Талдықорған: +1°C
$ 503.17
€ 600.89
₽ 6.63
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Жүргенов шәкірттері Жетісуда

29.01.2018
РУХАНИЯТ
Жүргенов шәкірттері Жетісуда
WhatsAppTelegramFacebook

Театр мен өмірдің арасын байланыстырушы бір сиқырдың бары анық. Тіпті  екеуін бір ұғым ретінде бедерлеуге де негіз бар. Өзгешелігіне келер болсақ, жаны жайсаң, көңілі ақша қардай актер ең нашар адамның, қарақшы мен қаскөйдің, қанішердің рөлін ойнауы мүмкін. 

Ал өмірде жақсы адамның образын рухани мешел жанның сомдап шығуы әсте мүмкін емес. Болған күннің өзінде бір-екі реттік талпыныстан кейін болмысы мен мінезіндегі міні әшкереленеді. Өйткені бұл – өмір. Нашар адамдардан актер қалыптастырмайтын, оны ел алдында жарқырата көрсетпейтін, тұлға қылып танытпайтын театрда бір қасиет бар әйтеуір. 
Сол қасиеттің қара қазанында қайнап жатқан Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының 4-курс студенттері Талдықорғанға ат басын бұрып, Бикен Римова атындағы облыстық драма театрында қойылым қойды. 
Әуелі жетісулық көрермен «Walt Disney» компаниясы түсірген «Король Лев» мультфильмі желісінде сахналанған қойылымды тамашалады. 
Жануарлар әлемінен сыр шертетін қойылым аңдар арасындағы тартыстан тұрады. Әрине, адамдар үшін тартыстың басы – билік. Ең қызығы, жануарлар әлеміндегі тартыс да билік үшін болды. Аң патшасы арыстан, яғни король Муфаза мен оның інісі Шрам арасындағы таққа таластықтың салдары қастандыққа алып барады. Баласы Симбаны тақ мұрагері деп таныған король Муфаза інісі Шрамның қызғанышын тудырып, ақыры қастандықпен қаза табады. Содан Шрам өзін аңдардың патшасы деп жариялап, Симбаны мекенінен аластайды. Осындай сарында өрбіп келіп, ең соңында әділеттік салтанат құратынындай, Симба да әкесінің үзілген жолын қайта жалғайды. Қарап отырсақ, бұл қойылым сарыны адамзат тарихымен астасып жатыр.Заманында талай патшалар тақ үшін жақынының қолынан қан жұтқан ғой… Сондықтан да бұл туындының көрермен үшін берері  мол.
Екінші кезекте әлемге әйгілі француз жазушысы, белгілі драматург Роберт Томаның «8 әйел – ол жалғыз» комедиясы сахналанды. Ол да өмірдің өзінен алынған айшықты ақиқаттардан құралуымен, шынайылығы һәм көркемдігімен, әрине, бірінші кезекте жас актерлер шеберлігімен көрермен көңілін толқытты. Ал 45 минуттық үзіндіден тұрған қойылымдардың үшіншісі –               К. Гольдонидің әйгілі пьесасы «Айлакер жесір». Бұл туынды да жетісулық жұртшылықтың таным көкжиегін қойылымға тән сиқырлылығы мен мазмұндылығы жағынан кеңейте түскендей болды.
Қойылым соңында жетісулық көрермендердің ыстық ықыласына, қошеметіне тәнті болған Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының 4-курс студенті Закира Рахымжан:
– Жер жаннаты атанған Жетісу жұртшылығының өнерге деген ықыласы ерекше. Біз кураторымыз Талғат Көбековтың тікелей басшылығымен әрі ұйымдастыруымен келіп, өздеріңіз көрген үш бірдей қойылымды сахналадық. Бұл біздің актерлік шеберлігімізге, көрерменмен байланысымызға және сахнаға бейімделуімізге айрықша ықпал ететін іссапар, – дей келе, «Король Лев» пен «8 әйел – ол жалғыз» қойылымдарының режиссері қос бірдей группаласы Саламат Өтешев пен Роза Әбішева екенін мақтанышпен атап өтті. 
Шынында болашақ актерлердің бір-бірін мақтанышпен қолпаштайтынындай, Т. Жүргенов өнер академиясы шәкірттерінің шеберлігі де, режиссерлік қабілеті де қойылым барысында көрініп тұрды. Олардың қазақ театр өнерінің болашақ жұлдыздары болып жарқырайтынына жетісулық көрермен шүбәланбағандай. 

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Тоқаев: Конституцияда гуманитарлық құндылықтарды қалыптастыру маңызды деп санаймын

Тоқаев: Конституцияда гуманитарлық құндылықтарды қалыптастыру маңызды деп санаймын

30.01.2026
Талдықорғанда «Қожакеев әлемі» атты республикалық байқау өтті

Талдықорғанда «Қожакеев әлемі» атты республикалық байқау өтті

30.01.2026
Жетісуда алғаш рет дрон-рейсинг және авиамодельдеу бойынша өңірлік жарыстар өтті

Жетісуда алғаш рет дрон-рейсинг және авиамодельдеу бойынша өңірлік жарыстар өтті

30.01.2026
Grand Slam турниріне қатысатын Қазақстан құрамасы жаңартылды

Grand Slam турниріне қатысатын Қазақстан құрамасы жаңартылды

30.01.2026
«Мүлдем жаңа құжат»: Тоқаев Ата Заңның толық жаңартылатынын мәлімдеді

«Мүлдем жаңа құжат»: Тоқаев Ата Заңның толық жаңартылатынын мәлімдеді

30.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.