Талдықорған: +5°C
$ 457.09
€ 508.42
₽ 5.67
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ЖАСТАР ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ

26 қараша 2017
РУХАНИЯТ
ЖАСТАР ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ
WhatsAppTelegramFacebook

Оңтүстік Қазақстан облысында «Жастар – Отанға» атты республикалық саяси лагерь ұйымдастырылды. Оған Алматы облысынан да белсенді жастар қатысып қайтты. Үш күнге созылған басқосуға «Жас Отан» жастар қанатының барлық өңірлік филиалдарынан 100-ден астам жастар жиналды. Төле би ауданындағы «Алма – Тау» демалыс аймағындағы лагерьдің ашылу салтанатына «Нұр Отан» партиясы, «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Данияр Сүндетбаев, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ербол Садыр, «Нұр Отан» партиясы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының бірінші орынбасары Нұрмаxан Жолдасов, Шымкент қаласы әкімінің кеңесшісі Данат Жумин, әнші Қайрат Нұртас, кәсіпқой боксшы Жаңқош Тұраров және белгілі тележурналист Асxат Садырбай қатысты.

 

Алғашқы сөз сөйлеген облыс әкімінің орынбасары Ербол Әбілқайырұлы:

– Оңтүстік өңіріне қош келдіңіздер! Өздеріңізге белгілі, мемлекетіміз жастарға көп жағдай жасауда. Өйткені олар – елдің болашағы. Елбасы өз мақаласында барлығымызға үлкен талап қойды. Дамыған отыз елдің қатарына ену үшін бәсекеге қабілетті маман тәрбиелеу керек. Оған бірінші болып бетбұрыс жасайтын бүгінгі біздің жастар. Ұлттық кодты, салт-дәстүрдің барлығын бойымызға сіңіре отырып өзгерсек, бағындырар белестеріміз де көп болмақ. Оңтүстік Қазақстан облысы – еліміздегі жастар көп шоғырланған өңір. Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында салынып жатқан жаңа өндіріс орындарында негізінен жастар жұмыс істейді. Өйткені, жаңа технология мен жаһандық тілді жастар жылдам меңгереді, – деген ол жиынның сәтті өтуіне тілектестік білдірді. Ал «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Данияр Манарбекұлы болса:

– Осы жылдың наурыз айында ОҚО-ны аралап шықтық. Сондағы көзіміздің жеткені – жастарға осы өңірдің үлгісін көрсету керектігі. Оңтүстік – қазақтың қаймағы бұзылмаған өңір. Бизнес жақсы дамыған, халқы еңбекқор, осындай жайттардан үлгі алуға тиіспіз. Мұнда жиналған жастардың бәрі де белсенді,  идеологияны түсіндіре алатын білімді ұрпақ. Сондықтан біз, біріншіден, «Жас Отан» ЖҚ-ның бағдарламасын талқылаймыз. Келесі жылы өтетін съездің жоспарын қараймыз. Ол жақта үлкен бағдарлама қабылдаймыз. Сіздердің ұсыныстарыңыз, ойларыңыз біз үшін өте маңызды, – деп шараның өтуіне көмек көрсеткен ел ағаларына алғыс айтты. Қатысушылардың барлығы сөз алып, жастармен қызмет барысында жинақтаған тәжірибесімен бөлісті. Ақыл-кеңестерін жеткізіп, діттеген мақсатқа жету жолын ұғындырды.

Саяси лагерьдің ашылуынан кейін «Global Business Forum» компаниясының негізін салушы және бас директор, әлемдік деңгейдегі спикер Әсел Сыдықова тренинг жүргізді. «Адамның әлеуетін арттыру, оқыту және жаңа деңгейге көтеру» тақырыбында өрбіген тренингке қатысушылар өздеріне қажетті ақпарат жинап, келешекте артқарылатын жұмыстарының жемісті боларына сенді.   Келесі күні жастар Асхат Садырбай, Тұрар Әбуов және Елена Данилова сынды беделі биік дәріскерлердің тренингтеріне куә болды. Ал танымал саясаттанушы Айдос Сарым «Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатының басты бағыттары» атты тренинг өткізді. Онда ол: «Ақпараттық теxнология, әлеуметтік желілер биліктің табиғатын өзгертуде. Оның себебі, кез келген мәселе жылдам таралып, талқыға түседі. Бірақ мұның барлығы PR көлеңкесінде қалып жатыр», – деді. Сондай-ақ, саясаттанушы еліміздің қазіргі хал-аxуалына да тоқталды. ЭКСПО-ның пайдасы мен жанармай тапшылығын алға тартып: «Мұнайы жоқ елдер бар, жылдам дамып кеткен. Энергия ол – сіз бен біз. Соны оңтайлы пайдалану керек», – деп ұтымды ойын айтты.

Әрмен қарай жер-жерден келген «Жас Отан» ЖҚ-ның филиалдары атқарылып жатқан жұмыстарына арналған бейнероликтерін көрсетіп, өзара сайысқа түсті. Жарыстың шарты бойынша олар өздеріне жүктелген мемлекетті таныстырып, көрініс қойды. Үшінші күні барлығы қасиетті Түркістан өлкесіне сапар шегіп, Арыстанбаб және Қожа Ахмет Яссауидің кесенесін аралап, терең тарихымен танысты. Жастар арасындағы жаңа қазақстандық потриотизмді қалыптастыру, рухани адамгершілік құндылықтарды түсіндіру және ұлықтау мақсатында ұйымдастырылған лагерьде «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының ІV  съезінің жоспары талқыланды. Шараның салтанатты жабылуында қатысушыларға арнайы Алғыс хат табысталып, сый-сияпат жасалды. Лагерьдегі жастар жаһандық бәсекеге қабілетті буын екендіктерін көрсете білді. Осылайша, жастар саяхаттап қана қоймай, рухани тұрғыда да толысып қайтты.

 

Мәулен ӘНЕРБАЙ.

«Жетісу»

Оңтүстік Қазақстан облысы.

Қатысты жаңалықтар

Кітапхана – рухани орта

Білім кілті – кітапта

Бүгін, 17:30
СІМК отырысында халықаралық маңызы бар құжаттар бекітілді

СІМК отырысында халықаралық маңызы бар құжаттар бекітілді

Бүгін, 17:09
Талдықорғанда 150-ден астам жас есірткісіз болашақ үшін бас қосты

Талдықорғанда 150-ден астам жас есірткісіз болашақ үшін бас қосты

Бүгін, 16:41
Мемлекеттік қызметті шектеу

Мемлекеттік қызметті шектеу

Бүгін, 16:30
Геология, өнеркәсіп және құрылыс саласы жаңа белеске көтерілді

Геология, өнеркәсіп және құрылыс саласы жаңа белеске көтерілді

Бүгін, 15:45

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.