Талдықорған: +2°C
$ 493.36
€ 572.84
₽ 6.29
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Тұрсын Жұртбай: «Абайды оқып ауырып, Абайдың әнімен жазылатынмын»

08.08.2025
РУХАНИЯТ
Тұрсын Жұртбай: «Абайды оқып ауырып, Абайдың әнімен жазылатынмын»

Фото: baq.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Баяғыда Қазақстан Жазушылар ода­ғында істеп жүргенімде Асқар Сү­лей­менов пен Тәкен Әлімқұлов секілді дег­дарлармен етене араластым. Олар жыл сайын Абайды міндетті түрде бір рет оқитын. Оқып келеді де, Абайды бас­қа қырынан танығандарын айтып, таң­дай қағысады. «Қайтсек, Абай ар­мандаған елге айналамыз?» деп мұң ке­шеді. Олар Абайды оқысақ, ауырамыз дей­тін. Бастабында байыбына толық ба­ра алмадым. Мен үшін Абай өте «тү­сінікті» еді. Мен де жыл сайын Абайды тап­жылмай, бастан-аяқ бір рет оқимын. Жылдар өте келе сол ағаларымыздың «дертін» жұқтырдым.

10 тамыз – «Қазақтың бас ақыны», хакім Абайдың туған күні. Еліміз бұл мерейтойды ерекше атап өтіп жатыр. Мереке қарсаңында абайтанушы ғалым, жазушы Тұрсын Жұртбайдан сұхбат алған болатынбыз. Ол: «Абай – алып мұхит. Оны зерттеген сайын тереңіне сүңгисің. Бір құпиясын аштым десең, ар жағынан тағы бір сырлы әлем шығады», – дейді.

Абаймен «ауырған» адам адаспайды

– Абайтану мектебінің ұзақ жыл­­дық тарихы бар ғой. Ахмет Бай­тұрсынұлы «Қазақтың бас ақы­ны» дегеннен бері ғасырдан астам уа­қыт өтті. Әуезов, Мұхамед­ха­нов­тар бастаған ізгі де күрделі жолы Сіз­дер жалғастырдыңыздар. Әр та­қырыпта, әр аспектіде, мәтін тал­даудың әртүрлі методикасымен жан-жақтылы қарастырылып ке­леді. Абай әлемін, Абай заманын, Абай тұлғасын, Абай шығар­ма­шылығын және хакім өмірін зер­де­леудің зор жүлгесі қалыптасты. Десе де, кейінгі жас ұрпақ абай­тану­ды осы бағытта індетсе екен дей­тіндей ой-пікіріңіз, берер ба­ғытыңыз бар ма? Абайды әлі де те­реңірек зерттеудің қандай жо­лын нұсқар едіңіз?

– Өте күрделі сұрақ қойып отыр­сың. Өйткені Абай – таусылмайтын та­қырып. Оның құпиясы мол. Бірін ін­детсеңіз, екіншісі шығады. Оның өрі­мін тарқаттым-ау десеңіз, келесі бір жұм­бақ әлемге аяқ басасыз. Мен бала жа­сымнан Абаймен ауырдым. Сол кез­дің өзінде-ақ Абайды таныдым, түсін­дім деп ойладым. Бірақ жыл өткен сайын Абай әлемінің құпиясы көбейе түсті. Терең мұхиттың бір тамшысын зерт­теп, тұтас мұхиттың сырын ұқтым деуге келмейтінін барша ақылды адам біледі. «Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек, Ақылың – ашыған у, ойың кер­мек» дейді. Абайды бала кезде, жас­тық шақта оқығанда бұл жолдар қа­рапайым ақсақалдың күнде айтатын ақыл-кеңесі есебінде еді. Қырықтан асқан соң барып, тереңіне сүңги бас­та­дым. «Ақылдың ашитынын, ойдың кер­мек татитынын» білген сайын кеу­дені шер бұлты торлады. «Кермекті» ақыл мен қайрат арқылы жеңуге ұғына түс­тім. Сондықтан Абайға барар жол – ешқашан тегіс, бұдырсыз емес, «соқ­тықпалы, соқпалы». Оны оқыған адам өзі­нің таным-түсінігі, өмірлік тәжі­ри­бесі, адами келбеті, мінез мұғдары, білім мен ілім деңгейіне қарай сіңіреді. Әркім өзінің керегін алады. Абайды шын түсінуге тырысқан, оның ой сора­бын ұстануға ұмтылған адамның адас­қаны, от басқаны кемде-кем.

Болашақта абайтанушылар хакімнің ой тереңін бізден де жете зерттей­ті­ніне сенемін. Мың жыл бұрын жаса­ған даналардың идеялары ескірді ме? Жоқ. Өйткені адам адам болып жа­рал­ғалы Адам болып өмір сүруді үйренумен келеді. Миллиардтаған адамды жөнге салып, «толық адамға» айналдыру мүм­кіндігі өте аз. Зияткер қоғам, кісі ақысы мен оның жеке құқын қорғауға барлық заң-зәкөні бейімделген дамыған елдер­дің өзінде шешілмеген түйін көп. Сон­дықтан, адамның Адам боп өмір сүруі үшін ұлылардың ойлары мен қағи­даттарын терең түсінгеніміз жөн.

Баяғыда Қазақстан Жазушылар ода­ғында істеп жүргенімде Асқар Сү­лей­менов пен Тәкен Әлімқұлов секілді дег­дарлармен етене араластым. Олар жыл сайын Абайды міндетті түрде бір рет оқитын. Оқып келеді де, Абайды бас­қа қырынан танығандарын айтып, таң­дай қағысады. «Қайтсек, Абай ар­мандаған елге айналамыз?» деп мұң ке­шеді. Олар Абайды оқысақ, ауырамыз дей­тін. Бастабында байыбына толық ба­ра алмадым. Мен үшін Абай өте «тү­сінікті» еді. Мен де жыл сайын Абайды тап­жылмай, бастан-аяқ бір рет оқимын. Жылдар өте келе сол ағаларымыздың «дертін» жұқтырдым. Абайды оқығанда апталап жатып қалатын болдым. Ең­семді көтере алмайтынмын. Ондай кез­де досым Жәнібек Кәрменов келіп, Абайдың әндерін орындап, бойымды тіктеуге септесетін. Абаймен ауырып, Абай әндерімен сауығатын едім. Қазірге дейін сол күйді бастан кешіп келемін. Абайды оқысам, ауырамын. Бұл ауру – ұзақ жылдық дағдыға айналды. Абайды оқымасаң, көңілің қоңылтақсып, әлде­бір бағытсыз түзге бет алғандай бола­сың. Ал Абаймен сырлассаң, елдің, жер­дің, қоғамның ертеңін ойлап, дос пен қастың аражігін ажыратып, өзіңе «Мен кіммін?» деген сұрақты қоясың. Бұл сені дертті етеді.

Абай жүрек сөзін 167 рет қолданған

– Абайдың жүрек философия­сын терең сезінгенін айтып жүрсіз. Осы тақырыпты қысқаша түсіндіре кетсеңіз.

– Абай өз шы­ғар­маларында тек қана «жүрек» деген сөзді 167 рет қол­данады. Арабтарда «Кальф фи­лософиясы» (Жүрек философиясы) де­ген ұғым бар. Олар оны індете зерт­теген. Абай қолданған 167 жүрек хәлін сол философия шарттары арқылы са­раласаңыз, 167 түрлі мағына-мән шы­ға­ды. «Қалыпты жүрек», «тыныш жү­рек», «ессіз жүрек», «ауру жүрек», «жылы жүрек», «суынған жүрек», «асау жүрек», «ыс­тық жүрек» деп кете береді. «Ауру жү­рек ақырын соғады жай» дейді. Ауру жү­рек – мына өмірдің азап-ғазабын көр­ген, татарын татқан, пендешілікке ұрын­ған, тұншыққан жүрек. Неге тұн­шығады? Өйткені жол таба алмады. Жол табу үшін таным керек. Суынған жү­рек – тәркі дүниенің бейнесі. Адам­ның пәни мен бақи арасындағы өмір өт­келегін «жүрек» арқылы әртүрлі ас­пек­­тіде талқылап, оқырманына ой са­лады.

«Тірі адамның жүректен аяулы жері бо­ла ма? Біздің қазақтың жүректі кісі де­гені – батыр кісі дегені. Онан басқа жү­ректің қасиеттерін анықтап біле ал­май­ды. Рақымдылық, мейірбандылық, әр­түрлі істе адам баласын өз бауырым деп, езіле ойлағандай оларға да болса игі еді демек, бұлар – жүрек ісі. Асықтық та – жүректің ісі. Тіл жүректің айтқа­ны­на көнсе, жалған шықпайды. Амал­дың тілін алса, жүрек ұмыт қалады» дей­тіні де сондықтан. Осы бір тұжы­рым­ға тереңдеп бойласақ, Абайды шын тану­ға жақындай түсеміз. Абай жүрек фи­лософиясын Шығыс және Батыс фи­лософиясымен ұштастыра отырып, кең ауқымда зерттеген. Өз жүрегіне үңі­ліп, «жүректің көзін ашуға» барын сал­ған. Мұндай ізденімпаздық тек дана адам­дардың жолы. Қарапайым халық үшін жүрек «еттен» ғана тұрады. Біз Абайды оқығанда, көзбен емес, жүрек­пен оқуымыз керек. Біз ет-жүректің қағуы, ет-жүректің бұлқынуы, ет-жү­рек­тің ауруын ұқтық, алайда «ашынған, күйген, сүйген жүректі» зерделей алма­дық. Оның әрқайсы хақтық сипатқа ие.

«Гете – неміс ақыл-парасатының им­­­периясы» деген сөз бар. Гитлердің: «Бізге қазір қару империясы керек» деп уа­қытша Гетені тоқтатып, фашистік ба­ғытқа тұтас елді бұру себебі – не­міс­тер Гетеден жырақтамаса, онда ессіз ұран­ға ермейтінін білді. Гете – немістің жан дүниесі. Пушкин – орыстың жан дү­ниесі. Абай – қазақтың жан дүниесі. Олар­сыз халықтың өркендеуі мүмкін емес. Абай – қазақ ақыл-ойының им­пе­риясы. Біз Абайды оқуды, оны түсінуді тоқ­татсақ, оны өміріміздің айнасы ете ал­масақ, оны қазақ қоғамында кері про­цесс басталатынын ұғуымыз керек. Ге­тені шетке ысырған неміс халқы қан­дай жапа шеккенін бүкіл әлем біледі. Абай да, Гете де, Пушкин мен Толстой да – ұлы гуманистер. Олар өз халқының ға­на емес, тұтас адамзаттың өркендеу жо­лын нұсқаған жандар. «Адамзаттың бә­рін сүй бауырым деп» концепциясы – гуманистік идеяның алтын қазығы.

Махатма Гандидің: «Әлемдік ақыл-ой салтанатына үлес қоспаған ұлттың өмір сүруге қақысы жоқ» дейді. Біз Абай арқылы әлемдік мәдениет салтанатына үлес қостық. Егер Абай болмаса, онда қа­зақ ұлтының әлемге жарқыратып көр­сетер ерен тұлғасы болар ма еді?!.

Адамзаттың ақыл-ойын сараптап, кі­лең алғабасарларының ой-тұжы­ры­мын зерттейтін ЮНЕСКО-ның бұрын­ғы бас директоры Майор Федерико: «Абай – адам ақыл-ойының жылуы» де­ді. Мұнан артық қандай баға керек. Ол Абайдың төрт-бес тілге аударылған шығармаларын оқып барып, айтқан болатын.

Егерде ұлылардың ақыл-ой қат­па­рын, үгіт-насихаттарын, адам мен әлем, адам мен қоғам арасындағы диалог­та­рын, өмір сүру дағдыларын зерттеп, оларды белгілі дәрежеде түсінуге бо­ла­ды. Айталық, Әуезовтің «Абай жолын­дағы» Абайды оқысаңыз, ұлттық арман-мұраты, мақсат-межесі, елдің асыл қа­сиеттері сан алуан тақырып бойынша көр­кем бейнеленген. Онда Абайдың жан әлемінің жауһар сырлары қат­тал­ған. Бірақ бәрібір ол  – Мұхтар Әуе­зов­тің Абайы. Егер бір көркем шығарма ар­қылы оның барлық құпиясы ашы­ла­тын болса, онда ол ұлы тұлға емес, зият­керлердің бірі болмақ. Абай ол өл­шемге сыймайды. Өйткені Абай – да­на, Абай – кемеңгер. Әлемде зияткер, оқы­мыстылар көп. Бірақ «мыңмен жал­ғыз алысатын» даналар, заманына оза туған данышпандар өте сирек.

Абайдың сұрағы – әлемдік сұрақ

– Абай қазақ қоғамына экзис­тен­­циа­­листік сұрақты қойды. Одан бұ­рын дидактикалық сұрақтар көп еді. Абай қазақ қоғамына жал­пыа­дам­заттық мәселелерді алып келді. Дәс­түрлі қоғамда ғұмыр кешкен адам­ның мұндай тақырыптарға ден қоюына не түрткі болды деп ой­лайсыз?

– Дұрыс айтасың. Көркем фило­со­фия­лық ойлау жүйесінде «катарсис», «кал­лизия» деген ұғым бар. Ғалам мен ға­лам қағысқанда, заман мен заман қа­ғысқанда, бір ақыл-ой мен екінші ақыл-ой қағысқанда, сондай кезең бола­ды. Мұндай шақты Еуропа ертерек бастан кешті. Ал көшпенділер ХІХ ға­сырда бетпе-бет келді. Абай сол дәуірді жұ­лын-жүйесімен сезінген жан. Оған дейінгі көшпенділер қоғамында ондай катарсистік тұңғиық бола қоймаған. Кал­лизия – бітіспейтін қарама-қайшы қай­шылықтар. Енді қайтпек керек? Қа­зақ сахнасына «зар заман» қайдан шық­ты? Мұндай дәуірді олар да бастан кешкен. Бірақ Абай дәуірінің сұрқы бө­тен еді. Кез келген тығырықтан шығу үшін адам ойлануы керек. Ойланған адам өзіне сұрақ қояды. Сұрақ қойған адам оның жауабын да табуға ынталы бо­лады. Абайдың сұрағының жаңа болуы – оның қоғамы ескі мен жаңа­ның, бостандық пен бодандықтың өтке­лінде тұрған еді.

Абай – жаңашыл адам. Оның да­налығы сонда, тұтас адамзаттық сұрақ­тарды көңіл көзімен де, білім шуағымен де ерте сезіп, оны зерттей алуында. Абай «Шығысым Батыс, Батысым Шы­ғыс болып кетті» деп текке айтқан жоқ. Яғни, көшпенділер қоғамындағы дағ­дарыстың түп себебін жан-жақтан ізде­ген. Ол қазақтың ойлау жүйесін, өмір философиясын жете түсінді. Оны мей­лінше меңгерді. Бірақ заманның сұр­қы бөтен. Сол үшін де ол жаңа сұрақ қойды.

– Абай философиясының негіз­гі каноны «Адам кім?» деген сұраққа жауап іздеу ғой. «Мен кіммін?», «Адам кім?», өзіңіз айтып отырған «жү­ректің ісі не?» дегендей адам­ның жаратылысы, болмысы тура­лы ойларға барынша мән беруінің сырын қалай түсіндіруге болады?

– Абай «Адам кім?» деген сұрақты өзі­не қойып, жеке өзі жауап табуға ты­рысты десек, қателесеміз. Абайдың «Қырық үшінші қара­сөзін­де» жан қуаты туралы кеңінен толғайды. Сон­да «бұл қуаттың ішінде үш артық қуат бар» деп олардың орысша атауын береді. Яғни,  «подвижной элемент», «сила притягательная однородного», «впе­чатлительность сердца» деп ар­найы тоқталып, осы ұғымдарды тар­қатады. Мен Абай мұны қайдан алды деп көп ойландым. Көп іздендім. Орыс­тардан бұл ұғымды таба алмадым. Сөйт­сек, бұл ұғымдар неміс фило­соф­тарынан келген екен.  Ислам философы Ғазали де жанның төрт мағынасын зерт­теген. ХХ ғасырда ғұмыр кешкен Мұхам­мад Икбал да жан ұғымын зерде­леген. Солардың бәрін оқыдым. Абай айтқан үш ұғым жоқ. Елімізде абай философиясынан, абайтанудан 22 док­торлық диссертация қорғалды. Кан­дидаттық диссертация 40-тан асады. 7-8 диссертация Абай философиясы бойынша қорғалған. Солардың бәрін оқып шықтым. Бірде-бірінде жоғары­дағы Абай айтқан үш ұғым жоқ. Орыста, исламда жоқ болса, Абайдың өзі ойлап тапты ма? Жоқ, өйткені орысша атауын беріп тұр. Мен бұған қайран қалдым. Ақыры, қазіргі заман ақпараттық ғы­лымының білгірі, үлкен абайтанушы Сұлтан Ыбырай деген ғалымға қолқа сал­дым. Соған: «Абай осы ұғымдарды қай­дан алды? Соны іздейік» дедім. Жер-көк­ті шарлап жүріп ақырып таптық. Бек­кер деген неміс философы екен. Оның еңбектері орысшаға аудары­лып­ты. Оның еңбектері Ресейдің гим­на­зияларында оқытылыпты. Сол жан үшке бөлінеді депті. Оның ұғым­дары­мен салыстырсақ, Абайдікімен бірдей. Тек Абай оның ұғымдарын «асау жүрек» деген қазаққа жақын ойлармен жет­кіз­ген. Мұны айту себебім, Абай Батысты да, Шығысты да оқыған. Жай оқымаған, оны зерттеп, зерделеген. Өзінің ой-тұжырымына сәйкес келгенде  барып,  пәл­сапалық көзқарастарына қосқан. Абай ешқандай тұжырымды жай дол­бармен жазбаған. Осыны тапқан соң мен Абайға таңғалмайтын болдым. Оған сендім.

«Абайды оқып, түсініп болдық па?» деген сұрақты жиі қоямыз. Біздің ака­демиктер, докторлар таппаған жұм­бақ­ты қарапайым халық қайдан ұқсын. Әуел­гі сұрағыңда болашақ абайта­ну­шылар қай бағытта ізденгені жөн дедің ғой. Оларға Абай әлемінде зерделейтін дүние көп. Тек Абайға барар жолды дұрыс таңдауы керек. Абайға жүрекпен барған жөн. Абай техникалық таным­мен ойлайтындарға өзінің сырын ашпайды.

– Әңгімеңізге рахмет.

Сұхбаттасқан Тоқтарәлі ТАҢЖАРЫҚ

Дереккөз: turkystan.kz 

Қатысты жаңалықтар

«Жетісу» басты қарсыласынан басым түсті

«Жетісу» басты қарсыласынан басым түсті

05.03.2026
Бейбіт Исабаев «Жетісу» волейбол ерлер командасының ұжымымен кездесті

Бейбіт Исабаев «Жетісу» волейбол ерлер командасының ұжымымен кездесті

05.03.2026
Экотуризм: Ұлттық парктер мен қонақ үйлер жаңа деңгейге көтерілді

Экотуризм: Ұлттық парктер мен қонақ үйлер жаңа деңгейге көтерілді

05.03.2026
Жетісуда 8 Наурыз қалай тойланады

Жетісуда 8 Наурыз қалай тойланады

05.03.2026
Су тасқынына дайындық: Олжас Бектенов Төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық жедел штабтың отырысын өткізді

Су тасқынына дайындық: Олжас Бектенов Төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық жедел штабтың отырысын өткізді

05.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.