Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 14 наурыз күні Бурабайда өтетін Ұлттық құрылтайдың IV отырысына қатысады.
Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы Stan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Ақорданың мәліметінше, жиында мемлекет басшысы сөз сөйлейді.
“Ұлттық құрылтай мүшелері қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты ұсыныстарын ортаға салады”, – делінген хабарламада.
Ұлттық құрылтайдың бұған дейінгі отырыстары Ұлытауда, Түркістанда және Атырауда өткен болатын.
Фото: Ақорда





