Талдықорған: -3°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ТАЗАЛЫҚ — СҰЛУЛЫҚ КЕПІЛІ

27.03.2020
РУХАНИЯТ
ТАЗАЛЫҚ - СҰЛУЛЫҚ КЕПІЛІ
WhatsAppTelegramFacebook

Көрген жанға әрдайым күлімдеп амандасып, сыпайылық пен ізеттілігін көрсетіп жүретін  Қарлығаш Баймұханқызының қимыл-қозғалысының шапшаңдығы мен іске бейімдігін аңғармау мүмкін емес. Бүгінде жасы алпысқа таяп қалса да жас қыздармен жарыса қимылдап, еңбек ететін жанның әрбір ісіне бірде таңырқай, бірде тамсана қарайсың. 

Үнемі қимыл-қозғалыста жүру адамды ширақ етеді деген рас екен-ау дейсің іштей. Бұған адамның үнемі көңілді жүруі, ақжарқын мінезі мен кең пейілі де игі әсер етсе керек.
Әр нәрсені орнына  ұқыпты қою, үй ішін, айналаны таза ұстау – Қарлығаш апайдың өмірлік ұстанымы. Бала кезден бойына сіңген қасиет кейін оның өмірлік мамандығына айналды. Ел ұйқыда жатқанда ерте тұрып, өзі еңбек ететін Журналистер үйіне қарай асығады. Тілшілердің жайлы да  таза кеңседе жұмыс істеуі осындағы тазалық сақшыларына тікелей байланысты. Сол үшін жұмысқа келіп, киімін ауыстыра салысымен терезелерді ашады. Бөлмеге таза ауа кірген соң адамның жан сарайы ашылып, жұмыс істеуге қабілеті артады. Одан соң үстел, шкаф, есік-терезелерді сүртеді. Басқа да шаң қонатын жердің бәрін тазалап, еденді жуып, мұнтаздай еткен соң ғана көңілі жайланып, әндете жүріп одан кейінгі атқарылатын іске көшеді. Өйткені, Өңірлік коммуникациялық қызметіне қарасты бес қабатты ғимаратты тазалықта ұстау жұмысы мұнымен аяқталмайды. Жиын өтетін залдар, әдемілік үшін қойылған түрлі заттар мен жиһаздар, ағаштар мен гүлдердің күтімі тағы бар. Адамдар жүретін үлкен дәліздерді күніне бірнеше мәрте жуып шығу да тазалықшылардың тікелей міндеті.
Қарлығаш апай өзіне жүктелген міндетпен қатар осындағы барлық тазалықшының жұмысына жауапты. Сондықтан олардың істеген ісін бір қадағалап өтіп, ұжымға жаңа қосылған жандарға бағыт-бағдар беріп отырады. 

– Ұжымда 15 қыз бар. Жаңа қызметкерді жұмысқа аларда екі ай сынақтан өтеді. Тәжірибелі мамандар оларға бағыт-бағдар береміз. Бірінші кезекте адамдармен сәлеміміз түзу болу керектігін айтамыз. «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» жұмысымыздың басты шарты. Одан кейін осы ғимаратты өз үйіндей қабылдап, көтеріңкі көңіл-күймен, бар ынта-жігерімен тазалап, жинап шығу қажеттілігі үйретіледі.   Өзгелерге жайлы жағдай жасау үшін, әлбетте, тазалықшылардың да көңіл-күйлері көтеріңкі болуы керек. Ол үшін бір-біріміздің көңілімізді аулап, бүгінгі күні нәтижелі жұмыс істеуімізге  серпін беріп отырамыз. Өйткені, біздің жұмыс аса жауапты. Бір жерді жуып, тазалап болған соң да «екі шоқып, бір қарап» дегендей, сүрткен жерімізді қайта тексеріп шығамыз. Онсыз болмайды. Біздің жұмыс мұнтаздай тазалықты талап етеді. Тазалық бар жерде тәртіп бар. Көңіл-күйің көтеріліп, жұмыс істеу қабілетің де артады. «Тазалық – денсаулық кепілі» демекші, денсаулығыңа да игі ықпал етеді. Демек, осында қызмет ететін жандардың еңбегі өнімді болуына біздің де қосатын үлесіміз бар, – деді Қарлығаш апай бізбен әңгімесінде ағынан жарылып. 

Қарлығаш Сайдахметованың негізгі мамандығы – есепші. Орта мектепті бітірген соң 1980-1981 жылдары Павлодар қаласындағы ауылшаруашылық училищесінде осы мамандықты меңгереді. Кейіннен Талдықорған экономика-технологиялық колледжінде компьютерлік бағдарламаны меңгерген бухгалтер мамандығын оқып, заманға сай білімін толықтырады. Еңбек жолын өзі туып-өскен Ақсу ауданы Қазақстан ауылының Мәдениет үйінде бастап, осында меңгеруші болады. Одан соң тұрмысқа шығып, өмірге екі қыз, екі ұл алып келеді. Осы жылдар аралығында ұжымшарда есепшінің көмекшісі қызметін атқарады. Балалардың болашағын ойлап 1998 жылы Талдықорған қаласына қоныс аударған соң «Жаңа ғарышкер» пәтер иеленушілер кооперативінде, «Алматыгорстрой» мекемесінде еңбек етеді. 2014 жылдан Журналистер үшін салынған еңселі ғимаратта еңбек жолын жалғастыруда.

Қарлығаш Сайдахметова:
Барлық жер таза болса денсаулық та жақсы болады. Сондықтан да жүрген жерімде тазалыққа мән беріп жүремін. Үйде гүл өсіргенді ұнатамын. Оларға ерекше бап керек. Әрқайсысын суғарып, ауамен демалдырып, жапырақтарын шаң баспау үшін сүртіп, су бүркіп тұру керек. Кейбір гүл көп суғарғанды ұнатпайды. Әр гүлдің өзіндік күтімі бар. 
Адам білемін дегеннің өзінде қателесуі мүмкін. Сондықтан үйренуден жалықпау керек. Білмегеніңді білетіндерден сұрап, ғаламтордан қарап үйренуге болады. Сондықтан еңбек етуден, сұрап білуден шаршамайық. Ауа таза, көңіліміз көтеріңкі болсын десек, гүл өсіріп, үйді таза ұстап, айнала қоршаған табиғатты аялай білейік.

Өмірлік қосағы Саят Асқарбекұлы екеуі 36 жыл бір шаңырақта тату-тәтті ғұмыр кешіп келеді. Самат, Самал, Анар, Аян есімді ұл-қыздарын жеткізіп, қатарға қосты. Әрқайсысы бір мамандық иесі, банк, бизнес саласында еңбек етуде. Келіні Жадыра да банк қызметкері. Кенжесі Аян ғана студент.
Үлгілі шаңырақ иелері ата-аналарына да абыройлы қызмет етіп, солардың ақ батасын алып, өнегелі жолдарын жалғап келеді.  

– 22 жасымда бір әулеттің үлкен келіні болып түстім. Ата-енемнің алдынан қия өтпедім. Енем марқұм жеті баланы тәрбиелеп жеткізген ақжарқын кісі еді. Өмір туралы, көргені мен көкейіне түйгені, әсіресе, адамдарға құрмет, ізет көрсету қажеттілігі жайлы жиі айтып отыратын. «Түзу, тура жүріңдер, байлыққа қызықпаңдар» дейтін. Қайын атам да өмір бойы бізге тілекші болып, әрбір істе көмек беріп, бағыт-бағдар көрсетіп, ризашылығын білдіріп кетті. Содан шығар  өніп-өрбіп отырғанымыз. Өз әкем де «Киген киімің, ішкен асың адал болсын» деп отыратын. Сондықтан да өмірде адал еңбек етіп, балаларға да осыны дарытуға тырыстық. Ал анамнан бойыма тазалықты сіңірдім. Киген киімі, үй іші тап-таза, қазан-ошағы айнадай   жарқырап тұратын. Қазір байқасам, үлкен кісілердің әрбір айтқан сөзі, істеген ісі үлгі-өнеге екен. Күнде кешкісін дастарқан басында тәрбиелік сөздерін айтып, жақсы нәрсені құлағымызға құйып отыратын. Соны біз тыңдап өстік. Қазіргі жастарға ақыл айта бастасаң, жарты сөзіңді тыңдап, жартысын тыңдамай кете барады. Үлкендердің ақылына құлақ асу қалып барады. Сондықтан да үлкендерге құрмет, адамдарға жанашырлық, ізеттілік сынды жақсы қасиеттер азайып бара  жатқандай, – деп бүгінгі қоғамға, жастар тәрбиесіне қатысты да өз ойын білдіре кетті Қарлығаш апай.

Ана үшін қыз тәрбиесі – ең басты мәселе. Бұл ретте ұлға әке, қыздың болашағына ана жауапты дегенді алға тартады кейіпкеріміз.
– Қыздарыма «ертең сен басқа үйдің адамысың, осы шаңырақта сіңіргенің өзге шаңыраққа барғанда тайға таңба басқандай көрінеді. Адам үйге кіріп келгенде ең бірінші тазалыққа көзі түседі. Одан соң түр-әлпетіңе, киген киіміңе қарайды. Сол үшін үйің жинаулы, үстіңдегі киімің, бойың таза болсын. Тамағың әрдайым дайын тұрсын» деп отырамын. Әрбір адамның көңілінің кілтін тапсаң, сол шаңыраққа да, көрші-қолаң, дос-жаран, ағайын-туысқа да сыйлы боласың деймін. Өмірлік жарым мені таңдағанда мінезімді ұнатқан екен. Демек, адам мінезімен көрікті, сыпайы, сыйлы. Одан соң ешқашан шаршадым, талдым демеу керек. Биыл, міне, 58-ге келдім. Бірақ, болды, зейнеттік жасқа жеттім, уақытым келді, демалайын деп тұрғаным жоқ. Кейбір адамдар маған «жасыңыз келіп қалған адамсыз, әлі жастар сияқты ширақ қимылдайсыз» деп таңғалады. Бәрі адамның көңіл-күйіне, өзіне байланысты. Жоқ, бұл менің қолымнан келеді деп кәрілікке бой бермесе, әрбір істі жоспарлап істесе, бәріне де үлгереді. Тек әр жұмыстың ыңғайын біліп, оны жүйелеп атқара білу керек. Қиындықты қорықпай жеңе білсең ғана мақсатыңа жетесің. Сонымен қатар, істеген ісіңді сүйіп, бар ынта-шынтаңмен жасау керек. Айналаңызға қараңызшы, барлық нәрсе тазалықтан басталады. Адам, тіршілік, қоғам, бәрі тазалықты жақсы көреді. Осы тұрғыдан алғанда өз жұмысыма көңілім толады. Барлық істі аяқтап тастап, жан-жағыма, айнадай жарқырап тұрған бөлме, кеңсе, ғимаратқа көз салып, жан рахатын тапқандай боламын. Бұл ғимарат – менің екінші үйімдей. Іргетасы қаланған кезден бастап осында қызмет етіп келемін. Басында үйіме жақын болған соң жақын жер деп жұмысқа кірдім. Енді екінші тынысым ашылғандай осы ғимараттың бар тазалығы, жауапкершілігі менің мойнымда болған соң жалығуды, шаршауды білмеймін. Еңбек еткен сайын екінші тынысым ашылады. Күнделікті қимылда жүреміз, бұл адамның өзін жеңіл сезініп, ширақ қозғалуына әсер етеді, – дейді ол.

Бүгінде Өңірлік коммуникациялық қызметінің тазалық бөлімінің меңгерушісі болып еңбек ететін Қарлығаш Баймұханқызының біз танып білген, тамсана көз тастаған әлемі осындай. Шынайы еңбек адамының жан дүниесіне дендей еніп, «Еңбек бәрін де жеңбек» деген сөздің төркініне терең бойлағандай болдық. 

Алма ЕСЕНБАЕВА

Қатысты жаңалықтар

Мемлекет және қоғам қайраткері Наурыз Қылышбаев 85 жаста

Мемлекет және қоғам қайраткері Наурыз Қылышбаев 85 жаста

08.02.2026
Ғылым, инновация және мәдениет: Айгүл Сәдуақасова неге бұл құндылықтар Конституцияның негізін құрайтынын айтты

Ғылым, инновация және мәдениет: Айгүл Сәдуақасова неге бұл құндылықтар Конституцияның негізін құрайтынын айтты

07.02.2026
Жетісуда жылдық жоспар бекітілді

Жетісуда жылдық жоспар бекітілді

07.02.2026
Жаңа Конституция биліктің тұрақты және түсінікті моделін орнатады – Ольга Перепечина

Жаңа Конституция биліктің тұрақты және түсінікті моделін орнатады – Ольга Перепечина

07.02.2026
Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

07.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.