Талдықорған: +8°C
$ 451.05
€ 504.95
₽ 5.60
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Жемқорлықты әшкерлеген қойылым

10 қаңтар 2017
РУХАНИЯТ
Жемқорлықты әшкерлеген қойылым
WhatsAppTelegramFacebook

Қоғамның келеңсіз тұстары мен жарқын көріністерін сахналап, адам санасына ой тастауда театр айтарлықтай маңызға ие. Тіпті, әдетте байқай бермейтін түйткілді мәселелердің төркіні қайдан туындайтынын өнер ордасынан сезініп жататынымыз бар. Осы ретте қырық жылдан астам тарихы бар Бикен Римова атындағы облыстық драма театры талай көрерменді ойландырып, тамсантқаны жасырын емес.

Аталмыш өнер ордасы қазақтың көрнекті жазушысы Дулат Исабековтың «Құстар фестивалі» туындысын бүлдіршіндер назарына ұсынды. Премьера басталмас бұрын театр директоры Ғалия Темірбаева сөз алды.
– Құрметті өрендер! Өнер әлеміне қош келдіңдер! Театр актерлері арқылы ертегілер еліне саяхат жасап, қиялдарыңды дамытып, қуанып қайтатындарыңа тілектеспін, – дей келе қойылымның мазмұнын қысқаша баяндап өтті.
«Құстар фестивалі» ертегісі бүлдіршіндерге арналған туынды болғанымен, жалпы мазмұны бүгінгі қоғамдағы кемшіліктерді айшықтап, шенді-шекпенділерді, жең ұшынан жалғасқан ымырашылдық пен жемқорлықты шенеуге құрылған. Құс патшасы қыран қанаттылардың бәрін жинап, ән байқауын ұйымдастыратынын жариялаумен басталатын ертегі соңына дейін шынайы өмірмен сабақтасып жатыр. Мәселен, ертегіде қарқылдаған қара қарға байқаудың бас жүлдесін иеленсе, бүгінгі таңда дарынсыздар дара атанып, өнердің өріне қанат сермеуде. Ал бұлбұлды орманға матап кетіп, бәйгеге қатысуына жол бермесе, тарихымызда «Батыраштың айбалтасы» деген ұғымның барын әрі бүгінгі күнде де қастандық пен жолдан шектету мәселелері жоқ дей алмаймыз. Осындай сарында өрбіген қойылым көрермендерге үлкен ой салады.
Аталмыш ертегіні облыстық есту қабілеті нашар және естімейтін балаларға арналған арнайы мектеп-интернатының оқушылары тамашалады. Бұл Бикен Римова атындағы облыстық драма театры ұжымының жасаған қайырымдылық шарасы десек артық айтқандық емес. Қоғамнан шеттетілмесе де, шет қалғандай күйге түсетін бүлдіршіндерді қанаттандырып, бір сәт болса да сергуіне, өнер әлеміне саяхат жасап, еркін тыныстауына және оларға қолдау мен қошеметтің барын сездіруге арналған игі бастама соңында есту қабілеті нашар балалар арнайы қойылған шыршаны айналып, өнер ордасының әзірлеген сыйлығын арқалап қуанышпен тарқасты.

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ

 

Қатысты жаңалықтар

27 маусымдағы ауа райы болжамы

Бүгінгі ауа райы болжамы

Бүгін, 09:30
«Таза Қазақстан»: Экологиялық мәдениет – ұлттық сананың жаңа деңгейі

Ең қымбат ұғым

26 қазан 2026
Шетелдік сарапшылар Қазақстанның цифрлық серпілісіне баға берді

Жарқын болашақ

26 қазан 2026
Қыз тағдыры – ұлт айнасы

Отбасылық қолдау

26 қазан 2026
Жауапкершілік – саналы қоғамның негізі

Жауапкершілік – саналы қоғамның негізі

26 қазан 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайттың редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.