4 миллионнан 200 мың теңге  аралығында ақшалай  сыйақының арнайы сертификаты табысталып, бұдан сырт әр қатысушыға 70 мың теңгеден  үлестірілді.

Бұл байқау – еліміздегі діни білім мен Құран іліміне деген ықыластың артып келе жатқанын көрсететін маңызды шара. Қарилардың шеберлігі мен Алла сөзіне деген махаббаты жас ұрпаққа үлгі болары сөзсіз.

                                                                                                                             Айдын КӘЛІМХАН

 

 

 

 

Қатысты жаңалықтар

Көрермен көңілін босатқан

Көрермен көңілін босатқан

08.05.2026
Құқықтық сауат – қоғам тірегі

Құқықтық сауат – қоғам тірегі

08.05.2026
Тылдағы еңбек – Жеңіске қосылған өлшеусіз үлес

Тылдағы еңбек – Жеңіске қосылған өлшеусіз үлес

08.05.2026
Өңірде өлім-жітім көрсеткіші төмендеп, жасанды интеллект енгізілді

Өңірде өлім-жітім көрсеткіші төмендеп, жасанды интеллект енгізілді

08.05.2026
Құрылтай туралы заң жобасы 1 шілдеден бастап күшіне енеді

Құрылтай туралы заң жобасы 1 шілдеден бастап күшіне енеді

08.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.