Талдықорған: +20°C
$ 482.53
€ 555.44
₽ 5.92
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

АҒА ҰРПАҚТЫҢ АЙТАРЫ БАР

13.09.2021
САЯСАТ
АҒА ҰРПАҚТЫҢ АЙТАРЫ БАР
WhatsAppTelegramFacebook

Күні кеше Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты жолдауын сілтідей тына тыңдадық. Баспасөз бетінен оқып, сараптап та үлгердік. Енді оны санаға сіңіре  іс-әрекет қамдау – қазақстандықтардың ортақ міндеті. Қасым-Жомарт Кемелұлы еліміздің алдынан шыққан кедергі мен қиыншылықтарды жасырып қалмай, тіпті, жаңа толқынына төтеп беруге дайындығын білдіруі, айтары жоқ, бірлігі бекем барша қазақстандықтарға үлкен сенім артқаны. Жолдаудың құндылығы осылай айқындалды. Қазіргідей ғаламтор дәуірі өрлеп тұрғанда бір сәттік танымалдықты көксейтін идеялар дер кезінде ауыздықталмаса арты қатерлі үрдіске соқтыратынын бүкпесіз ашық айтқан Президент еліміздің зиялы қауымын болашағымызға әсер ететін әрбір мәселеден шет қалмауға шақырыпты. Айтары жоқ, мұндай өзекті мәселеден аға ұрпақтың шет қала алмайтыны айдан анық.

Көпшіліктің көңілінен шыққан Жолдаудың ерекшелігі неде? 
Ол – Қазақстанның Орталық Азиядағы көшбасшылық рөлін кеңейту және әлемдік экономикадағы орнын нығайту шараларының стратегиялық маңызды мәселеге айналғаны.
Ол – көп ұлтты қазақстан халқының амандығын, қазақ жерінің бүтіндігін, яғни, еліміздің тәуелсіздігін сақтап, дамыған елдердің қатарынан көрінуге бүкілхалықтық ұмтылысы.
Ол – сабақтастық, әділдік, өрлеу ұстанымынан ауытқымай, саясатттың тұрақтанғанына, демократияның қанаттанғанына күмән тудырмай конституция талаптарын білек біріктіріп, иық тірестірген елдің бірлесе атқарған еңбегінің нәтижесі әрі келелі істерді еңсеруге қабілеттілігі.
Ол – әлем кеңістігін дүрліктірген пандемия сияқты індетті ауыздықтауға ел болып жұмылудың қажеттілігі.
Ол – Ауғанстан елінде туындаған төңкерісті шиеленістірмей бейбіт жолмен шешімін тауып орта азия елдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге танымал дипломат, қажымас қайраткер, қазақтың арда ұлы Касым-Жомарт Тоқаевтың бел шешіп кіріскені.
Ол – «Ауылым алтын бесігім» ұғымын әсерлі сөздің көлеңкесінде қалдырмай, шешімі табылмай келе жатқан мәселелердің түйінін тарқату әділдік тұрғысынан шешілетініне сенімнің ұялағаны.
Ол – тілімізді, мәдениетімізді өркениетті ел қатарына қосу арқылы елдігімізді, бірлігімізді нығайтып, қазақ ұлтының ірілігін әлемге жаңа қырынан таныту.
Президенттің жолдауында таңбаланған саяси, экономикалық, әлеуметтік жасампаз бағыт-бағдардың іске асатынына, қолға алған бастамаларының толығымен жүзеге асатынына өз басым күмән келтірмеймін. Қазақ елі небір күрделі кезеңді басынан өткізіп, қиыншылықтарды еселі еңбегімен, табанды тірлігімен еңсеріп, әлемге парасаттылығымен, ерен ерлігімен танылғаны шындық. Жеңіс дегеніміз де осы.
Кең мағыналы ауқымды жолдаудың әр тармағын іске асыру мерзімі таңбаланып, оның қалтқысыз орындалуы Үкіметке, облыс әкімдеріне жүктелді. Бұл – қалыптасқан тәртіп. Алайда, қара басының күйін күйттеген бұқпантайлардың жымысқы қарекетінен келген қиянаттың тамырын үзу замана талабы екенін анық сезген Президент қолынан іс келмейтін жағымпаздар мен жауапкершіліктен жалтақтап жүрген пенделердің қызметінен өз еркімен кетуін әдептілікпен ескертті. Бұқара халықтың көптен күткені де осы еді. 
«Бөрі мінез баяғы, бөрік киген шал қайда? Ойдан қалдық не етерміз, ойланатын пенде жоқ, қариясыз ауыл боп, қараң қалар ма екенбіз», – деп ел бірлігін нығайтудан шет қалған тәжірибелі азаматтарды қоғамдық жұмысқа кеңінен тартатын күн туды, білем. «Арам тамақ татпаған, ел намысын сатпаған, қысылғанда сөз, адасқанда жол тапқан» қазақ зиялылары – сабақтастықтың үзілмеген кезеңдерінің куәсі. Әділдік үшін күрестің толастамайтынын білетін олардың өрлеудің жаңа  белесіне бет бұрған жастарға ақыл айтып, намысын оятуды жандандыруға атсалысуы – өмір талабы.
Жұмыстың ең жеңілі – ақыл айту, қиыны – оны орындау. Мен ақыл айтып тұрған жоқпын, жолдаудың пәрменділігін мойындап тұрмын. Ақсу, Андреев, Қаратал, Көксу аудандарында, Талдықорған қаласы мен облыстық басқармада жауапты қызмет атқарған жылдары білікті маман, майталман басшы, өмір өткелінен өткен ауыл ағаларының қолдауына ие болып, елдігімізді танытқан аға ұрпақ өкілдерінің бірімін.
Ұлы Отан соғысында барлаушы болып, он жеті неміс офицерін әскери штабқа жеткізген Темірғали Исабаев елге бір аяғымен оралып, зейнетке шыққанша еңбектен қол үзбеген. Даңқ орденінің толық иегері, Қабылиса жыраудың ұрпағы – аудан жастарын елжандылыққа тәрбиелеуде белсенділік танытқан адам. Батырдың «Қолпаштаумен болған батырлық – қорқыныштың ең азғын түрі», «Тәртіп пен мәдениет болмаған жерде болашақ болмайды» дегені «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Президенттің жолдауымен үндесіп тұрғандай. «Азға қанағат етпеген  көптен құр қалады» дегені де ел қамын ойлаған жандарды ойландырмай қоймас.
Тіршілік – жасампаздықпен жалғасатын табиғи құбылыс. Өрлеу дегенің – қазақтың даналықпен өткізген, бүгінгі күнге жеткізген жолы екендігін тебіндете білу шарт. Ең бастысы – әдептілікті сақтап, ақыл қорытып, күш біріктіріп жұмыссыздықты жою, жастар тәрбиесін ұлт аманатына айналдырып, әке мен шеше, ата мен ана құдіретін асқақтату. 
Өлім мен өмірдің қатар жүретіні сияқты еңбек пен масылдық та қатар жүреді. Оларды түзу жолға сала білсек, ұлттық болмысымызды, елдік тірлігімізді танытамыз. «Көп білген адам кемеңгер емес, білгені көп, еліне пайда келтірген кісі кемеңгер», – депті көне грек данышпаны Эсхил. Имандылығынан айырыла қоймаған жиырма бірінші ғасырдың бай-манаптары нәпсісін тыйып, тура жолды таңдап, еліне пайдасы тыйып жатса, кең пейілді қазақ жұрты. «Әй азаматым-ай!»  деп бауырына алып, жотасынан қағып, өз қатарыңның алды бол деп ағынан жарыларына сенімдімін. Өйткені, біз – қарға тамырлы қазақпыз.
Ел Президенті ұсынған шаралардың орындалуына атсалысу – «жақсының ғұмырын ұрпағы ұзартады, ісін ұлысы жалғастырады» деген аманатқа қиянат жасамайтын ұрпақтың міндеті. 
Жеттік деген жетістігімізге сын көзбен қарап, түзететінін түзетіп, жолдан тайғандарын қатарымызға қосу – үлкен өнер. Мұндай өнерден жиренуге де, қиындығынан қашуға да болмайды. Ашу-ызаны артқа тастап, ақылды алға тартып, адалдық танытып, әділдікті ту еткен қазақстандықтар өрлеудің даңғылын жеке жүріп емес, ел болып табуы керек. Ұлт тұтастығын нығайту – баршамыздың борышымыз. Ұлылық дегенің де осы.
 «Жайылсақ жоқпыз, жұмылсақ бармыз» деген тағылымды тарихтың сабағы дәл қазір қай кездегіден де аса маңызды, ағайын!    

Наурыз Қылышбаев,
Алматы облысының Құрметті азаматы

Қатысты жаңалықтар

Ұлт рухын көтерген ұлы тұлға

Ұлт рухын көтерген ұлы тұлға

29.03.2026
Ағаштан түйін түйген

Ағаштан түйін түйген

29.03.2026
Бабамның көзі, тарихтың сөзі

Бабамның көзі, тарихтың сөзі

29.03.2026
Жетісу өңірі «Жер сағаты» акциясына белсенді қатысты

Жетісу өңірі «Жер сағаты» акциясына белсенді қатысты

28.03.2026
Өртке қарсы дайындық күшейтілді

Өртке қарсы дайындық күшейтілді

28.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.