Талдықорған: +2°C
$ 493.36
€ 572.84
₽ 6.29
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Ұлт руханиятының мәңгілік шамшырағы

07.08.2025
РУХАНИЯТ
Ұлт руханиятының мәңгілік шамшырағы

Мақпал Әділханқызы

WhatsAppTelegramFacebook

Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл. Бұл – жай ғана тарихи дата емес, күллі қазақ руханияты үшін терең тағзым мен тұғырлы жаңғыруға шақыратын кезең. Абай – өткеннің ғана емес, бүгіннің де, болашақтың да кемеңгері екені айқын. Бір ғасырға жуық уақыт өтсе де оның сөзі көнеріп, көмескі тартқан жоқ. Қайта жаңғырып, жаңа мәнге ие болып отыр. Хакімнің «Қара сөздері» бүгінгі қоғамның рухани айнасына айналды. Ал поэзиясы – қазақ тілінің шеберлік шыңы.

Қазіргі заманда Абайды оқу – міндет. Оны ұғу – парыз. Ойшыл, қоғам сыншысы, ұлттық сана мен рух тазалығының жаршысы өз дәуірінде-ақ ел ішіндегі кемшілікті, жалған діндарлық пен надандықты әшкереледі. «Біріңді, қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос» деп, ел бірлігі үшін ащы шындықты айтты. Тек қазақ халқының ғана емес, бүкіл түркі әлемінің, тіпті адамзаттың рухани ұстазына айналған ұлы тұлғаны бүгінде әлемнің көптеген елі мойындауда. Шығармалары ағылшын, орыс, неміс, қытай, француз, жапон тілдеріне аударылып, оның даналығы жаһан жұртына жол тартуда.

Бүгінгі ұрпаққа Абай не дейді? Ол – әділ болуды, адал еңбек етуді, білім мен ғылымға ұмтылуды, ел мен жерге деген махаббатты үйретеді. Оның әрбір сөзі – ұлттық жаңғырудың бағдаршамы десек асыра айтпаймыз.

Өткенді тану, бүгінді саралау, болашақты бағдарлау сәті енді келгендей. Абайды оқыған ұрпақ – рухани мықты, әділетті, ойлы, өрелі ұрпақ. Сондықтан парасат иесінің мұрасын болашақпен жалғау – тек әдеби немесе мәдени миссия емес, бұл ұлттық қауіпсіздік пен дамудың өзегі.

Қазіргі таңда ел көлемінде ұлы ойшылдың мерейтойын атап өту мақсатында ғылыми конференциялар, әдеби кештер, Абай шығармаларын дәріптейтін халықаралық жобалар, театрландырылған қойылымдар, деректі және көркем фильмдер түсіріліп, дәріптеліп жатқаны шындық. Халық үшін маңызды іс-шараның бірі – Жетісу өңірінде де ұйымдастырылды. І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында «Абай мұрасы – халық даналығы» атты кеште облыстағы зиялы қауым өкілдері көпшілікті тың мағлұматтармен құлақтандырып, құндылыққа негізделген өрелі әңгіме өрбітті.

– Абай «Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман» деген ойын айтқанда небәрі 41 жаста болған. Ал, қазіргі қоғамда 60-тан асқан тұлғалардың өзі өзін жас санайды. Ол неден қартайды?! Әкесі Құнанбай оны орысша оқытып, кейін 13 жасында қаладан қайта алдырып, келген соң ел ісіне араластырып жіберген. Астарына үңілер болсақ, терең сыр жатқанын, елдің жоғын жоқтап, мұңын мұңдау оңай болмайтынын аңғарамыз. Оқығанның арқасында орыс классикасын қазаққа айна-қатесіз аударып берді. Тура Абайдай аударған адам осы күнге дейін жоқ. Мысал келтірсек, Лермонтовтың 28 өлеңін аударған екен. Абай батыс философтарының шығармаларымен де жете таныс болған. Сократқа дейінгілерді де, Сократтан кейінгілерді де оқыған, — деген филология ғылымдарының кандидаты, абайтанушы Сайлау Қожағұлов хакімнің өмір жолынан сыр шертті.

Қазақстанның Құрметті жазушысы, ақын Әміре Әрін кездесу аясында Абай мен жетісулық Жәлменде Байшығаш-ұлының байланысы жөнінде, араларында өрбіген оқиға туралы әңгімеледі. Тарихтағы ерен ерлердің ерліктерімен бөлісті.

– Абай Алланың ерекше жаратқан перзенті. Сол ерекше қабілетімен мына Ұлы Далада үлкен өзгеріс жасаған. Шынын айтсақ, бүкіл қазақ ақындары жабылып Абайдың бірауыз сөзіне әлі де тати алмай келе жатырмыз. Оның ашылмаған қырлары әлі алда. Хакімнің өлеңі яки ғахлиясы, қара сөзі болсын, әніне дейін терең иірімді қазақи қара философияға ұласып жатады. Бәлки данышпандығы да сонда, – деген Әміре Әрін шараға қатысушылардың алдында қайталанбайтын ой айтты.

Қорыта келгенде айтпағымыз, «Толық адам» болуды заман талабы десек, аталмыш мерейтой осы талапты қайта еске салып, әрбір жанды рухани жаңғыру жолына бастап отырғаны анық. Яғни, жаңа ұрпақ Абай арқылы тіліне, тарихына, рухына қайта оралуы қажет.

Медет ЖҰМАБАЙ

Қатысты жаңалықтар

«Жетісу» басты қарсыласынан басым түсті

«Жетісу» басты қарсыласынан басым түсті

05.03.2026
Бейбіт Исабаев «Жетісу» волейбол ерлер командасының ұжымымен кездесті

Бейбіт Исабаев «Жетісу» волейбол ерлер командасының ұжымымен кездесті

05.03.2026
Экотуризм: Ұлттық парктер мен қонақ үйлер жаңа деңгейге көтерілді

Экотуризм: Ұлттық парктер мен қонақ үйлер жаңа деңгейге көтерілді

05.03.2026
Жетісуда 8 Наурыз қалай тойланады

Жетісуда 8 Наурыз қалай тойланады

05.03.2026
Су тасқынына дайындық: Олжас Бектенов Төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық жедел штабтың отырысын өткізді

Су тасқынына дайындық: Олжас Бектенов Төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық жедел штабтың отырысын өткізді

05.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.