Қаратал ауданындағы Үштөбе балалар шығармашылық орталығының оқушылары Атырау қаласында өткен Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, сазгер Мәкәлім Қойшыбаевтың 100 жылдығына арналған «Өмір гүлі» атты республикалық байқаудан жүлдемен оралды.
Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған өнерлі оқушылар үш жас топ бойынша сынға түсті. Байқауда Үштөбе балалар шығармашылық орталығы домбыра пәнінің ұстазы Жанар Тұтқабекованың шәкірттері орта топ бойынша жүлдегер атанды. Атап айтсақ, «Домбыра-тенор» номинациясы бойынша Айбын Жанатбек I орынды, Ершат Байқаданұлы III орынды иеленді.
Бұл оқушылардың таланты мен еңбегінің, ұстаздарының кәсіби шеберлігінің жемісі. Осындай республикалық деңгейдегі байқауда жүлделі орын алу – үлкен мәртебе.
Айдар ҚАЛИЕВ





