Талдықорған: -1°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ЖАНАТ АХМАДИ: «ҚАЗАҚ ТАНЫМЫНДАҒЫ ҚЫДЫР АТА ҚАНДАЙ?»

22.03.2020
РУХАНИЯТ
ЖАНАТ АХМАДИ: "ҚАЗАҚ ТАНЫМЫНДАҒЫ ҚЫДЫР АТА ҚАНДАЙ?"
WhatsAppTelegramFacebook

Аспан денелері өздерінің ең бастапқы нүктелеріне келіп, күн мен түн теңелетін, жан-жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін, жер үстіне күннің нұры төгілген шақты қазақ елі: «Ұлыстың ұлы күні, ұлыс күн» деп атаған. Халқымыздың мифологиялық түсінігі бойынша осы күні даланы Қызыр аралайды екен. Сол себепті 21 наурыздың түні  «Қызыр түні» деп есептеледі.

Халық арасында ықылым заманнан бері келе жатқан әпсаналар көптеп саналады. Солардың қатарында – Қыдыр ата немесе Қызыр әулиеге қатысты айтылатын әңгіме өзіндік мән-мазмұнымен ерекшеленеді. Бір анықтама бойынша ол ислам дініндегі пайғамбар есептеледі. Кейбір дінтанушы ғалымдар Қызыр атаны Ілияс пайғамбар болуы мүмкін деп жорамалдайды. Құран Кәрімнің Кәһф сүресінде Мұса пайғамбар сапарға шыққан кезде Қыдырға жолыққан. Алланың оны Мұсаға тағылым үйрету үшін арнайы жібергені айтылады.

Екінші бір болжам бойынша, Қыдыр ата – мифтік бейне. Түркі халықтарының мифологиясында Қыдыр бейнесінің астарынан ислам дініне дейінгі және одан кейінгі кезеңде пайда болған екі діни-фольклорлық дәстүр түсінігін аңғаруға болады.

Бірінші жайға келер болсақ, Құранда аттары аталған пайғамбардың бірі Ғұзайыр (Қызыр) пайғамбар және Лұқман хакім, Зұлқарнайын үшеуі әулие деп айтылады. Мәселен, парсы тіліндегі батада:

Қожай Қызыр Назар күнәт,
Бабай дихан мәдәт күнәт.
Кәрі ата-ана барұ ришатият,
Ата-баба руһи халамыш күнәт!
– дейді. Яғни, «Қожай Қызыр назар қылса, дихан баба медет қылады. Және Қызырдың назарынан кәрі ата-ана батасы қабыл болады әрі ата-баба рухы қолдайды», – деп тұр. Былайша айтқанда, барлығы Қызыр әулиенің назар салуына байланысты дегенді айтып тұрған жоқ па?! Ал қазақтың ежелден келе жатқан батасы:

Құдай оңдасын,
Қыдыр қолдасын,
Еш жамандық болмасын!
– деп басталатыны әмбеге аян.

Аңыз-әпсаналарда Қызыр – дарығысы келген адамына ақ киімді, ақ сақалды қарт болып көрінеді. Ол жай адам ба, Қызыр пайғамбар ма, соны білу үшін оның қолын алғанда алақаны мен бас бармағын қоса ұстау керек екен. Өйткені, Қызыр ғалайһи-әссаламның бармағының түбі былқылдап бос тұрады деген ұғым бар.

Қалай болғанда да Қыдыр ата – Қызыр әулие жақсылыққа жол сілтеуші, жамандықтан қорғаушы бейнесінде халық жадында сақталып қалған. Кей халықта ол теңізде сапар шегушілердің қамқоршысы деп есептелсе, үнділер су иесі деп қабылдаған. Сондай-ақ, өрттен, су тасқынынан, ұрлықтан, жылан шағудан сақтайтын пір деп те есептеледі.

Кейбір жыр мәтіндерінде Қыдыр ата мен Қызыр әулие, Ілияс пайғамбар есімдері дербес үш тұлға ретінде де көрініс тауып жүр. Мәселен:

Қызыр ата қырық шілтен,
Қыдыр менен Ілияс,
Олар да болсын жолдасың!

Немесе:
Қызыр Ілияс жар болып, 
Қыдыр ата қолдасын!
– деген жолдардан осыны аңғарамыз.

Осыған байланысты «Қыдыр» мен «Қызыр» (Хадир, Хидр, Хизр) бейнелерінің екі түрлі мифтік бастаудан өрбіп, уақыт өте келе есімдерінің сыртқы ұқсастығына және мифтік сәйкестігіне қарай бір ұғым ретінде түсіндірілетінін топшылауға болады. Біздің ауыз әдебиетімізде Қыдыр көбіне-көп батырлық жырларда айтылады. Батырлар одан демеу, қолдау күтіп, атын атап шақырады. Қазақ халқының ұғым-түсінігінде Қыдыр – сәттілік пен бақ беруші, көбіне иман жүзді қарт түрінде бейнеленіп, өзін көзімен көру сәті бұйырғандарға бақыт сыйлаушы ретінде суреттеледі. Яғни, күнделікті кездесетін адамдардың арасында Қыдыр ата болуы мүмкін. Ал ол әртүрлі кейіпте жүре береді. Одан сый алу үшін кез келген адамға, оның әлеуметтік мансап-мәртебесі мен байлығына, киіміне, түр-тұлғасына қарамай қонақжайлық көрсету керек. (Себебі, келген мейман Қыдыр ата болып шығуы мүмкін).

«Қырықтың бірі – Қыдыр» сөзінің астарында осындай түсініктен туындаған моральдік факторды көруге болады.

Жанат АХМАДИ,

жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері

Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

Жаркенттік кәсіпкер қой жүнін кәдеге жаратуда

Жаркенттік кәсіпкер қой жүнін кәдеге жаратуда

08.02.2026
Мемлекет және қоғам қайраткері Наурыз Қылышбаев 85 жаста

Мемлекет және қоғам қайраткері Наурыз Қылышбаев 85 жаста

08.02.2026
Ғылым, инновация және мәдениет: Айгүл Сәдуақасова неге бұл құндылықтар Конституцияның негізін құрайтынын айтты

Ғылым, инновация және мәдениет: Айгүл Сәдуақасова неге бұл құндылықтар Конституцияның негізін құрайтынын айтты

07.02.2026
Жетісуда жылдық жоспар бекітілді

Жетісуда жылдық жоспар бекітілді

07.02.2026
Жаңа Конституция биліктің тұрақты және түсінікті моделін орнатады – Ольга Перепечина

Жаңа Конституция биліктің тұрақты және түсінікті моделін орнатады – Ольга Перепечина

07.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.