Талдықорған: +3°C
$ 494.75
€ 586.77
₽ 6.38
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ЖУРНАЛИСТЕР КҮНІ: «ЖЕТІСУ» ГАЗЕТІНЕН ҚАНАТ ҚАҚҚАН ЖАСТАР

27.06.2020
РУХАНИЯТ
ЖУРНАЛИСТЕР КҮНІ: "ЖЕТІСУ" ГАЗЕТІНЕН ҚАНАТ ҚАҚҚАН ЖАСТАР
WhatsAppTelegramFacebook

Жасы ғасырдан асқан “ЖЕТІСУ” редакциясы – киелі қара шаңырақ. Ақ қағаз бетіне қаламды серік еткен талай тілшінің қолтаңбасы сайрап жатыр. Олардың есімдері тарих бетінде мәңгі қалды. Қасиетті қаламды серік еткен қаламгерлердің тырнақалды туындыларын оқырманға паш еткен ата басылым шәкірт тәрбиелеуден кенде емес. Жыр Құлагері Ілияс Жансүгірұлының ізі қалған киелі басылымнан қанат қаққан азаматтар бүгінде еліміздің әр саласында жемісті еңбек етуде. Олар қасиетті қара шаңырақты, киелі редакцияны ешқашан да ұмытпайды. Талай жастың кемелденуіне, толуына, өсуіне жағдай жасаған “Жетісу” бұл дәстүрді жалғастыра берері анық. Олай болса, “Жетісудан” қанат қаққан жас қаламгерлердің ықылас-тілектерін назарларыңызға ұсынамыз.

АЛҒАШҚЫ ТАПСЫРМА

Алмас НҮСІП,

жазушы, «Malim.kz» ақпараттық сайтының тілшісі:

– 2012 жылдың сәуіріндегідей Талдықорғанға тартып кеткім келеді де тұрады. Сені сағынып күтіп отырғандай, «келмей кеттің ғой» деп жылы ұшырайтындай…

Алғаш, «Жетісуға» жұмысқа тұрам деп барғанда Талдықорған онша бір жылы шырай танытқан жоқ. Бас редактор Жақыпжан Нұрғожаев, орынбасарлар Жанкүміс Жәмеңке, Жұматай Оспанұлы редактордың кең кабинетінде 10 минутқа жетер-жетпес уақыт тергеді де, «бұ балаға қандай тапсырма береміз?» деген нақты мәселеге ауысты. Таңғы 9-дар шамасы еді, жұмысқа тұрған-тұрмағанымды нақтылап сұрай алмай, тапсырма алып, сыртқа шықтым. «Әзірге мына жерде отырып, дайындалып алсаң болады», деп бір кабинетке кіргізді. Талдықорғанға тура сол күні жазушы Роллан Сейсенбаев келген екен. Бірнеше жерде кездесуі өтеді, сол аралықта ебін тауып, сұхбат алуым керек. Алматыдан бірге келген төрт-бес көтермешім бар, олар сыртта, көлікте күтіп отыр, мен іште Google-ды ашып қойып, сұрақ дайындап отырмын. Қызықпыз…

Сейсенбаевты қолға түсіру қиындап кетті. Қаумалаған жұрт, оның үстіне тәжірибесіз, жасқаншақ «журналист», оңаша сөйлесу қиындай берді. Талдықорғандық журналистер оңаша таспаға басып жатқан жеріне барып күтіп тұрдым да, біткен соң, «Жетісу» газетіне көлемді сұхбат алмақ екенімді айттым. Газетке бүгін келгенімді, әрине, бүгіп қалдым. Роллан ағам арқаға қағып, ертіп алды. «Жетісу» арнасындағы бір бағдарламаға түсті, ол жерде бір сағат отырдық. Одан шығып, ішкі саясат бастығының мейрамханаға жайған арнайы дастарқаны бар екен, сонда тарттық. Vip-залында, оңаша. Мен танымайтын облыстық әлдебір ақындар өлең оқыды, тост көтерді. Төрде отырған қонақ жазушы бәрін қолпаштап қойып, арқаны кеңге салып отыр. Тосттар, шөлмектер, бокалдар… Отырыс ұзарып барады. Мен жаққа көзі түсіп кетсе, мазасы кететін сияқты, «қазір-қазір», деп қозғалақтап қояды. Жәутеңдеп қараған болармын. Ақыры, оңаша сөйлесе алмадық. Телефон нөмірін беріп, «хабарлас, кешке үйде болам, сол кезде сөйлесейік», деді. Кешке тұтқасын көтермеді.

Телефонға, керек болып қалар деп біраз сөзін басып алғам, қалған әңгімелерінің жалпы нобайы есімде сияқты. Студенттер қойған сұрақ бар, телеарнадағы сұрақтар бар, оңаша отырыстағы әңгімелер бар (өзім де бір-екі мәрте сұрақ қойып үлгергем), бас-аяғын құрап, қағазға түсірдім. Тәп-тәуір сұхбат шыққан сияқты (газетке бөгеліссіз, өзгертуге ұшырамай жарияланды). Әсіресе, 90 жылдары Талдықорғанға келіп кеткені, ол кездегі қаланың, қабырғасынан жел улеп тұрған аңғал-саңғал күйі жайлы сөзі есімде қалыпты.

Қазір ойлаймын, сонда қағазға түсіріп, газетке басуға телеарнадағы сұхбат та жетеді екен ғой. Бірақ, телефон диктофонына түгел басып алғаныма қарамай, айна-қатесіз көшіріп шығуға қолым бармап еді. «Журналистік этика» туралы бір жерден естіген болармын…

ЫСТЫҚ МЕКЕН

Мұрат МҰҚАШҰЛЫ,

«Жетісу» телеарнасының тілшісі:

– Перзент үшін кіндік қаны тамған жерден асқан қастерлі де киелі жер жоқ. Ал сол мекенде қызмет етіп, перзенттік парызды өтеу үлкен мәртебе. Мен осынау бақытқа ие болған жанның бірімін.

Жастарды бауырына басып, үнемі қамқорлық танытып, үлкен өмірге қанаттандыру – ата басылым «Жетісудың» бұзылмаған дәстүрі. Бұл қамқорлықты, жылулықты, шарапатты сезінгеніме қуаныштымын. Бетімнен қақпай, белімді буған жақсы адамдардың қамқорлығына ризамын. Мұндай жылылықты ұмыту әсте мүмкін емес.

2012 жылы магистратураның соңғы курсын оқып жатқан кезімде жол түсіп Талдықорғанға келдім. Жұматай Оспанұлы ағамызбен таныстым. «Жұмысқа жастарды алып жатырмыз. Бағыңды сынап көрсеңші», – деген соң тәуекел еттім. Көп ұзамай киелі «Жетісу» газетінің тілшісі атандым.

Менің тұңғыш ұжымымның әр қызметкері жаныма жақын. Ол жандардан көп дүние үйрендім. Ең алғаш телеарна бағдарламаларына шолу жасап, мақала жаздым. Экономика, саясат, әлеумет, спорт бөлімдерінде бақ сынадым. Жастардың бағыты мен бағдарын айқындап, мықты маман етіп қалыптастыруда аға-әпкелеріміздің сіңірген еңбегі зор. Сол кісілердің көрсеткен жолымен жүрдік. Жаман болмадық. Жанашыр жандарға алғыс айтамын.

Қасиетті қара шаңырақтан түлеп ұшқан қаншама шәкірт «Жетісу» редакциясын ерекше сағынышпен есіне алатыны анық. Өйткені, бұл ұжым жұмыс істеуіңе, әр саланы жетік меңгеруіңе, болашағыңа жоспар құруыңа қысқасы, арманыңа қол жеткізуіңе бар жағдайды жасайды.

Телеарнадағы спорт журналистикасымен танысу үшін облыстық арнаға ауыстым. Көзді ашып-жұмғанша бес жыл да өте шығыпты. Білгенімізден білмегеніміз әлі де көп. Бірақ бір нәрсе анық. Мен үшін ең ыстық ұжым – «Жетісу» газетіндегі әріптестерім. Төл мерекелеріңізбен, жақсы адамдар! 

АР ЖҮГІ

Мұхтар КҮМІСБЕК,

«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі:

– Қаламды кез келген адам ұстай алады, бірақ онымен жазу – әркімнің тағдыр-тәлейіне бұйырмаған бақ. Сөз құрау қазақтың қанына сіңген қасиет. Алайда сөзге жан бітіру оңай дүние емес. Оған іргетас ауадай қажет.

Іргетас қалай қалыптасады? Ол үшін үлкен мектептен, тәжірибеден өтуің міндет. Менің мектебім – ардың жүгін арқалаған ата басылым «Жетісу» газеті. Мен сол мектептің түлегімін. Ол алтын ұямнан алған тәлім мен тәрбие өмір жолымдағы ең үлкен олжам болды десем, артық болмас. Есеңгіреткен де, ес жиғызған да, есейткен де «Жетісу». Көсіле жазуға болады, әрине, бірақ осы бір үш сөз менің ғасыр асқан ата басылымыма деген құрметімнің тұспалдамасы секілді.

Қай жерде жүрсем де, алғашқы еңбек жолымды бастаған ата басылымымды ешқашан да естен шығарған емеспін. Бауырына басып, арқамыздан қағып, түймедей дүниемізді түйедей етіп көрсетіп, жігерлендірген ұстазым, алғашқы редакторым Әміре аға Әріннің қамқорлығын сезіне білгенім үшін өзімді бақытты санаймын.

Алтын ұжымымды сағынамын. Жанашыр жандардың ыстық ықыласы мен ақ тілектері жүрегімде. Әйтсе де, адам бір орнында көктеп, қанат жаятын ағаш емес. Жастыққа тән жаңа ортаны, жаңа кеңістікті сезінуің қажет. Мұны да сол ұжымның жүрегіне айналған ақеділ ұстаздарым үйреткен.
Қазір ел газеті «Егемен Қазақстанның» шаңырағында адал қызмет  атқарып жатырмын. Бұл да мен үшін үлкен баспалдақ. Барлық әріптесімді меншікті мерекемен құттықтағым келеді.

Сөз – өнер. Өнерінді саудаға сал, бірақ өнермен саудаласпа! Айтар тілек осы.

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан қауіпсіздік бойынша Франция мен Италияны басып озды

Қазақстан қауіпсіздік бойынша Франция мен Италияны басып озды

10.02.2026
«Арасан» шекара бөлімшесінде әскери қызметшілерге арналған тренинг өтті

«Арасан» шекара бөлімшесінде әскери қызметшілерге арналған тренинг өтті

10.02.2026
Шекара шебінде ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың рухына тағзым етілді

Шекара шебінде ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың рухына тағзым етілді

10.02.2026
Тіл үйретуде ЖИ-ді пайдалану тиімді

Тіл үйретуде ЖИ-ді пайдалану тиімді

10.02.2026
Қаламгерлер ой додасында

Қаламгерлер ой додасында

10.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.