Талдықорған: -2°C
$ 495.10
€ 583.72
₽ 6.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

«ЖАСТАНА ОҚИТЫН ҰРПАҚПЫЗ»: ГАЗЕТ ТІЛШІЛЕРІ ҚАРАСАЙ АУДАНЫНА КЕЛДІ

03.11.2019
РУХАНИЯТ
"ЖАСТАНА ОҚИТЫН ҰРПАҚПЫЗ": ГАЗЕТ ТІЛШІЛЕРІ ҚАРАСАЙ АУДАНЫНА КЕЛДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Журналистер қауымы үшін аса маңызды науқан – баспасөзге жазылу жұмысы басталды. Осы орайда онсыз да халық пен билік арасындағы алтын көпір саналатын «Жетісу» газетінің қызметкерлері өз оқырмандарымен жүздесіп, елдің тыныс-тіршілігімен танысуда. Мемлекетіміздегі алып мегаполис – Алматы қаласына іргелес орналасқан Қарасай ауданына арнайы ат басын тіреген «Жетісу» газеті бас редакторының орынбасары Нүсіпбай Әбдірахым, «Огни Алатау» газеті бас редакторының орынбасары Хасан Еспанов, аудандағы меншікті тілшілер Қуат Қайранбаев пен Тәнзилә Мұхтарова және фототілші Руслан Қадыров алдымен аудан әкімдігіне кіріп шықты.

ТӨЛ БАСЫЛЫМ ТӨРІМІЗДЕ

Жандарбек ДАЛАБАЕВ,

Қарасай ауданының әкімі:

– Күні кеше ғана ауданның құрылғанына 90 жыл толу мерейтойын атап өткен қарасайлықтар 100 жылдан аса тарихы бар қазақ баспасөзінің қара шаңырағы «Жетісу» газетіне жазылуды жақсы дәстүрге айналдырған. Жер жаннаты – Жетісудың төл басылымының алдағы уақытта да  әр шаңырақтың төрінен табылатынына сенімдіміз!

Алатаудың бөктерінде жасыл желекке оранған ауданның жұртшылығы  кешегі өткен тарихымен де, бүгінгі шыққан биіктерімен де мақтануға құқылы. Еліміздің еркіндігі жолында бастарын бәйгеге тіккен батыр бабаларымыздың өшпес ерлігі жігерімізді жанып, рухымызды оятса, қиын-қыстау кезеңдерде қазақ жеріне қоныс аударуға мәжбүр болған жүздеген ұлттар мен ұлыстарды жатсынбай құшағына алып, татулық пен бірлікке көлеңке түсірмей, өркениет өріне қадам басуда. Бүгіндері аудан аумағында 1 қала, 10 ауылдық округ бар.  Мұндағы  47 елді мекенде 272,400  адам өмір сүріп, 30 ұлт пен ұлыстың өкілдері тату-тәтті тірлік кешуде.

Ауданның экономикалық ахуалына келер болсақ, биыл ауданның бюджетке түсер қаржысы 55 млрд. теңге болады деп күтілуде. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 195,0 млрд. теңгені құрап, облыстағы өнеркәсіп саласының 33 пайызын қамтамасыз етті. Бәсекеге қабілетті агроөнеркәсіп кешенін дамыту мақсатында ауылшаруашылығы саласында атқарылған тиімді жұмыстардың нәтижесінде бұл салада өндірілген өнімнің көлемі 25 млрд. теңге болып, облыстағы үлес салмағы 7,5 пайызды құрады. Бүгіндері Қарасай ауданында шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысатын 14 мың 400 нысан тіркелген. 2526  шағын кәсіп- орын, 9918 жеке кәсіпкер, 1956 ауылшаруашылығы құрылымы ауданның экономикалық өркендеуіне өз үлестерін қосуда. Шағын кәсіпкерлікте 67 мыңға жуық адам еңбек етіп, бюджет қоржынына 11,5 млрд. теңге қаржы құйып келеді.

Инвестиция саласы бойынша негізгі капиталға 57,2 млрд. теңге тартылып, облыс бойынша 18,7 пайызды құрап отыр. Аудандағы тұрғын үйлерді пайдалануға беру, құрылыс жұмыстарын жүргізу, бөлшек тауар айналымы көрсеткіштері де ауыз толтырып айтуға тұрарлық.

Зымырандай жүйткіген замана көші тоқтаусыз алға жылжуда. Тәуелсіздігін алғалы 30 жылға енді жуықтаған қазақ елінің алдында сын-сынақтар мен өткел бермес асулар бар. Қарасай ауданының жұртшылығы елмен бірге осы биіктерді бағындыруға өзінің сүбелі үлесін қосуда. Бейбіт аспан астында берекелі еңбек пен ырысты ынтымағы жарасқан жұртшылық облыс айнасы саналатын «Жетісу» газетін алдағы уақытта да жаздырып алатыны күмәнсіз!

Қонақтарды қабылдаған аудан әкімінің орынбасары Айжан Назарбаева алдымен өңірде атқарылып жатқан игі істер жайлы баяндаса, Нүсіпбай Додабайұлы іссапардың мақсаты турасында түсініктеме беріп өтті.
– Облыс орталығы Алматы қаласынан Талдықорғанға көшкен жылдары өлкеміздегі бас басылымның таралымы ауыз толтырып айтарлық дәрежеге жеткен, – деді ол сөзінің басында. – Атап айтқанда, ол кезде «Жетісу» газеті 55 мың, «Огни Алатау» 45 мың данамен шығып жатты. Қазіргі жағдайға келетін болсақ,  жыл басында «Жетісуға»  жазылушылардың саны 27 мыңға, ал соңында 22 мыңға  түсіп отыр. Біз бүгіндері осы көрсеткішті сақтап қалсақ деген мақсат қойып отырмыз. Облыстық екі басылым былтыр ғана өздерінің 100 жылдық мерейтойын атап өткенін жақсы білесіздер. Бір ғасырдан астам уақыт оқырмандарына адал қызмет жасап, ақпарат майданында әділеттілікті ту етіп келе жатқан аға басылымның ғұмыры алғы күнге жалғасса деген тілекпен елге шығып отырған жағдайымыз бар.

Әрине, бүгіндері заман да өзгерді, адамдардың санасы да жаңарды. Ғаламтор жүйесі күн санап дамып келе жатқан жағдайда жаппай газетке жазылыңыздар деу жұртшылықтың бір бөлігінен қолдау таппауы да мүмкін. Дегенмен, көп жағдайда тексерілмеген ақпаратты жариялап, халықты жаңылыстырып жүрген жекелеген жауапсыз электронды ақпарат жүйелерімен салыстырғанда ел мен мемлекет мүддесін қорғайтын басылымдардың артықшылығы, сөз жоқ, бірінші орынға шығуы керек. Осы орайда біз ең алдымен көзі ашық деген зиялы қауым өкілдерінің, аудан, облыс көлемінде қандай игі істер атқарылып жатқанын білуі тиіс мемлекеттік қызметкерлердің көмегіне жүгінетініміз жасырын емес.

– Біз газет-журналдарды жастана жатып оқитын ұрпақтың өкілдеріміз, – деді Айжан Нұрділдәқызы өз кезегінде. – Тіпті, әріп танымайтын кішкене кезімізде үлкендерге дүңгіршектерден күнделікті басылымдарды әкеліп беретініміз есімде. Кейін қызметке араласа бастағанымызда баспасөзге жазылу науқанына қызу араласуға тура келді. Өзіміздің әр күніміздің мерзімді басылымдарды бір шолып шығудан басталатынын қалай ұмытайық? Себебі, ақпаратты білетін адамның қашанда тіршілік тамырын дөп басып таба алатынын өмірдің өзі үйретті.

Жалпы тұрғындарымыз баспасөзге жазылуға құлықсыз емес. Дәстүр бойынша ұстаздар қауымы, дәрігерлер, мемлекеттік қызмет өкілдері алдыңғы қатардан көрініп келеді. Демек, биыл да тұрғындарымыз саналылық танытып, өлкеміздің бас басылымы «Жетісу» мен «Огни Алатау» газеттеріне толықтай жазылады деп сенеміз. Қазіргі жағдайға келетін болсақ, жыл басында «Жетісуға» жазылушылардың саны 27 мыңға, ал соңында 22 мыңға түсіп отыр. Біз бүгіндері осы көрсеткішті сақтап қалсақ деген мақсат қойып отырмыз. Облыстық екі басылым былтыр ғана өздерінің 100 жылдық мерейтойын атап өткенін жақсы білесіздер. Бір ғасырдан астам уақыт оқырмандарына адал қызмет жасап, ақпарат майданында әділеттілікті ту етіп келе жатқан аға басылымның ғұмыры алғы күнге жалғасса деген тілекпен елге шығып отырған жағдайымыз бар.

Осыдан кейін қаламгерлер Қарасай ауданының орталығы – Қаскелең қаласында орналасқан «Электротехникалық өндіріс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарасты «Eto eleсtrik» зауытына арнайы ат басын тіреді. Облыстық газеттердің өкілдерін қарсы алған зауыт директоры Бибігүл Бернеева өндіріс цехтарын аралатып, жұмыс үрдісімен таныстырды.

Сонау тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары шет мемлекеттерден электр тауарларын әкеліп сатумен айналысқан Ашир Имам Нуриддин  деген азамат сол тауарларды өзімізде шығаруды ойға алған көрінеді.

Осылайша Қаскелең қаласындағы бос тұрған балабақша ғимаратын сатып алып, өндірісті жолға қойған. Уақыт өте келе, қосымша ғимараттар салып, зауытты кеңейте түскен. Түркияның озық технологиясы бойынша жабдықталған зауыт  2014 жылы жұмыс істей бастаған.

Бүгіндері кәсіпорын электр құрылғыларының 42 түрін жасап шығаруға маманданған. Атап айтқанда, тұрғын үйлер мен өндіріс ғимараттарына қойылатын электр айырғыштары, тоққа қосатын құрылғы, электр желілерін бөлетін қорап, ұзартқыштар, пластикалық бокстар мен пластикалық жарық құрылғылары тұтынушылар талғамына сай етіп жасалуда. Өз тауарларын әлемдік талаптарға әрі тұтынушылар талғамына сай шығару мақсатында талмай ізденіп, тауар түрлері мен олардың сапасын жақсартуға басты көңіл бөлінеді. Осы мақсатта өнімнің сыртқы көрінісін жақсарту, түрлі түске бояу да жолға қойылған.  2018 жылы Мәскеуде өткен көрмеге қатысқан кезінде орыстың электр тауарларын өндірушілері: «Қазақтар да осындай тауар шығара ала ма?!» – деп таңғалған көрінеді.

Еліміздің барлық аймағына, сондай- ақ, Ресей мен Қырғызстанға өз өнімдерін шығаратын кәсіпорында 100-ге жуық адам еңбек етсе, олардың басым бөлігі Қаскелең қаласы мен жақын маңдағы ауылдардың тұрғындары. Еңбек өнімділігі мен атқаратын қызметтің күрделілігіне қарай 80 мың теңгеден бастап одан да жоғары жалақы алатын  жұмысшыларды кәсіпке баулуды да кәсіпорын өз міндетіне алған. Мұнда қызметкерлердің жайлы еңбек етуіне барлық жағдай туғызылған.

Бұл жерде зауыттың жабдықтары мен қондырғылары Түркия мен Қытайдан жеткізілгенімен пайдаланылатын шикізат негізінен отандық екенін айта кету керек. Яғни, электр құрылғыларына қажетті темір  мен пластик Қазақ- станда өндіріледі. Керамикалық қондырғылар жасау да жолға қойылған. Осы жерде арнайы престер мен станоктарда қажетті қалыптарға келтіріліп, осыдан кейін электр құрылғылары жиналады. Дайын өнімдер арнайы қоймаларда сақталып, кейіннен тапсырыс берушілер осы жерден әкетіп отырады.

Қарапайым тұтынушылар сауда орындарына барғанда шығарылған елге емес, алдымен тауар сапасына қарайды емес пе? Осы орайда нарықта негізінен Қытай, Ресей, Түркия тауарлары тұрғаны жасырын емес. Ал сапасы олардан бір де кем емес қазақстандық өнімдер көзге түсе бермейді. Сондықтан болар, «Eto eleсtrik» зауытында өндіріліп жатқан электр тауарларын көргенде көңілімізді бір мақтаныш сезімі баурап алды.

Осыдан кейін журналистердің жолы құрылыс материалдарын шығаратын «Іскер Компани» зауытына түскен. Болат Өмірәлиев құрылтайшысы болып табылатын бұл кәсіпорын Украинадан қажетті құрылғылар алып келіп, 2005 жылдың қыркүйек айында алғашқы өнімдерін шығара бастаған. Нарықтағы 14 жыл ішінде зауыттан 170 млн. кірпіш шығарылып, түрлі дәрежедегі нысандарды салуға мұрындық болған.  Біздің көзіміз үйренген кірпіштерден зауыт өнімінің өзгешелігі – қалыпты кірпіштен үлкендігі болар. Айына 1 млн. дана кірпіш шығаратын зауыт тауарлары үлкен сұранысқа ие. 
«Іскер Компани» зауыты 2014 жылы неміс технологиясы бойынша тротуар плиткаларын шығаратын үлкен цехты іске қосып, осы тектес  тауарлардың бірнеше түрін өндіруді жолға қойған. Яғни, мұнда көзімізге үйреншікті көрініске айналған тротуар тастарын шығарудан бас тартып, аса күрделі технологияның көмегімен формалары мен түстері сан түрлі плиткаларды өндіре бастаған. Жаңа технология тротуар төсеніштерінің түсін сан түрлі бояумен шығарып қана қоймай, олардың беткі қабатының өрнегін сан алуан етіп жасауға қабілетті. Тіпті, бір плитканың бірнеше түспен рең беруін осы зауытта ғана жасай алады. Түрлі минералды тастар мен мәрмәрдің үгінділерін пайдалану арқылы тастың бетін түрлі формада шығару жүзеге асырылады.

Сондықтан болар, аталмыш зауыттың өнімдеріне деген сұраныс арта түскен. Атап айтқанда, Талдықорған қаласындағы Қаратал өзенінің жағалауы, «Жастар» паркінің төсеніші, «Арбат» алаңы, Алматы қаласындағы Абай, Достық даңғылы, Абылайхан көшелеріндегі жаяу жүргіншілер тротуары, аула ішіндегі төсеніштер  осы зауыттың өнімімен әрленген. 2015 жылы ғана Талдықорған қаласына 40 мың шаршы метр тротуар плиткалары  жіберілген. Ал биыл Қарасай ауданының 90 жылдық мерейтойы қарсаңында Мәдениет үйінің алды мен әкімдік ғимаратының жанындағы орталық алаң толықтай «Іскер компани» зауытының өнімімен қаланып шықты.

Төсеніштермен қатар мұнда жол жиектеріне қойылатын бетон бордюрлер  де жасалады. Үлкен жол құрылысы компанияларының тапсырысы бойынша бұл тауарды қажетті мөлшерде өндіруге зауыттың қуаты жеткілікті. Сонымен қатар, ағаш өнімдерін шығаратын цех жұмыс істеуде. Демек, осы зауыттан құрылысқа аса қажетті материалдарды толықтай алып шығуға болады.

– Бүгіндері бізде 69 адам еңбек етуде, – дейді зауыттың бас инженері Алмас Хамитов. – Жұмыс үрдісі толық автоматтандырылғандықтан қолмен атқаратын шаруалар көп емес. Жұмысшылардың орташа жалақысы 150 мың теңгенің төңірегінде. Әлеуметтік қолдаудың барлық түрі қарастырылған. Ауысымға келгенде киімін ауыстыратын, жуынатын, тамақтанатын бөлмелері талапқа сай. Техникалық қауіпсіздік шаралары да толық сақталады.

Алдағы уақытта зауыттың бүгінгі алған қарқынын бәсеңдетпей, өнімнің түрі мен сапасын арттыра түсу жоспарымызда бар. Кәсіпорын цехтарын аралай жүріп елімізде әлемдік талаптарға сай сапалы өнім өндіріп жатқан азаматтардың іскерлігі мен табандылығына сүйсіндік.

Қуат ҚАЙРАНБАЕВ

Қарасай ауданы

Қатысты жаңалықтар

Алты елдің парапланшылары Жетісу көгінде самғады

Алты елдің парапланшылары Жетісу көгінде самғады

05.02.2026
 Негізгі заңға әйелдер көзқарасы: «AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты жаңа Конституция жобасын әзірлеуге атсалысуда

 Негізгі заңға әйелдер көзқарасы: «AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты жаңа Конституция жобасын әзірлеуге атсалысуда

05.02.2026
Жаңа Конституция жобасы: Бас Прокуратура 18-бапты нақтылауды ұсынды

Жаңа Конституция жобасы: Бас Прокуратура 18-бапты нақтылауды ұсынды

05.02.2026
Айдарбек Қожаназаров жаңа Конституцияда ұлттық валюта теңгені бекітуді ұсынды

Айдарбек Қожаназаров жаңа Конституцияда ұлттық валюта теңгені бекітуді ұсынды

05.02.2026
Жетісу облысында ауылдық жерде тағы бір медициналық нысан пайдалануға берілді

Жетісу облысында ауылдық жерде тағы бір медициналық нысан пайдалануға берілді

05.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.