Талдықорған: +15°C
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ТУ КӨТЕРГЕНДЕР ЭСТАФЕТАСЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ДА ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

15 қаңтар 2021
РУХАНИЯТ
ТУ КӨТЕРГЕНДЕР ЭСТАФЕТАСЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ДА ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Солтүстік Қазақстанда басталған Көк Ту эстафетасын Алматы облысының намысты жігіттері де іліп әкетті. Атқа мініп, Қазақстан Туын желбіреткен азаматтардың патриоттық іс-шарасы Райымбек, Кеген, Еңбекшіқазақ, Талғар және Іле аудандарында жалғасын тапты. Бұл туралы «Жетісу» газеті хабарлады.

Қазақ ерекше қуанғанда сүйінші сұрау үшін немесе өне бойын намыс буғанда делебесі қозып, атқа мінетін болған. Әлеуметтік желі арқылы тарап жатқан көріністердің символдық мәнін осылай түсіндік.

Күні кеше ғана кейбір ресейлік азаматтардың астамшылдық пікірге жол бергені белгілі. Ондай сөз қарапайым халықтың қарсылығын туғызбай қалған жоқ. Жауапсыз әрекеттерге көзқарасын білдіріп, еліміздің Сыртқы істер министрлігі Ресей мемлекетіне Нота жолдады. Бұл көп жайды аңғартса керек.

Қазақстанның бейбітшіл саясаты өзгерген емес, өзгермейді де. Кім де болса көрші елдермен татулықтың мәңгілікке сақталғанын қалайды. Ежелден араласқан ағайындас халықтардың арасына әлдебіреулердің кесірінен сына қағылмаса дейді. Жарасымды өмір сүру екі жаққа да тиімді. Соның мазмұны мен мәнін көк туды желбірету арқылы көрсетудің өрескелдігі жоқ.

Осындай мақсаттағы қоғамдық қозғалыстар солтүстік аймақтағы ел-жұрттың адал, ақ ниетінен туындады. Эстафетаны елдімекендер іліп әкетіп, жердің иесін, Тудың киесін еске түсіріп жатқандай. Қазақстан халқын ұлы мақсаттардың бірлігіне шақырған шараларға өзге ұлт өкілдері де түсіністікпен қарады.

Атқа мінген жас жігіттер Көк байрақты желбіретіп, отаншылдық рухты оятуды көздейді. Кешегі ата-бабаларының тау мен даланы қалай жақсы көргенін ұқтырды. Олардың намысты сәттерін көзге елестетті. Атқа мінгендерге автошеру қосылғанда, көрініс тіптен асқақтай түсті. Күй мен әннің қошеметіне бөленген шеру өзіне тән сәнімен, салтанатымен көз тартады десек артық емес. Аталған шараны басқадай мақсатта ұқпаған жөн.

Райымбек ауданынан басталған намыс керуені Көк Туды Кегендегі бауырларының қолына ұстатты. Олар жолға шығып, Шелек өңіріне кірді. Тұрғындар салтанатты керуенді қошеметпен қарсы алды. Ақсақалдар бата берді. Аналар ақ жол тіледі. Әсем әуен көңіл көтерді. Жиналған қауым заманға тыныштық, қоғамға татулық тіледі. Бұл туралы бейнежазбалар желілерде көп тарауда.

Эстафета Туын қабылдап алған Еңбекшіқазақ ауданының ер-азаматтары керуенді алға қарай бағыттады. Күре жолдың бойындағы тұрғындар тұлпар мінген жігіттерге қошеметтерін аяған жоқ. Ұлы даланың сал-серілері мен ержүрек ұлдарын көргендей арқаланды.

Бұдан кейін Туды Талғар ауданының азаматтарына тапсырды. Тұздыбастау, Белбұлақ, Бесағаш ауылының жастары аталған шараға белсене қатысты.

– Ауыл жастары салтанатты керуеннің барысын әлеуметтік желі арқылы бақылап отырды. Сондықтан, оларды қуана қарсы алды. Осы шара арқылы өз елімізге, өз жерімізге деген сүйіспеншілікті бұрынғыдан да арттыра түстік, – дейді Тұздыбастау ауылының тұрғыны Сабыржан Тұңғатар.

Талғар ауданының жастары Көк Туды Іле ауданы, Байсерке ауылына табыстады. Қар жамылған даланы дүбірлеткен тұлпарлардың шабысы баршаны шабыттандыруда.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ

Талғар ауданы

Алматы облысы

Сурет — ғаламтордан

Қатысты жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысты

Бүгін, 09:31
Елімізде жаңартылатын энергетика мен қайта өңдеу саласы дамиды

Елімізде жаңартылатын энергетика мен қайта өңдеу саласы дамиды

Бүгін, 09:30

ҰҚШҰ жиыны: Ортақ мүдде мен ұжымдық қауіпсіздікке бағытталған жаңа келісімдер

Бүгін, 09:28
«Таза Қазақстан» акциясы аясында «EcoHackathon Jetisu: Жасыл болашақ» экологиялық хакатоны өткізілді

«Таза Қазақстан» акциясы аясында «EcoHackathon Jetisu: Жасыл болашақ» экологиялық хакатоны өткізілді

Бүгін, 09:23
«Әділет» партиясы аграрияны әлеуетті етпек

«Әділет» партиясы аграрияны әлеуетті етпек

11 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.