Талдықорған: +15°C
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

«ЗЕКЕТ ЖӘНЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ» ҚОРЫ ӘСКЕРИЛЕРГЕ ЫСТЫҚ ТАМАҚ ТАРАТТЫ

20 қаңтар 2022
РУХАНИЯТ
"ЗЕКЕТ ЖӘНЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ" ҚОРЫ ӘСКЕРИЛЕРГЕ ЫСТЫҚ ТАМАҚ ТАРАТТЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Елімізде орын алған толқудан соң қоғамдағы тыныштықты қамтамасыз етумен айналысқан әскерилер мен қарапайым тұрғындарға ас-ауқат, азық-түлік түрінде көптеген көмек көрсетілуде. Қайырымдылық шараларын әрбір саланың мамандары атқарып жатыр. Солардың арасында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Талдықорған қаласындағы «Зекет және қайырымдылық» қоры өкілдері бар.

Жетісу жеріндегі барлық мешіттердің жанындағы қордың өкілдері жергілікті кәсіпкерлермен бірлесіп, мұқтаж жандарға көмек қолын созуда. ҚМДБ-ның Талдықорған қалалық «Зекет және қайырымдылық» қорының ресми өкілі Омар Хадыстың айтуынша, облыстағы әрбір мешіт қызметкерлері мен жамағаты бірлесіп, елді мекен тыныштығын күзеткен, блокбекеттерде тұрған әскерилерге ыстық тамақ жеткізіп берумен айналысып жатыр.

– Биылғы қаңтардың қандай болғанын бәріміз көрдік, білдік, ұғындық. Сол ауыртпалыққа толы күндерде ел іргесін күзетіп, қиындықты көтерген жауынгерлерге қарапайым халықтың қолдауы қажет. Өйткені, олардың бәрі де өзіміздің бауырларымыз, балаларымыз, туыстарымыз, – деген Омар Хадысұлы барлық аудандағы имамдар халықпен бірге жүргенін жеткізді. – Алакөл, Сарқан, Ақсу, Қаратал, Ескелді, Көксу, Кербұлақ, Панфилов аудандары мен Талдықорған, Текелі, Қапшағай қалаларының жұртшылығы әскерилердің жағдайын жасап, ыстық тамақ жеткізіп беруде. Көмек көрсетілген әскерилердің ұзын саны 2 мыңға жетті. Жасаған жақсылығын мешіт жамағаты бір Алланың разылығы үшін жасап жатыр. Себебі, ел мен жердің тыныштығын күзету әскер қатарында жүрген жас жігіттеріміздің азаматтық борышы екендігін көпшілік ұғынды. Шынында, жақсылық жасауға ұмтылатын мұсылман баласының ұстанымын жақсы білетін мешіт жамағаты қайырымдылық акциясына ерікті түрде қатысуда. Осының өзі халқымыздың «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарған» ұйымшылдығын көрсетсе керек.

Жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен ұйымдастырылған қайырымдылық шарасы еліміздегі ахуал тұрақтанғанша жалғасады.

Мәди АЛЖАНБАЙ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Футбол: «Алтай» клубы «Жетісу» қорғаушысы Асхат Балтабековке көз тікті

Футбол: «Алтай» клубы «Жетісу» қорғаушысы Асхат Балтабековке көз тікті

Бүгін, 10:30
Президент Жолдауы – мәдениеттің дамуына жаңа серпін

Президент Жолдауы – мәдениеттің дамуына жаңа серпін

Бүгін, 10:21
Антальядағы COP31 көрмесінде қазақ қыздары көпшілікті тәнті етті

Антальядағы COP31 көрмесінде қазақ қыздары көпшілікті тәнті етті

Бүгін, 10:01
Бір аптада мас күйінде көлік басқарған тоғыз жүргізуші ұсталды

Бір аптада мас күйінде көлік басқарған тоғыз жүргізуші ұсталды

Бүгін, 09:30
13 қарашада Қазақстан қалаларында ауа райы қандай болады?

13 қарашада Қазақстан қалаларында ауа райы қандай болады?

Бүгін, 08:47

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.