Талдықорған: +20°C
$ 460.80
€ 541.21
₽ 6.13
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жас таланттар тоғысқан алаң

28.04.2026
КҮНДЕРЕК, РУХАНИЯТ
Жас таланттар тоғысқан алаң
WhatsAppTelegramFacebook

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Ілиястану» ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Ілияс әлемі» атты дәстүрлі республикалық студент-жастар фестивалі өтті.

Осымен он екінші мәрте ұйымдастырылған шара Ілияс Жансүгіров мұрасын насихаттауға және жас таланттарды қолдауға бағытталған маңызды рухани алаңға айналып отыр. Бұл жолғы фестиваль «Жансүгіров тағылымы: І. Жансүгіров мұрасы және жасанды интеллект дәуірі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциямен қатар ұйымдастырылып, мазмұндық тұрғыдан толықтырылды.

Фестиваль Ілияс Жансүгіров ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімімен басталды. Бұдан кейін өткен митингте университет ғалымдары мен қонақтар сөз сөйлеп, ақын мұрасының маңызын атап өтті. Филология ғылымдарының докторы, профессор Мұратбек Иманғазинов Ілияс шығармашылығының бүгінгі ұрпақ үшін де өзекті екенін атап өтсе, педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Дүйсен Аңсабаев шараға қатысушыларға сәттілік тілеп, фестивальдің тәрбиелік мәніне тоқталды. Ал Өзбекстаннан келген Журналистика және бұқаралық коммуникациялар университеті филология ғылымдарының кандидаты (PhD деңгейіне дейінгі ғылыми дәреже), доцент Перхан Алламбергенова Ілияс мұрасының түркі әлеміндегі орнына назар аударып, жүрекжарды лебізін білдірді.

Шараға еліміздің әр өңірінен жоғары оқу орындары мен колледж студенттері қатысты. Атап айтқанда, Абай облысындағы Шәкәрім университеті, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті, Meta university, Қызылорда қаласындағы «Болашақ» университеті және Жаркент жоғары педагогикалық, Талдықорған индустриялық, Талдықорған сервис және технология, Текелі кәсіптік колледждерінің білімгерлері бақ сынады.

Фестиваль аясында «Соғайын сөзімнен бір сұлу сарай» атты жыр мүшәйрасы мен «Өлең деген – әр сөздің ұясы» атты мәнерлеп оқу сайысы ұйымдастырылды. Бұл сайыс шара көрігін қыздырды. Жыр мүшәйрасы бойынша бас жүлде Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенті Нұркелді Өтепбергенге бұйырса, І орын М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің студенті Төрехан Насиевке берілді. Ал жүлделі ІІ орын Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің студенті Айсұлу Арманова мен Қызылорда «Болашақ» университетінің студенті Диас Мустахимұлына табысталды. ІІІ орын үш бірдей студентке бұйырды. Атап айтсақ, Семей қаласындағы Шәкәрім университетінің студенті Ұлан Нұрболұлы, Meta university-нің қатысушысы Жарқын Қимуран және І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің студенті Жәнібек Емберген.

Сайыстың мәнерлеп оқу байқауына қатысушылар Ілияс Жансүгіровтің шығармаларын жатқа оқып, өздерінің сахналық мәдениеті мен оқу шеберлігін көрсетті. Солардың арасында бас жүлдені Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің студенті Ілияс Қуандықұлы иеленді. І орын І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің студенті Жасмин Нұржаппарға берілді. Жүлделі ІІ орынды Текелі кәсіптік колледжінің студенті Мадияр Ноғайбай, Жаркент жоғары педагогикалық колледжінің студенті Көркем Уразмбек иеленді. Байқаудың ІІІ орын жүлдегерлері ретінде Сарқан көпсалалы колледжінің студенті Ясмина Тастанбек, Жаркент жоғары педагогикалық колледжінің студенті Қарақат Қамен, І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің студенті Мерей Нұржанқызы лайық деп табылды.

Үздік танылған қатысушылар диплом және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ, жеңімпаздарға Ілияс Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасының ағылшын тіліндегі нұсқасы естелік сый ретінде табысталды.

Шара соңында Жетісу университетінің әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты жөніндегі проректоры Болат Сериев пен гуманитарлық факультет деканы Райгүл Желдібаева жас ақындар мен өнерлі жастардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік беріп, Ілияс Жансүгіров мұрасын насихаттауға өз үлесін қосқан ұйымдастырушылар мен қатысушыларға алғыс айтып, жылы лебіздерін жеткізді.

Сарби Әйтенова
Талдықорған қаласы

Қатысты жаңалықтар

Панфилов ауданында ветеринариялық қауіпсіздік жүйелі бақылауда

Панфилов ауданында ветеринариялық қауіпсіздік жүйелі бақылауда

28.04.2026
Сарқандағы серпін: қант қызылшасы алқабы ұлғайып келеді

Сарқандағы серпін: қант қызылшасы алқабы ұлғайып келеді

28.04.2026
Мемлекеттік тіл – бірлік пен дамудың негізі

Мемлекеттік тіл – бірлік пен дамудың негізі

28.04.2026
Текті жырдың тұйғыны

Текті жырдың тұйғыны

28.04.2026
Жас таланттар тоғысқан алаң

Жас таланттар тоғысқан алаң

28.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.