Талдықорған: -2°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

«ЖИІ ДАЙЫНДАЙМЫН»: ӨРМЕТӨС — ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ТАҒАМЫ

21.03.2020
РУХАНИЯТ
"ЖИІ ДАЙЫНДАЙМЫН": ӨРМЕТӨС - ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ТАҒАМЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Шанақтан шашылған ырысты да берекелі күні қазақтың ақ дастарқаны ұлттық тағаммен толығады. Жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер шағында кешегі ақ самайлы, ақ жаулықты аналарымыздың аманаты болып қалған «Өрметөс», «Қарын бүрме», «Әсіп» сынды ас тағамдарын дайындап, шаңырақтың берекесін еселеп отыратын нәзік жандар қатарын талдықорғандық Сәния Сағымбаева толықтырып жүр.

Наурыз мерекесінде ғана емес, үнемі ұлттық тағамды ұмыт қалдырмай, шаңырағына енген әрбір сыйлы жанға қазақы салт-дәстүрмен табақ тартуды жөн санайтын Сәния Орынбекқызының айтуынша, аспаздық өнер әжесі Биғамилия апай мен анасы Ғалия Әуелбековадан дарыса керек. Кішкене күнінен ас әзірлеуге қызығушылық танытқан қызына әжесі мал сойыла сала, өрме, жөргем секілді тағамдарды лезде дайындап берген. Ананың сүтімен, әжесінің тәрбиесімен дарыған дара өнер иесі бала күтімімен үйде отырса да, ұлттық тағамды ұлықтап, бірнеше шәкіртті тәрбиелеп жүр.

– Әйел адам асхананың патшайымы болуы керек. Мұны анам ес білгелі айтып келеді. Аспаздық – талғаммен қарайтын тамаша мамандық. Мен өмірлік тәжірибе, отбасында апам мен анамнан көрген-түйгенім арқылы осы кәсіпке келдім. Ал қазір осы мамандықты оқып меңгеретіндер қатары көбейіп келе жатқанына қуанамын. Әрбір қыз бала аспаздық кәсіпті оқуға міндетті. Аспаздық қатып қалған рецептерге жүгіну емес, онда адамның ой-қиялына ерік берілуі керек. Шығармашылық еркіндік болғанда, бар ынта-жігеріңмен дайындағанда ғана атқарған еңбегіңе өзгелер де риза болады, өзің де ләззат аласың. Әр істі асқан жауапкершілікпен орындау, махаббат пен мейірімділікті ұштастыру – менің басты қағидам. Асыл анамның ақ сүті мен тәрбиесінің арқасында қазір келін болып түскен жерімде де ұлттық тағамдарды үнемі әзірлеймін. Өрметөс тағамын жиі дайындап жүрмін. Өрімділік те үлкен шеберлікті талап етеді. Жұмырлап өру арқылы көздің жауын алатын тағамның түр-түрін жасауға болады. Бұл асты қаншама қыз-келіншек үйренді?! Сол үшін апама, анама шексіз алғыс айтамын. Апам Елбасының жеке тапсырысы бойынша өрме төстік пен қарын бүрме секілді ұлттық тағамдар дайындап, ол кісінің алғысын арқалаған асыл жан. Ол кісінің әр тағамы ерекше. Бір шетінен қарасақ, бұл біздің отбасылық мұрамыз десек те болады. Мұны жалғастыру менің парызым, – дейді екі баланың анасы.

Ұлтыңды жаныңмен, жүрегіңмен сүю арқылы салт-дәстүрін, әдеп-ғұрпын, ұлттық тағамдарын асқан жауапкершілікпен орындауға болатындығын айтқан Сәния Орынбекқызы мұндай тағамдар денсаулыққа өте пайдалы дейді.

Қазақтың ұмыт болып бара жатқан тағамына жан бітіріп жүрген бір шаңырақтың ибалы келіні, аяулы ана өрме төсті дайындаудың жолдарымен бөлісті. Ол үшін төс етін пышақпен бірнеше жерден тіліп, бетін сарымсақ, бұрыш, түрлі дәмдеуіштер, қызанақпен толтырып орап, қойдың бүйеніне салады. Аш ішекті өріп, дайын тұрған бүйенге ораған соң асты қайнатып, қонақтарға тартады.

Асқар таудай әкесі Орынбек пен асыл анасы Ғалияның тәрбиесін көріп, ақыл-кеңесін өмірлік ұстанымы еткен Сәния қолөнер бұйымдарын жасаумен де айналысады. Қазақтың ұлттық қолөнеріне бала кезден қызыққан ол ұлттық өнердің ерекшеліктерін бойына сіңірген. Болашақта қазақтың ұлттық тағамдары мен ұлттық қолөнерін әлемге танытсам деген арманының орындалуына тілекшіміз.

Еңлік КЕНЕБАЙ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Футбол: «Жетісу» Түркияда жаттығуда

Футбол: «Жетісу» Түркияда жаттығуда

08.02.2026
Алакөл ауданында асыл тұқымды қой шаруашылығы құрылмақ

Алакөл ауданында асыл тұқымды қой шаруашылығы құрылмақ

08.02.2026
Жаркенттік кәсіпкер қой жүнін кәдеге жаратуда

Жаркенттік кәсіпкер қой жүнін кәдеге жаратуда

08.02.2026
Мемлекет және қоғам қайраткері Наурыз Қылышбаев 85 жаста

Мемлекет және қоғам қайраткері Наурыз Қылышбаев 85 жаста

08.02.2026
Ғылым, инновация және мәдениет: Айгүл Сәдуақасова неге бұл құндылықтар Конституцияның негізін құрайтынын айтты

Ғылым, инновация және мәдениет: Айгүл Сәдуақасова неге бұл құндылықтар Конституцияның негізін құрайтынын айтты

07.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.