Осы құбылысты байқаған АҚШ ғалымдары Уильям Штраус пен Нил Хау “Ұрпақтар теориясы” атты жаңалықты ашады. Аталған теория соңғы бір ғасырдағы ұрпақтың алмасуын сипаттап, әр заманның адамдарын буын-буынға жіктеген. Оған сенсек, қоғамда әр 15-20 жыл сайын бір буынның екіншісін алмастыру үрдісі жүреді. Мәселен, 1946-1964 жылдар аралығында дүниеге келгендер Бэби бум, 1965-1980 жылғылар Х буыны, одан кейінгілер Ү, Z, A буыны болып жалғасып кете береді.
Соңғы онжылдықта әлем бұрын-соңды болмаған қарқынмен өзгеріп келеді. Технология дамыған сайын адамдардың өмір сүру салты да түбегейлі өзгере бастады. Бұл өзгерісті ең қатты сезінетін – жастар. Психология саласындағы зерттеулер соңғы уақытта екі буынға – Z және Alpha өкілдеріне ерекше назар аударып отыр. Себебі олардың өмірлік тәжірибесі, құндылықтары, ойлау жүйесі мен психологиялық ахуалы ХХ ғасырдың балалары мен жасөспірімдерінен түбегейлі өзгеше.
Z буынына 1997 жылдан кейін туғандар жатқызылса, Alpha буыны 2010 жылдан бастап дүниеге келген балаларды қамтиды. Яғни қазіргі студент жастар мен жаңа еңбек нарығына қадам басқан жас буын – Z, ал мектеп партасында отырған, балабақша бүлдіршіндері – Alpha буын. Сарапшылардың пікірінше, дәл осы екі буын алдағы онжылдықтарда әлемнің әлеуметтік-экономикалық келбетін анықтайды. Сондықтан олардың психологиясын зерттеу – қоғам үшін стратегиялық маңызды мәселе.
Жаңа буын цифрлық ортада өскен алғашқы толыққанды ұрпақ екенін атап өткен жөн. Интернет, смартфон және әлеуметтік желі – бұл жастардың күнделікті өмірінің ажырамас бөлшегі.
Зерттеулерге сүйенсек, әлемдегі Gen Z өкілдерінің 99 пайызы смартфон қолданады. Әлеуметтік желіде күн сайын кем дегенде үш сағат уақыт өткізетіндері де анықталды. Мұндай ақпараттық ағын олардың ойлау жылдамдығын арттырып, бір мезгілде бірнеше істі қатар атқаруға бейімдеді. Дегенмен, бұл жағдай психологиялық тұрғыдан біраз сын-қатерлер туғызбай қоймайды.
Жаңа буын балалары еркіндікке құмар, өз ойын ашық жеткізеді. Бірақ ата-аналар мен мұғалімдер кейде осыны түсінбей, оларды тәртіпсіздікке немесе жалқаулыққа балап жатады. Шын мәнінде, Z және Alpha буыны – шығармашылық әлеуеті жоғары, бірақ қолдауды қажет ететін ұрпақ. Олар үшін сенім, эмоционалды қолдау және қауіпсіз орта маңызды. Егер біз балаларымызды шынайы тыңдауға, пікірін сыйлауға үйренбесек, олар виртуалды әлемнен қолдау іздеуге мәжбүр болады. Сондықтан ата-аналарға айтар кеңесім – балаға тыйым салудан бұрын, онымен әңгімелесуді, бірге уақыт өткізуді әдетке айналдыру. Ал мектептерде психологиялық қызметті күшейту, жасөспірімдердің ішкі жан дүниесін ескеретін бағдарламалар енгізу – уақыт талабы. Бүгінгі таңда Z және Alpha буынын түсіну – тек психология үшін емес, тұтас қоғамның тұрақты дамуы үшін маңызды міндет, – дейді психолог Назира Сейдахметова.
Америкалық зерттеу орталығы Z буынының 65 пайызы соңғы екі жылда психикалық денсаулыққа байланысты кем дегенде бір қиындықты бастан өткергенін дәлелдеді. Әсіресе, депрессия мен стресс кең тараған: 23 пайызы депрессия диагнозын алған, 18 пайызы түрлі деңгейдегі стрессті күйге түскен.
Бұл аз десеңіз, әлеуметтік желіде өз өмірін өзгемен салыстыру, идеалды бейнеге ұмтылу көптеген жасөспірімге қосымша қысым жасауда.
Жастардың 40 пайыздан астамы өзін «болашақтан үмітсіз» сезінетінін айтқан. Бұл көрсеткіш Z буынның психологиялық әлсіз жақтарын айқын көрсетеді.
Ал Alpha буыны бұдан да ерекше жағдайда өсіп келеді. Өздеріңіз көріп те, естіп те жүрсіздер олар туғаннан бастап қолында планшет, теледидар алдында мультфильм емес YouTube контентімен өсіп жатыр. Әлемдік статистикаға көз жүгіртсек, Alphaның 95 пайызы 11 жасқа жетпей қолына смартфон ұстайды. Бұл балалардың көпшілігі 3–4 жасынан бастап-ақ цифрлық құрылғыларды еркін пайдаланады. Бір жағынан, бұл олардың ақпаратты тез қабылдау қабілетін арттырса, екінші жағынан, психологиялық тәуелділіктің жаңа түрін қалыптастыруда.
Пандемия Alpha буынға қатты әсер етті. Зерттеулер көрсеткендей, 7–12 жас арасындағы балалардың 70 пайызы сол жылдары жалғыздық сезімін бастан кешкен. Ал 58 пайызы 12 жасқа толмай жатып күйзелістің алғашқы белгілерін байқаған. Бұл бұрынғы буында сирек кездесетін жағдай. Кибербуллинг, гаджетке тәуелділік, ұйқының бұзылуы да осы буынның басты проблемасына айналуда. Сарапшылардың айтуынша, Alpha ұрпақтың 25 пайызы ұйқы жетіспеушілігінен зардап шегеді, ал ата-аналардың 45 пайызы баласының цифрлық құрылғыларға тәуелді болып бара жатқанын мойындаған.
Z және Alpha да цифрлық дәуірдің балалары болғанымен, айырмашылықтары жер мен көктей. Z буыны технологияны меңгеріп өскен болса, Alpha буыны үшін ол – қалыпты құбылыс. Егер Z үшін әлеуметтік желілер жаңалық әрі қызық болса, Alpha үшін ол кәдімгі өмірдің бір бөлігі. Сол себепті Alpha-лардың психикасы виртуалды әлем мен шынайы өмірді шатастырып алу қаупіне жиі ұшырайды.
Алайда, психологтар екі буынның да артықшылығын жоққа шығармайды. Z өкілдері креативті ойлауға бейім, ақпаратты тез саралай алады, өз пікірін ашық жеткізеді. Олар әлеуметтік әділеттілік мәселесіне сезімтал әрі қоғамдағы теңсіздікке төзбейді. Ал Alpha буынының ең үлкен артықшылығы – технологияны еркін меңгеруі. Олар жасанды интеллект, виртуалды шындық, онлайн білім беру сияқты жаңа дүниелерді табиғи түрде қабылдайды. Бұл олардың кәсіби тұрғыдан тез бейімделуіне мүмкіндік береді.
Z және Alpha буыны қазіргі қоғамда ерекше құбылыс болып отыр. Бұрынғы дәуірдегі балалар мен жасөспірімдерге қарағанда, олар цифрлық кеңістікте еркін өмір сүреді, жаңа технологияға бейім, ақпаратты жылдам қабылдайды. Бірақ дәл осы артықшылықтың көлеңкелі жағы да бар. Қазақстандағы зерттеулерге сүйенсек, 12–17 жас аралығындағы жасөспірімдердің 60 пайыздан астамы күн сайын 4 сағаттан артық уақытын әлеуметтік желілерде өткізеді. Бұл – олардың жүйке жүйесіне, ұйқы сапасына, оқуға деген ынтасына және тұлғалық дамуына кері әсер етуі мүмкін. Z буыны (1997–2012 жж. туғандар) мен Alpha буыны (2013 жылдан кейін туғандар) арасындағы айырмашылықты да атап өткен жөн. Z буыны – интернеттің дамуына куә болып өскендер, яғни олар цифрлық дәуірдің алғашқы тұтынушылары. Ал Alpha буыны – технологияны өмірінің ажырамас бөлігі ретінде қабылдап өскен алғашқы толқын. Сондықтан Alpha буынының таным-түсінігі, ақпаратты өңдеу жылдамдығы ерекше, бірақ оларда эмоционалдық интеллект пен қарым-қатынас машықтары әлсіз болуы мүмкін, – дейді психолог Назира Сейдахметова.
Алайда, осы артықшылықтардың тасасында психологиялық қиындықтар бар. Екі буын да стресс пен депрессияға бейім. Әлеуметтік зерттеулерге сүйенсек, жастардың психикалық денсаулығы соңғы жиырма жылда айтарлықтай нашарлаған. Жалғыздық, өмірге қанағаттанбау, үнемі шаршаңқылық сезімі – қазіргі жасөспірімдердің күнделікті серігіне айналды.
Технологиялық өрлеу әкелген жаңа үрдістерге өзіндік тұрғыдан жауап беріп келе жатқан жас буындардың психикасын зерттеу маңызды. Әсіресе Қазақстанда, бұл тақырып бірнеше күрделі әлеуметтік-экономикалық және мәдени факторлармен ұштасады. Z буыны — 1997–2012 жылдар аралығында туғандар — және Alpha буыны — 2010 жылдан кейінгі ұрпақ өкілдері — тек цифрлық ортада ғана емес, сонымен қатар психологиялық қысым мен қоғамдағы өзгерістерге тез бейімделумен ерекшеленеді.
Қазақстанда жағдай аса ушығып кеткен: 2024 жылдың алғашқы жартыжылдығында 14–18 жас аралығындағылардан 89 жасөспірім өз-өзіне қол жұмсаған, ал 213 жағдай — әрекеттену деңгейінде болған Arasha.kz. 2023 жылы 15–19 жас аралығындағы жастар арасындағы суицидтік әрекеттердің 20 %-ы өліммен аяқталған деген дерек бар Arasha.kz+1.
Елде 2023 жылдың қаңтар–қазан айларында жасөспірімдердің суицид саны 3,4 %-ға өскен, оның ішінде 169 жасөспірім қайтыс болған. Бұл — 5–14 жас аралығындағы 47 бала (27,8 %), ал 15–17 жастағылар 122 адам (72,2 %) MNU Newsroom. Әсіресе қыздарға қарағанда мектеп жастағы ер балалардың суицидке бару ықтималдығы жоғары: 68 % — ер балалар, 32 % — қыздар MNU Newsroom.
Ұлттық статистика бойынша, 2024 жылдың алғашқы 8 айында жалпы 2389 суицид оқиғасы тіркеліп, оның 128-і — 5–18 жас аралығындағы балаларға тиесілі. Медициналық мониторинг көрсеткендей, суицидке барған балалардың орташа жасы — 15–17 жаста, алайда 11–13 жас аралығындағы оқиғалар да жиілеген Уркер.
Әлеуметтік зерттеулер бойынша, Қазақстанда жасөспірімдер арасындағы суицидтің негізгі себептері: отбасындағы қарым-қатынастың нашарлығы, жалғыздық, мектепте орын алған буллинг және әлеуметтік желілердегі жағымсыз әсерлер Уркерel.kz. Ұлттық зерттеу көрсеткендей, тұрғындардың 13,8 %-ы өзінің айналасында суицид жағдайларын естігенін айтса, кейбір өңірлерде бұл көрсеткіш Алматыда — 25,4 %, Астана — 19 %, Қарағанды — 21,2 % Уркерel.kz.
Сонымен бірге, аймақтық мамандар мен мектеп психологтары гендерлік және ортаға шоғырланған факторларға назар аударады. Психолог Айғаным Қуатқызының пікірінше, жасөспірімдердің 92 %-ында ата-анамен байланыс нашар болғаны суицидке әкелетін басты факторлардың бірі MNU Newsroom. Сонымен қатар әлеуметтік желіде еркіндік кейде қысым мен психологиялық жарақаттың қайнар көзіне айналады — жасөспірімдер кибербуллингке тап болып, жалғыздықты сезінеді Arasha.kzMNU Newsroom.
Алайда Қазақстанда бұл бағытта оң өзгерістер де орын алуда. 2022–2023 жылдары елімізде суицидтен қайтыс болғандар 7 %-ға, суицид әрекеттері 5 %-ға азайды el.kzЕгемен. Сонымен бірге, ЮНИСЕФ-тің қолдауымен 2015–2018 жылдары енгізілген «Жасөспірімдердің психикалық денсаулығы мен суицидтің алдын алу» бағдарламасы денсаулық сақтау және білім беру жүйесіне психологиялық қолдауды жүйелі түрде енгізуді көздеді ЮНИСЕФ. Білім беру жүйесінде пилоттық жобалар нәтижесінде кей өңірлерде суицид көрсеткіші 3 есе төмендеп жатқанын байқаған
Қазақстандағы Z және Alpha ұрпақтары цифрлық әлемде қалыптасты. Олар технологиямен тығыз байланыста өсіп қана қоймай, психологиялық тұрғыдан жоғары қысымға да бейім болды. Бұл мәселенің түп-тамыры — отбасылық қолдаудың жетіспеуі, мектептегі психологиялық қауіпсіз ортаның әлсіздігі, әлеуметтік желі мен заманауи құрылғының зиянды жағында жатыр. Жаңа ұрпақты түсіну әсте қиын емес. Ол үшін адамзат та жаңарып отыру керек.
Мақпал Әділханқызы





