Талдықорған: +1°C
$ 503.90
€ 603.32
₽ 6.61
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Түркінің текті перзенті

27.12.2016
РУХАНИЯТ
Түркінің текті перзенті
WhatsAppTelegramFacebook

Жеті нотаны сөйлеткенде Жетісудай жерде туылғанына қуанасың. Атын атап арқаланып қаласың. Көңілге түрлі ой салар әсем ән мен тәтті күйін тыңдаудың өзі ғанибет. Қазақ симфониясының әлемдік аренада шарықтауына күш салып, алыс-жақын шетелдермен ынтымақтастық орнатып жүрген еңбегінің өзі ұзын-сонар әңгімеге арқау боларлықтай. Дегенмен, елі ескеріп, ерім деп дарынын даралап жүргендіктен бәлендей бейнелі сөздің керегі шамалы. Бір сөзбен айтқанда Әли Алпысбаев – саз саңлағы.

Бүгінгі күнге дейін жүздеген ән, бірнеше ірі күй-поэмаларды тудырып, домбыраға арнап жазылған 3 бөлімді концерттің авторы атанған, 10-ға жуық театрлық қойылымдарға музыка жазып, «Ауылдағы той», «Әнімді сізге арнадым» атты шығармалар жинағын руханиятымыздың қазыналы қамбасына тоғытқан Әли Демегенұлының дарыны дара, жалыны басым. Өзге мемлекеттерге барып қазақтың музыка өнерін дәріптеп, еліміздің белді сахналарында концертін үзбей беріп жүрген жанның жұрт дегенде жүрегі айрықша соғатыны бар. Оны ұлттық құндылықтың аяқасты болып, жеңіл ырғақты әндер жауыннан кейінгі саңырауқұлақша қаптап кеткен осы бір тұста жақсырақ сезінеміз. Өйткені «Моцарттың бір нотасын алып тастаса, рапсодиясы күл-талқан болады» дегендей, дарын иесінің туындылары бұзуға келмейтін, бұтарлауға болмайтын соқталдай дүние. Мәні мен мазмұны, көркемдік иірімдері, желісі оқтай тартылған шығармалары сондықтан да ел жүрегінен орын алуда. 
Алтыбайт тауының баурайындағы Мәулімбай деген ақынның ауылында, қарапайым отбасында дүниеге келіп, түркі жұртының саз өнерінен сара жолын сала білген Әли Алпысбаев Ұлы Даласының дүбірін «Дала», «Әке арманы», «Құлагер», «Элегия» атты оркестрге арналған поэмаларына арқау ете білген. «Орбұлақ таңы» атты шығармасының өзі тыңдаған жұрттың тамырын тулатып, қазақы қанын тасытар дүние. Осындай туындыларды өмірге алып келуі арқылы музыка майталманына айналған жан ел құрметіне бөленіп келеді. Оған дәлел ТҮРІКСОЙ халықаралық ұйымы мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған игі шара. Алматы қаласындағы Достық үйі мәжіліс залында өткен аталмыш кеш барысында «Түріксой – Қазақстан» кітабының тұсаукесер рәсімі өтіп, елімізге, жалпы түркі жұртының руханиятына сүбелі үлесін қосқан өнер майталмандары марапатталды. Жетпістің желкенін көтеріп, сексеннің сеңгіріне шыққан қайраткерлер арасындағы жасы болып Әли Алпысбаев марапатталды. Түріксой халықаралық ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов өңіріне медаль қадап тұрып:
– Сіз қазақ халқының ғана емес, бүкіл түркі жұртының көз алдында жүрген жансыз. Қандас елдердің музыка өнеріне қосқан өлшеусіз үлесіңіз үшін бұл құрметке бөленудесіз. Сіздің бауырлас халықтардың мақтанышы екеніңізді де баса ескерткім келеді,– деген болатын. Мұның өзі дарын иесінің еңбегінің ақталғаны деп білеміз. Сонымен қатар, Әли Демегенұлы киелі Жетісу жерінен алғашқы болып Түріксой медалін иеленуде. Бұл күллі жетісулықтың мәртебесі мен мақтанышы десек, артық айтқандық болмас. 
Халқына сыйлы дирижер, дарынды композитор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері және «Құрмет» орденінің иегері, «Элита Казахстана», «Қазақстанның Құрметті азаматтары» атты кітаптар мен «Жетісу» энциклопедиясына енген саз саңлағының алар асуы мен халқына берерінің әлі алда екені даусыз.

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Темірлан Анарбеков Чемпиондар лигасының үздік үштігінде

Темірлан Анарбеков Чемпиондар лигасының үздік үштігінде

29.01.2026
Зейнетақы шотындағы артық ақшаны алу ережесі тағы өзгерді

Зейнетақы шотындағы артық ақшаны алу ережесі тағы өзгерді

29.01.2026
Ішкі істер министрлігі Қазақстанда алкоголь сатуды шектеу туралы ұсынысты қолдады

Ішкі істер министрлігі Қазақстанда алкоголь сатуды шектеу туралы ұсынысты қолдады

29.01.2026
Алтын бағасы алғаш рет 5600 доллардан асты

Алтын бағасы алғаш рет 5600 доллардан асты

29.01.2026
Баукеңнің еркелігі

Баукеңнің еркелігі

29.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.