Талдықорған: +2°C
$ 451.05
€ 504.95
₽ 5.60
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Жас ақындар жарысты

3 қазан 2016
РУХАНИЯТ
Жас ақындар жарысты
WhatsAppTelegramFacebook

Ұйғыр ауданында тілдер күніне арналып салтанатты іс-шара өткізілді. Онда Қазақстан халықтарының тілдеріне құрмет көрсетіліп, мемлекеттік тіл – қазақ тілінің мәртебесі  үстем етілді. Жас ақындар арасында «Мәңгілік Ел» идеясын арқау еткен «Мәңгілік Ел – мәңгілік тіл!» атты аудандық мүшәйра ұйымдастырылып, оқушылар мерекені жүректерін жарып шыққан жырларымен айшықтады. «Ұрпақ парызы» қоғамдық бірлестігі бастамашылығымен болған мүшәйраға қатысқан жас қалам иелерінің талпынысын бағалаған әділқазылар алқасының құрамында  ауданымыздың тумасы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Жарас Сәрсек, белгілі журналист, Алматы облыстық газеттерін басқаратын «Өлке тынысы» ЖШС директорының орынбасары Болат Абаған және жергілікті ақын Мамытқан Құдайбергенов болды.

Жыр додасына сәт сапар тілеген  аудан әкімі Алимжан ТОХТАСУНОВ ел тәуелсіздігінің 25 жылы ішінде жеткен жетістіктерімізді саралап, Ұлт көшбасшысының сындарлы  саясаты арқасында Қазақстанның төрткүл дүниеге танылып жатқанын айта келе, мемлекеттік тіліміздің мерейін асыру үшін өткізіліп отырған шараны ұйымдастырушыларға алғысын жеткізді. Жас ақындарға сәттілік тілеп, ақжарма тілегін арнады. Ақын Жарас Сәрсек өткізіліп жатқан мүшәйраның ерекшелігіне назар аударып, қаламды серік еткен жас жыршыларға ақ жол тіледі.
Оқушылар тарапынан келген қонақтарға сауалдар да қойылды. Елімізге белгілі ақын, бірнеше кітаптың авторы Жарас Сәрсекке өлеңдерін оқып беруді қолқалаған жастардың өтініші жерде қалмады. Ақын ағамыз бірнеше өлеңін оқып, жыр әлеміне баурап әкетті. Әсерлі әңгімелесуден соң шараның екінші бөліміне де кезек келді. 
Бәйгеге қосылған жастарға қойылған талап біреу ғана болды. Ол – өз шығармашылығынан тіл туралы өлең оқу. Жарыс талаптары түсіндірілген соң аудандағы 26 білім ордасынан жиналған оқушылар бірінен соң бірі жырдан нөсер төкті. «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы, сонда да солардың бар таңдамасы. Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын, қазақтың келістірер қай баласы?» деп ұлы Абай жырлағандай, өлеңнің құрылысын сақтап, тілге жеңіл, жүрекке жылы тидіріп, айналасын теп-тегіс жұмыр еткен шығармалар да, не ұйқасы, не мәні, не айтар ойы жоқ дүниелер де кездесіп жатты. 
Мүшәйра да мәресіне жетті. Қазылар алқасы атынан Жарас Сәрсек кеткен кемшіліктер мен орын алған олқылықтарды сөз етті. Өлеңнің де талабы, тәртібі болатынын жас қаламгерлерге түсіндірді. Мұнан соң шараның ұйымдастырушысы «Ұрпақ парызы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жәнет Керімқұлов бірлестік атынан жеңімпаздарды марапаттады. Бас бәйгені Тасқарасу орта мектебінің оқушысы Зәмзәгүл Оразбаева, бірінші орынды Дардамты орта мектебінің шәкірті Шұғыла Сүлеймен иемденсе, екінші орын қалжаттық Анар Қасымхановаға бұйырды. Ал үшінші орын Тиірмен ұйғыр орта мектебінің оқушысы Дильнарам Изимова мен «Дауа» колледжінің студенті Жазерке Жәнібекке берілді.  
«Ұлтты біріктіретін басты фактор – қазақ тілі». Бұл Елбасының айтқан сөзі болатын. Біз бұған мүшәйра барысында тағы бір мәрте көз жеткіздік. Өйткені бұл күні ауданымыздағы өзге ұлттар арасында да қазақ тіліне деген құрметін білдіріп, мемлекеттік тілге өз жүректерінен ақтарған жырларын арнап жатқандар табылды. Бұл – зор қуаныш. 

Анар ДҮЙСЕНБАЙҚЫЗЫ. 
Ұйғыр ауданы.

Қатысты жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: Экологиялық мәдениет – ұлттық сананың жаңа деңгейі

Ең қымбат ұғым

Бүгін, 18:37
Шетелдік сарапшылар Қазақстанның цифрлық серпілісіне баға берді

Жарқын болашақ

Бүгін, 17:30
Қыз тағдыры – ұлт айнасы

Отбасылық қолдау

Бүгін, 16:30
Жауапкершілік – саналы қоғамның негізі

Жауапкершілік – саналы қоғамның негізі

Бүгін, 15:00
Жетісу облысында өрт көрсеткіші өсті: Тұрғындарға қандай ескерту жасалуда?

Жалын жүрек, жас өрен

Бүгін, 14:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайттың редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.