Талдықорған: -2°C
$ 501.26
€ 590.38
₽ 6.54
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Тоқты мен серке көрерменге жол тартты

26.02.2026
РУХАНИЯТ
Тоқты мен серке көрерменге жол тартты
WhatsAppTelegramFacebook

Бикен Римова атындағы Академиялық драма театрында белгілі драматург Батырхан Дәуренбековтың «Тоқты мен Серке» атты ертегісінің премьерасы көрермен назарына ұсынылды. Балаларға арналған бұл жаңа қойылым жас көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлап қана қоймай, олардың бойына ізгілік, достық, батылдық пен адалдық секілді асыл қасиеттерді сіңіруді мақсат етті.

Премьера күні театр залына жиналған бүлдіршіндер мен ата-аналардың қарасы қалың болды. Ертегі желісіне құрылған қойылым басталған сәттен-ақ балалардың қызығушылығын оятып, олардың назарын бірден өзіне аударды. Кейіпкерлердің әсерлі ойыны, сахналық қимыл-қозғалыстар, әсем декорация мен жарқын костюмдер көрініске ерекше әр берді. Музыкалық сүйемелдеу мен жарық эффектілері де қойылымның көркемдік деңгейін арттырып, ертегілік атмосфераны айқын сезіндірді. «Тоқты мен Серке» ертегісінің негізгі идеясы – достыққа адал болу, бірлік пен ынтымақты сақтау, қиындыққа мойымай, батыл әрекет ету. Қойылым барысында Тоқты мен Серкенің басынан кешкен түрлі қызықты оқиғалары арқылы балаларға өмірлік маңызды құндылықтар көркем түрде жеткізілді. Қиын сәттерде бір-біріне қолдау көрсетіп, өзара сенім мен түсіністік танытқан кейіпкерлердің әрекеті жас көрермендерге үлкен өнеге болды. Қойылымда театр әртістері өз шеберліктерін барынша таныта білді. Әсіресе басты кейіпкерлердің сахнадағы табиғи ойыны, эмоцияға толы диалогтары мен қимыл-қозғалыстары көрермен көңілінен шықты. Премьераны тамашалауға келген балалар көрермендері де өз әсерлерімен бөлісті. Көрініс соңында залда отырған бүлдіршіндер ұзақ қол соғып, кейіпкерлерді сахнадан жібергісі келмеді. Көпшілігі қойылымның қызықты әрі көңілді болғанын айтып, сүйікті кейіпкерлерін атап өтті. Ата-аналар да балаларға арналған осындай тәрбиелік мәні зор спектакльдердің жиі қойылуы қажет екенін жеткізді. Мұндай мәдени шаралар жас ұрпақтың өнерге деген қызығушылығын арттырып, олардың рухани-эстетикалық талғамын қалыптастыруға зор ықпал етеді.

Жалпы, Батырхан Дәуренбековтың «Тоқты мен Серке» ертегісі негізінде сахналанған бұл қойылым Бикен Римова атындағы Академиялық драма театрының балаларға арналған репертуарын толықтырып, көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлаған жарқын мәдени оқиғаға айналды. Тәрбиелік маңызы жоғары, мазмұны терең, көркемдік шешімі үйлесімді спектакль жас көрермендердің жүрегінен орын тауып, олардың театр өнеріне деген сүйіспеншілігін арттырары сөзсіз

Айдана АМАНЖОЛҚЫЗЫ,
ЖУ студенті

Қатысты жаңалықтар

Халықаралық операция арқылы ірі есірткі арнасы жойылды

Халықаралық операция арқылы ірі есірткі арнасы жойылды

26.02.2026
Жарқын елдің шамшырағы

Жарқын елдің шамшырағы

26.02.2026
Қазақстанда дәрігерлер тапшылығы екі жылда 19,6 пайызға қысқарды

Қазақстанда дәрігерлер тапшылығы екі жылда 19,6 пайызға қысқарды

26.02.2026
Балл қуған буын

Балл қуған буын

26.02.2026
Талдықорғанда «Digital Qazaqstan Battle» жартылай финалы өтеді

Талдықорғанда «Digital Qazaqstan Battle» жартылай финалы өтеді

26.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.