Талдықорған: +1°C
$ 502.27
€ 597.15
₽ 6.57
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Тарихи жәдігер тасада қалмасын

17.01.2026
КҮНДЕРЕК, РУХАНИЯТ
Тарихи жәдігер тасада қалмасын
WhatsAppTelegramFacebook

Ұлты татар болса да, қазақ халқына қызмет етіп, ғұмырын ағартушылыққа арнаған Фатима Ғабитованы бірі білсе, бірі білмес. Фатима Зейноллақызы – парасат-пайымы биік, рухы асқақ тұлға. Ол – білімді ұстаз, данагөй ана, ел сүйген абзал азаматтардың серігі болған аяулы жар, жеті құрсақ көтерген ана.

Қазақтың мүйізі қарағайдай ірі тұлғаларының өмірлік жары болған Фатима Ғабитова еңбек жолында мыңдаған шәкірт тәрбиелеген ұлағатты ұстаз, аңызға айналған тұлға. Үлкен қызына ерте келген ажал, екі күйеуінің атылып кетуі, бала-шағасымен жападан жалғыз қалған күндер, зұлмат заманның запыраны сындыра алмаған қажырлы әйелдің өмірі нағыз үлгі аларлықтай өнегелі жол. Ол өз балаларын бөліп жармай тең сүйіп, барлығына аналық махаббатпен қарады. Өзінің естелігінде: «Менің саналы өмірімнің барлығы қазақ жастарын оқытуға арналғандай жайы бар. Мен – оқытушы, әдебиетші болумен бірге, жеті баланың анасымын. Балаларым – қазақ халқының аяулы, ардагер үш ұлының ұрпақтары. Жәнібек, Азат дейтін ұлдарымның, Фарида дейтін қызымның әкесі – Жетісуда тұңғыш қазақ мектептерін ашқан, өз дәуірінің белді, беделді халық ағартушысы Біләл Сүлеев. Үміт, Ильфа дейтін екі қызымның және Болат дейтін ұлымның әкесі – осы күнге дейін қазақ поэзиясында алдына жан салмаған ақын Ілияс Жансүгіров. Кенже ұлым Мұраттың әкесі – Мұхтар Әуезов», – деп өз өмірі жайлы сыр шертеді. (Ғабитова Ф. Өртеңде өнген гүл. Алматы. Атамұра, 1998 жыл.)
Бұл жол – ғұмырлық күрес жолы едi. Соған қарамастан, ол рухани беріктігін жоғалтпай, балаларын тәрбиелеп, мәдени-ағартушылық қызметін жалғастырды. Әдеби ортада, зиялы қауым арасында сыйлы болды, көптеген тарихи оқиғалардың тірі куәгеріне айналды. Оның естеліктері мен өмір жолы арқылы ХХ ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ зиялыларының тағдыры, рухани күресі айқын көрінеді.

Фатима Ғабитова – тек белгілі тұлғалардың жары ғана емес, өз алдына дербес тарихи бейне. Ол қазақ әйелінің төзімі мен парасатының, ұлттық рухқа адалдықтың символы. Бүгінгі таңда оның өмірі мен мұрасын зерттеу, туған жеріндегі тарихи орындарды сақтау – ұлт тарихына деген құрметтің бір көрінісі.

Қазақ мәдениеті мен руханиятының көрнекті өкілі Фатима Ғабитованың Қапал ауылындағы туып-өскен үйі бүгінгі таңда мүшкіл халде тұр. Елді мекеннің қақ ортасында орналасқан бұл тарихи нысанның қабырғалары құлап, терезелері сынған, ғимараттың жалпы құрылымы толықтай тозу шегіне жеткен. Аталған үй – тек бір отбасының баспанасы ғана емес, ұлт тарихы мен әдеби-мәдени мұрасының маңызды куәсі болып саналатын құнды ескерткіш.

Бұл мәселе 2011 жылдан бері бірнеше рет көтерілсе де, осы уақытқа дейін нақты жөндеу немесе қалпына келтіру жұмыстары жүргізілмеген. Уақыт өткен сайын ғимараттың жағдайы одан әрі нашарлап, тарихи нысанның мүлдем жойылып кету қаупі күшейіп отыр. Бұл – ұлттық жады мен мәдени сабақтастыққа төнген елеулі қатер.

Осыған байланысты Фатима Ғабитованың туып-өскен үйін шұғыл түрде қайта жөндеп, реставрациялау – бүгінгі күннің маңызды әрі өзекті міндеті. Тарихи ғимаратты сақтап қалу арқылы келешек ұрпаққа рухани мұраны аман жеткізіп, оны мәдени-ағартушылық нысан ретінде дамытуға мүмкіндік туады. Мемлекеттік органдар мен жауапты мекемелер тарапынан нақты шаралар қабылданып, бұл мәселе кейінге қалдырылмай шешілуі тиіс.

Фатима Ғабитова – қазақтың ХХ ғасырдағы рухани, ағартушылық өмірінде ерекше орны бар тұлға. Оның туған үйі — бір әулеттің ғана емес, ұлттық тарихтың, репрессия дәуірінің, қазақ әйелінің тағдырының куәсі. Фатима анамыздың табаны тиген үйді жөндеу арқылы материалдық емес, естеліктермен, тағдыр, рух ретінде нақты тарихи нысанмен байланыстырып сақтауға болады. Ұрпақ тәрбиесі мен ұлттық жадыны жаңғыртып, жас ұрпаққа «тарих тірі екенін» көрсетеді, құрғақ деректен гөрі, көріп-сезінетін тарихи кеңістікке айналады, Фатима Ғабитова өмірі арқылы қазақ зиялыларының тағдыры, әйел теңдігі, білімге ұмтылыс секілді құндылықтар насихатталады. Қапал – тарихи тұлғаларға бай өңір екенін ескеріп, өңірлік мәдени туризмді дамытуға ықпалы тиері сөзсіз. Тарихи жәдігерді қайта қалпына келтіру – туристік маршруттарды жандандырумен қатар, жергілікті халыққа экономикалық серпін ғана емес, туризм орталықтарының бірі ретінде танытуға мүмкіндік береді.

Фатима Ғабитованың өмірі, жүріп өткен жолы, табаны тиген әр мекеме – қазақ халқының қилы тағдырын, рухани сабақтастығын танытатын құнды тарихи мұра. Ал бұл мұра – қазақ халқының сан ғасырлар бойғы рухани мәдениетінің бөлінбес бөлшегі болғандықтан, күні бүгінге дейін өзінің әлеуметтік, тарихи маңызын жоғалтпақ емес. Себебі, біз мәдениетіміз бен тарихымыз арқылы таныламыз.

Мұратбек Иманғазинов,
І. Жансүгіров атындағы ЖУ-нің профессоры,
филология ғылымдарының докторы,
«Ілиястану» ғылыми-практикалық
орталығының меңгерушісі

 

Қатысты жаңалықтар

Қазақстанның тестілеу жүйесі жаңа деңгейге көтеріледі: ҰТО мен ETS стратегиялық келісімге келді

Қазақстанның тестілеу жүйесі жаңа деңгейге көтеріледі: ҰТО мен ETS стратегиялық келісімге келді

28.01.2026
Жасанды интеллект: Pinterest-те жаппай қысқарту болмақ

Жасанды интеллект: Pinterest-те жаппай қысқарту болмақ

28.01.2026
Қазақстан мен Германия: Стратегиялық әріптестіктің жаңа технологиялық белесі

Қазақстан мен Германия: Стратегиялық әріптестіктің жаңа технологиялық белесі

28.01.2026
Әскерде тағы бір сарбаз қаза тапты

Әскерде тағы бір сарбаз қаза тапты

28.01.2026
Қазақстан мен «ExxonMobil»: Энергетикалық серіктестіктің жаңа кезеңі

Қазақстан мен «ExxonMobil»: Энергетикалық серіктестіктің жаңа кезеңі

28.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.