Талдықорған: -1°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ЗАМАН ӨЗГЕРСЕ ДЕ, АДАМГЕРШІЛІК ӨЛШЕМДЕРІ ЕШҚАШАН ӨЗГЕРМЕЙДІ

06.05.2020
РУХАНИЯТ
ЗАМАН ӨЗГЕРСЕ ДЕ, АДАМГЕРШІЛІК ӨЛШЕМДЕРІ ЕШҚАШАН ӨЗГЕРМЕЙДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Рухани жаңғыру бағдарламасына үш жыл толу қарсаңында қазақ халқының әлеуметтік, рухани-мәдени құндылықтарын сақтап, жастарды тәрбиелеу, сонымен қатар, еңбекке баулу дағдыларын қалыптастыру өзекті мәселе болып қалып отыр. Қоғам алдында өзінің дербестігі мен жауапкершілігін сезінетін, қоғамдық сана-сезімі оянған, парасаты мен ар-ожданы биік, іскер, қабілетті, нарық жағдайында бәсекелестікпен еңбек ете білетін азамат тәрбиелеу — қазіргі қоғамның талабы.

Қазақ халқының жастар тәрбиесі жөнінде сан ғасырдан бері жиып-терген мол тәжірибесі бар. Оны халқымыз ең жақсы деген қасиеттермен байытып, ұл-қыздарының бойына сіңіріп отырған.

Мәселен, ұлттық тәрбиедегі еңбек дәстүрінің бірі — «Асар». Ол ертеден келе жатқан халқымыздың озық әдет-ғұрпы, бір-біріне ақысыз көмек көрсету, көпшіліктің көмегін пайдалану дәстүрі. Халқымыз қол күшін керек ететін, көпшіліктің қатысуымен іске асатын үй салу, қой қырқу, тай таңбалау, киіз басу, егін ору, шөп шабу тәрізді қауырт жұмыстарды көптің күш-қайратымен, көмегімен тез атқару үшін ру басының, үй иесінің ауылдастарын, туған-туыстарын шақырған. Осы арқылы адамдарды ынтымақ-бірлікке, ұйымшылдыққа, бауырмалдыққа тәрбиелеп, еңбек етуге баулитын қоғамдық және әлеуметтік маңызы зор, пайдасы мол, мәні терең іс екендігін жастарға ұғындырады.

Кісіліктің негізгі қасиеттерінің бірі – арға кір түсірмеу. «Малым – жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы» дейді халық мақалы. Қазақта «Ұят кімде болса, иман сонда» деген мақал бар. Халқымыздың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы арды надандық ұят және шын ұят деп екіге бөледі. Надандық ұяты дегеніміз – жас баланың сөз айтудан ұялғаны сияқты ақылы қысқа, өрісі тар, ойы таяз жанның ұялмайтын нәрсеге ұялуы. Ал шын ұят – шариғатқа, абыройға теріс, ақылға сыйымсыз, сөкет қылықтан ұялу. Қазақ халықының ұлттық тәрбиесінде осы қасиеттермен қатар, халқымыздың «Ұят болады», «Жаман болады», «Обал болады» сөздері арқылы ұрпақты ұят істерден, жамандықтан және зиян келтіруден сақтандырып отырған.

Қазақ халқында «Қоянды қамыс өлтіреді, ерді намыс өлтіреді» дегендей, ұлттық намысқа ерекше мән беріп, жастарға тәлім-тәрбие жүргізеді. Заман қаншалықты өзгерсе де, қазіргі ұрпақ ұлттық құндылықтарымызды түсінуге, ардақтауға тиіс. Заман өзгерсе де, адамгершілік өлшемі ешқашан өзгермейді.

Қазақ қалқында «Ауру қалса да, әдет қалмайды» дегендей, жастарда жақсы әдеттің қалыптасуы — өзіне және қоғамға пайдалы істерімен көрінуден байқалса, жаман әдетті қалыптастыруы қауымның берекесін алып, оғаш қылығымен өзінің ортадағы қадір-қасиетін төмендетуден білінеді.

Демек, жастарды еңбек тәрбиесіндегі әдетке айналған жарасымды мінез-құлқы мен жұмыс орнын тәртіпке келтіріп ұстауы, жұмысына кешікпей келуі, өзіне берілген тапсырманы тиянақты орындауы және басқа іс-әрекеттеріне ұдайы жауапкершілікпен қарауы — оның жақсы әдеттерді қалыптастырғанының көрінісі.

Гүлнархан ҚҰРМАНҒАЖЫ,

І.Жансүгіров атындағы ЖМУ жаратылыстану кафедрасының оқытушысы

Алматы облысы

Сурет — ғаламтордан

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан мен Қырғызстан су қоймалары бойынша 3 жылдық жоспарға қол қойды

Қазақстан мен Қырғызстан су қоймалары бойынша 3 жылдық жоспарға қол қойды

09.02.2026
«Алматы – Өскемен» тасжолында полиция 12 адамды құтқарды

«Алматы – Өскемен» тасжолында полиция 12 адамды құтқарды

09.02.2026
Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Бақыт Нұрмұханов: ҚР жаңа Конституциясындағы құқықтық нормалардың мазмұны барынша қолжетімді әрі түсінікті болады

09.02.2026
Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Индира Әубәкірова: жаңа Конституция адам құқықтары мен азамат құқықтарының аражігін айқын белгілейді

09.02.2026
Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту туралы ұсыныс қолдау тапты – Бақыт Нұрмұханов

Жаңа Конституция жобасында адам мен азаматтық құқықтың ара-жігін ажырату ұсынылды

09.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.