Талдықорған: +15°C
$ 443.96
€ 487.73
₽ 5.38
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Жүсіпбектің бейнесін қалыптастырған мақала

11 тамыз 2026
РУХАНИЯТ
Жүсіпбектің бейнесін қалыптастырған мақала

e-history.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Өз кезеңінде, қырдағы  қалың  ел  арасына кеңінентараған басылымның  бірі – «Сарыарқа»  газеті болды. Басылымдарында Алаш  партиясының  саяси  бағдарламасы, Алаш Орда өкіметінің қаулы-қарарлары, қазақ тарихы үшін құнды дүниелер саналатын құжаттар жарық көрген. Бұл газетте ел мұңын, қара байыр халықтың әл-ауқатын, өзекті мәселелерді  көтерген  көптеген  көсемсөз  шығармалары басылған. Кейбір ақын-жазушыларымыздың да сиясы кеппеген туындылары осы «Сарыарқа» газеті арқылы оқырманға жол тапқан. Солардың бірі және бірегейі – Жүсіпбек Аймауытов.

Ел қамын ойлаған, жазу шебері Жүсіпбектің «бостандық», «теңдік» жайлы жазған әрі өзінің қолтаңбасын қалдырған мақала «Тұр, бұқара, жиыл кедей, ұмтыл жастар!» деген атпен үшінші нөмірінде жарық көрген. Мақала да: «Мырзаның күні кетті. Халық енді ойланатын мезгіл жетті. Қара бұқара! Аш көзіңді! Кедейлер, күнің туды. Байға жағынып, жалға бағынып, тамаққа сатылатын заманың емес. Алсаң, теңдесіп отырып ал сыбағаңды! Теңдік алатын кезінде құлқынның құлы болып кетпе!»,-деген үндеу сөздер жазылған. Бұл,елді бостандықты дұрыс пайдалануға, сауаттыққа, ұйым құрып тозығы жеткен елдің жағдайын жақсартуға насихаттаған. Жігіттер, жастар қауымына жауапкершілікті, сұрауды қатты талап етті. Әрине, мұның бәрі қазақтың қамы үшін.

Қазақ жастарынан да мұғалімдер, ұйым басшылары, бетке ұстар азаматтар шықсын деген ниеті мен жанашырлығы. Оған дәлел ретінде, мына үзіндіні ұсына аламын: «Мұндай заманда атқа мініп, іс қылмағанда, қайда істейсіңдер? Бар болсаңдар істейтін істерін мынау: мұғалім, учитель, болмаса жоба білетін жас жігіттер басшы болып қара бұқараның басын қосып «Бұқараның ұйымы» деген ұйым жасау керек. Бастаушы болса, қостаушы табылады. Қорқатын, қорғалатын заман емес, жыбырлайтын, сыбырлайтын заман емес, ұйым жасауға құдайдың пәлесі болмаса адамның пәлесі түк қылмайды.»

Қорыта келе, Жүсіпбек Аймауытовтың нақты қазақ жігіттеріне салған сұрауын, артқан жауапкершілігін жоғарыда аталған мақаладан түйсігімізге түйіндей аламыз. Осы мақала арқылы, өз халқына деген жолдауын, бағыт-бағдарын, ұсынысын білдірді. Қазіргі заман секілді, Жүсіпбекте өз заманында жастарға үлкен сенім артты. Ел болашағы, елдің өрлеп-өнуіне жастардың тікелей қатысының барын тайға таңба басқандай көрсете білді.

                              Нұрай БЕКТІБАЙ
Қаратал ауданы,
Ахмет Байтұрсынов атындағы МДШО бар орта мектебінің түлегі

Қатысты жаңалықтар

Дрондар додасы:  мемлекеттік органдар арасында ауқымды жарыс өтті

Дрондар додасы: мемлекеттік органдар арасында ауқымды жарыс өтті

18 қараша 2026
Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына дайындық қарқынды жүргізілуде

Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына дайындық қарқынды жүргізілуде

18 қараша 2026
Ғылым министрлігі ҚазҰУ-да кешенді мониторинг жүргізеді

Ғылым министрлігі ҚазҰУ-да кешенді мониторинг жүргізеді

18 қараша 2026
Еңбек ұжымдарына Жолдау міндеттері түсіндірілді

Еңбек ұжымдарына Жолдау міндеттері түсіндірілді

18 қараша 2026
«Әділет» партиясы: Жетісуда мәдениет саласының инфрақұрылымы жаңарады

«Әділет» партиясы: Жетісуда мәдениет саласының инфрақұрылымы жаңарады

17 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.