Талдықорған: 0°C
$ 451.05
€ 504.95
₽ 5.60
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Теңгенің туған күні

14 қараша 2016
РУХАНИЯТ
Теңгенің туған күні
WhatsAppTelegramFacebook

Қағаз ақша. Ғасырлар бойы қалыптасқан қоғамдық сананы билеген бір жапырақ қағаздың құны мемлекеттің тәуелсіздігінен, елдің егемендігінен, халықтың азаттығынан хабар берсе керек. Сондықтан да төл теңгеміз айналымға енген 1993 жылдың қоңыр күзі көзге ыстық, көңілге шуақты. Себебі, Әбу Насыр әл-Фараби, Сүйінбай Аронұлы, Құрманғазы Сағырбайұлы, Шоқан Уәлиханов, Абай Құнанбайұлы, Әбілқайыр хан, Абылай хан сынды халқымыздың асыл ұлдары бейнеленген төл теңгеміз мемлекеттің нағыз тәуелсіздігін күллі әлемге жар салдырды.

Шіркеулердің күмбезі салынған «сабан» ақшаның құнсыздануы елдің көкейіне ұлттық валютамыздың қолданысқа енуіне деген арманды асқақтатты. Көк байрағы желбіреп, Елтаңбасы менмұндалаған қазақ елінің Гимні биік-биік мінберлерден шырқала бастаған тұста теңгенің айналымға енуі елді елең еткізген жаңалық болды.
Алақандай қағаздағы 1, 2, 5, 10, 20, 50 тиынды алғаш ұстап көрген әрбір қазақтың көкірегінде бабалар аңсаған азаттықтың ащы ақиқаты, бұлжымас серті өркен жайды. Өйткені, ғасырлардан жетіп, аңыздай естілген шындық халқымыздың бойындағы дегдарлықтан, бекзат болмыстан хабар беретіндей елестеп, генетикалық тұрғыдан ғана түсіндіруге болатын сезімдердің серпілісін тудырды. Орыстың «деньги» деген сөзінің түп-төркіні қазақтың теңгесінен бастау алатынын айтуға болмайтын ғасырдың ұрпақтары санасын буған адастырудың күл-талқанын шығарып, қирата алмай қиналып жатты. Теңгенің артқы бетіне түскен тастағы таңба – петроглифтер он мыңдаған ғасырдың белгісіндей, әлемдік мәдениетке үлес қосқан Ұлы Дала өркениетінің жәдігеріндей көрініп, көкіректі кернеген кекті жастың тамшысын шығарды. Аһ ұрған кеуделердегі зар мен мұңды түсіндіріп берер тылсым жоқтығын ұғынған ұландар теңгеге салынған ұлттық нақыш – оюларды бабадан қалған жәдігердей аялап, ақырын ғана сипалады. Жүзіне басып, Жаратқан Аллаға шүкірлік танытты. Туған жердің топырағын аңсап өткен алыс-жақын шет мемлекеттердегі ағайындар теңгенің айналымға енгенін естігенде жасаураған көздерін сүртіп, Алла Тағалаға ақсарбас атады. «Малым – жанымның, жаным – арымның садағасы» дейтін қазақ баласы үшін бұдан асқан айнымас серт, бұлжымас қағида жоқ. Арын баршадан биік болған елдің ұрпақтары сөйтіп, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған мамыражай заманның келгенін шын түйсінді. Соның айқын дәлелі – төл теңгені өз көздерімен көргендеріне шүкірлік айтып, қағаз тиындар әбден тозғанша ұстады. Тастай салуға, айырбастау пунктіне өткізуге көзі қимады. Сол жылдары әрбір қалтада мылжа-мылжасы шыққан қағаз тиындар көптеп жүретін.
Қоғамдық көліктегі жол жүру ақысы 50 тиын кезінде Алматы тұрғындарының қағаз ақшаны қалай әспеттеп ұстағанын көзіміз көрді. Қарт ананың әмиянынан шыққан теңгеге қайтарылған майда тиынның қайтадан реттеліп, мұқият қатталып сырғымалы қызыл қалтаға салынғаны ұлттық валюта – теңгеге деген құрмет еді. Ықыласы ерекше еліміз кейіннен темір теңге шыққанда да қабақ шытпады, номиналы 10 мыңдық, 20 мыңдық теңге айналымға енгенде де еңсесін түсірмеді. Қайта керісінше, теңгенің құны артатын күндер туатынына сенім артып, шетелдік валютаны айналымнан шығарып тастауға күш салуға кірісті. Осындай риясыз көңілдің артында мемлекеттің тәуелсіздігіне деген нық сенім орныққан. Оны бұлжымастай етіп орнықтырған теңге болатын. Өйткені, өлмегенге өлі балық жолығарын жақсы білген халқымыз тағдырының жұлдызды сәттері келе жатқанын ұғынып, теңгесінің барына шүкірлік етті.
Әлемдік тарихқа көз жүгіртсек, адамзат өркениетінің шарықтаған тұстарында туы желбіреп, байрағы асқақтаған әрбір мемлекеттің өз валютасы – теңгесі болғандығын байқаймыз. Оған елімізде дәлел жетерлік. Алматы қаласының Медеу мұз айдынына бет алған бағытта орналасқан Шекара училищесінің аумағынан ғалымдар көне сақ тілінде «Алмута» деп жазылған теңге тапты. Одан бөлек, Көксу ауданының тұрғыны бақшасынан ерте замандарда соғылған тиындар салынған қыш құмыра тауып алды. Осы екі жәдігердің де тарихы терең, айтары мол. Тыңдар құлақ, ұғынар құлық болса ғасырлар легінен бұзылмай, шын зергердің қолынан шыққан темір теңгелер басынан өткерген тарихты сыналай түскен зер мен оюдың тілімен әңгімелеп береді. Бәрі де бүгінгі Теңгенің түп-тұқияны тым алыстан, ғасырлар қойнауынан басталатынын жырға қосар еді. Сол арқылы аттың жалы, түйенің қомында тірлік кешкен азат халықтың бай мұрасы болғанын дәлелдеу қиын емес.
Жетісудің құрметті ақсақалының бірі Заманбек Батталхановтың үйінде отырған атақты Дағыстан ақыны Расул Ғамзатов:
– Қазақтардың тарихы айсберг сияқты, – деп терең ойға шомғанын баласы Ерболат Заманбекұлы айтып берген-ді бір кездесуде. Әлемдік әдебиетті жалынды жырлар мен «Менің Дағыстаным» атты танымдық туынды қалдырған шайырдың ойлағаны көне сақ, ғұн, үйсін, қаңлы, қыпшақ хандықтары мен Алтын Орда, Ақ Орда, Көк Орда, Моғолстан, Қазақ хандығы кезеңдері болар деп тұжыруға мәжбүрміз. Дегенмен, әлем жұртшылығы мойындар тарихымыздың барлығын еліміздің барлық аймақтарынан табылған археологиялық жәдігерлер-ақ айтып берері анық. Солардың қатарында бүгінгі теңге де бар.
Жасай бер, жаса қазақ елінің ұлттық валютасы теңге! Сен біз үшін бәрібір қастерлісің. Мейлі, құның өзге елдердің ақшасынан арзан болса да біз үшін сендегі асқақ арман, биік мақсат қастерлі. Атаның қаны, ананың сүтімен енген ұлттық мінезіміз барда бабалар аңсаған азаттығымыздың арайлы Туы желбіреп тұрғанда сен тірісің, теңге!

Мәди Алжанбай

Қатысты жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: Экологиялық мәдениет – ұлттық сананың жаңа деңгейі

Ең қымбат ұғым

26 қазан 2026
Шетелдік сарапшылар Қазақстанның цифрлық серпілісіне баға берді

Жарқын болашақ

26 қазан 2026
Қыз тағдыры – ұлт айнасы

Отбасылық қолдау

26 қазан 2026
Жауапкершілік – саналы қоғамның негізі

Жауапкершілік – саналы қоғамның негізі

26 қазан 2026
Жетісу облысында өрт көрсеткіші өсті: Тұрғындарға қандай ескерту жасалуда?

Жалын жүрек, жас өрен

26 қазан 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайттың редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.