Талдықорған: +8°C
$ 452.91
€ 509.43
₽ 5.53
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

«ТОЙБАСТАР» ҰМЫТ ҚАЛЫП БАРА МА?

7 желтоқсан 2018
РУХАНИЯТ
WhatsAppTelegramFacebook

   Ежелден халқымызда тойдың соңында берілетін «Тойбастар» деген дәстүр бар. Ол жиын-тойдың аяқталғанын, бірақ қуаныштың алда да жалғаса беретінін білдіреді. «Тойбастар» әнмен басталып, әр дастарқанға әкелінген той кәдесінің таратылуымен ерекшеленеді. 

 

   Алайда, қазіргі тойларда осы «тойбастар» дәстүрінің мәні өзгеріп бара жатқанына куә болып жүрміз. «Тойбастар әкелінсін» деп асаба хабарлағанынан кейін ортаға қойылып, оның ішіндегі түрлі сыйлықтарды қонақтар өзара бөліп алатын той табағының орнын әр адамға жеке-жеке берілетін кәдесыйлар алмастырғанына көз жеткізудеміз.
   Тойбастарда айтылатын әннің де, орамалмен жабылған табақтағы сыйды ашып таратып берудің де өз мәні бар болатын. Ән айтып, той бастап «бүгінгі шаттық-думан аяқталғанымен мұның арты тойға ұлассын» деп ырымдап қайтатын тойшыл қауым. Ал, тойбастар табағын оны таратудың жөнін білетін адам ашып, әркімге тиесілі деген кәдесыйын ұсынатын. Бұл да «Тойдан тобықтай» деген ырымды еске салар еді. Ал қазіргі тойларымыздағы салт-дәстүр, ырым-жоралғылардың сақталу жағы көңілден шыға ма? Бұл турасында еланасы Зейнеп Ахметова былайша толғанған еді.
– Қайсыбір жерлерде қыздың тойында «тойбастар» бермейді дегенді шығарып жүр. Той қайдан басталады, әрине, қыздың үйінен басталмай ма?..
   Содан кейін, «тойбастар» – сыйлық емес, ол – жақсылықты шашырату, жақсылығымыз өзгелерге жұғысты болсын деген әдемі ырым. Ырым деген не? Ол адамның жақсы тілегі, ғылым тілімен айтсақ, жақсы энергия. Ырымды жоймау керек. Қазіргі кейбір тойларда ұрлық қылғандай қасыңа әкеліп пакет қоятынды шығарды. Мұндайда «кімге не салды?» деген секілді әркім әртүрлі ойға кетуі мүмкін. Бұл – жаңа қазақтардың шығарған жаңалығы. «Тойбастарды» жарқыратып әкеліп, әрқайсысы бір затыңды ырымдап алудың өзі көңіліңе қуаныш сыйлайды. Иә, сенің үйіңде кәмпит, бәрі бар. Бірақ, анадан алғың келіп тұрады. Өйткені, сенің жаның жақсылыққа құмар болып тұр. «Тойбастар» – тойдың сәні. Содан кейін «тойбастарды» әр жерден емес, қазақтың төрттағанды өлеңімен бір адамға ғана айтқызып, қалғандары әлгі жақсылықты бөлісіп алып жатса, қандай тамаша болар еді?! «Тойбастар» да өнеге.
«Жібек шашбау артына бос тастаған,
Ұсынады бойжеткен шай тостаған.
Той бастаған – жәй өлең айту емес,
Бұл да өнеге артқыға ой тастаған…» –
деген екен бұрынғылар.
Міне, осыдан «Тойбастардың» жай ғана тойдан алатын кәдесый ғана емес, өнегелі дәстүр екеніне көз жеткіземіз. «Тойбастардың» ішінде қандай сыйлар болатыны да маңызды. Ал, қазіргі тойларда бірі ыдыс-аяқ берсе, енді бірі жуынатын гель, сабын сынды заттарды салып жатады. «Қызым барған жеріне балдай батып, судай сіңсін» деген мақсатта арнайы жазуымен банкіге салынған балды да беретіндер бар. Ыдыс-аяқты тойдан жақсы естелік ретінде алуымызға болады, ал жуынып-шайынуға арналған заттарды тойбастар ретінде беру еш қисынға келмейді. 
   «Тойбастар» беруде осы сынды жіберіп жатқан олқылығымыз көп.  Сосын «көп ел соңын күтпейді» деген желеумен «тойбастарды» тойдың басында немесе ортасында беріп жататындар бар.  Меніңше, бұл да қате. Ол «тойымыз тарқамасын, ары қарай жалғассын» деген ырым. Сондықтан тойдың соңында берілуі заңды.  
   Осылайша той дәстүрін ұмытқанымыз аздай, тіпті өңін теріс айналдырып жатқан жайымыз бар. Кәдесыйды тойбастармен шатастырып, мәні мен маңызы зор дәстүрімізді мансұқ етіп жатқандаймыз. Алдағы тойларда «Тойбастарды» өз мәнінде атқарып, ата-дәстүрімізді ұмыт қалдырмайық. Той көп болсын, ағайын!

Алма ЕСЕНБАЕВА.

 

Қатысты жаңалықтар

Әлеуметтік қолдау – маңызды міндет

Әлеуметтік қолдау – маңызды міндет

Бүгін, 10:10
Ел дамуының бағдары

Ел дамуының бағдары

Бүгін, 09:32
Абаттандыру ережелерін бұзғандар жауапқа тартылуда

Абаттандыру ережелерін бұзғандар жауапқа тартылуда

Бүгін, 09:09
Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды

Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды

4 қараша 2026
Жолдау жүктеген міндет

Жолдау жүктеген міндет

4 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.