Талдықорған: +17°C
$ 481.54
€ 553.24
₽ 5.93
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

Ғалиасқар Сарыбаев: «Егемендік туралы декларацияның маңызы зор»

25.10.2023
САЯСАТ
Ғалиасқар Сарыбаев: "Егемендік туралы декларацияның маңызы зор"
WhatsAppTelegramFacebook

25 қазан – тарихи маңызы жоғары, Қазақстанның мемлекеттігіне ерекше ықпал еткен күн. Себебі, дәл осы күні еліміздің егемендігі, саяси-құқықтық тәуелсіздігі жарияланды. Осыған орай ұлттық мереке қарсаңында ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ғалиасқар Сарыбаевпен аз-кем сұхбаттасқан едік. 

– Ғалиасқар Төлендіұлы, Республика күні мерекесінің маңыздылығын айтып өтсеңіз? 

– Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның маңызы зор, тарихи құжат. Декларацияда Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі жарияланып, елдің саяси-құқықтық тәуелсіздігінің бағдарламасы баяндалды. Ел аумағының тұтастығы, оған қол сұғылмайтындығы, қазақ халқының және еліміздегі басқа да этнос өкілдерінің төл мәдениетін, дәстүрін, тілін қайта түлету мен дамыту, ұлттық қадір-қасиетті нығайту мемлекеттің аса маңызды міндеттерінің бірі ретінде айқындалды. Конституциялық құрылысқа қарсы жасалатын кез келген күштеу әрекеттері, оның аумағының тұтастығын бұзуға шақыратын, ұлт араздығын қоздыратын жария-ұрандардың заң бойынша жазаланатыны ескертілді. Республиканың саяси, экономикалық, әлеуметтік, ұлттық-мәдени құрылысына, оның әкімшілік-аумақтық құрылысына байланысты мәселелер ешкімнің араласуынсыз дербес шешілетіні жарияланды.

1995 жылғы 18 қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы мереке күндері туралы» Жарлығымен 25 қазан – Республика күні болып жарияланды. 2009 жылы бұл мереке қысқартылып қалды. 2022 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Республика күнін қайтаруды ұсынды. Мейрамға «Ұлттық мереке» мәртебесін беріп, Қазақстанның басты мейрамы ретінде атап өту туралы бастама көтерді. Бұл мерекенің басты құндылығы – еліміздің егемендігін құрметтеу. Біз бірінші кезекте егемендік – мемлекеттіліктің маңызды белгісі екенін ұмытпауымыз керек. Мемлекеттік егемендіктің негізінде Қазақстан халқының егемендігі, ең маңызды конституциялық-құқықтық қағидат ретінде  еліміздің  азаматтарының мемлекет істерін тікелей басқаруды жүзеге асыруының нақты мүмкіндігі бекітіліп, кепілдендіріледі. Бұл біздің негізгі Заңымыз – Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген. Сондықтан мемлекеттік егемендік аумақтың бірлігі мен бөлінбеуі, аумақтық шегараларға қол сұғылмаушылық және мемлекеттің ішкі істеріне араласпау сияқты негізгі принциптерді қамтиды.

Бүгінде алыс-жақын мемлекеттерде болып жатқан қақтығыстар мен басқа да түрлі оқиғалар ел егемендігін сақтау оңай емес екенін көрсетеді. Әлемдік тарих пен қазіргі заманғы халықаралық қатынастардың тәжірибесі көрсеткендей, Қазақстан Республикасы өз егемендігін мұқият қорғауы тиіс. Тәуелсіздікті сақтау және мемлекетіміздің тәуелсіздігін нығайту қазақ халқының ғасырлар бойғы мемлекеттілігінің жалғыз құқықтық және тарихи мұрагері ретінде республикамыздың қарқынды дамуының негізі болуы тиіс. 

– Осы мерекенің қадір-қасиетін жастар санасына сіңіру үшін мейрамның атап өту үлгісі қалай болуы керек деп ойлайсыз? 

– Ең алдымен, мерекені тойлау қымбат болмауы керек. Бұл – идеологиялық мереке. Біздің тәуелсіз және заманауи мемлекет ретінде қалыптасуымыздың мерекесі. Біз осы күні жаңа мемлекеттің туған күнін құрметтеуге бағытталған іс-шаралар өткізуіміз керек. Жастарға елдің егемендігі туралы декларацияны қабылдау – нағыз ерлік екенін түсіндіру қажет. Жастар – бақытты. Өйткені олар егеменді Қазақстанда дүниеге келді. Бірақ, кейбір жастар егемендіктің құндылығын аға буын өкілдері сияқты толық түсіне алмауы мүмкін. Дегенмен, әрбір жас азамат өз мемлекетіміздің қалыптасу тарихын білуі керек. Қазір бұл туралы көптеген әдебиеттер бар. Жастарға арналған іс-шаралар түсіндіру және танымдық сипатта болуы тиіс. Ең бастысы, олар жастар үшін қызықты заманауи форматта өткізілуі керек. Қазіргі уақытта жастар әлеуметтік желіде көп уақыт өткізетінін ескере отырып, онлайн іс-шаралардың форматын, рилс түріндегі бейне, аудио материалдарды шығаруды, түрлі патриоттық челлендждерді өткізуді және т.б. мүмкіндіктерін пайдаланғанымыз дұрыс.

 – Әулетіңізде бұл мерекені қалай атап өтесіздер және биылғы мерекелік жоспарыңызбен бөліссеңіз…

– Менің отбасымда аталған мереке ерекше құрметке ие. Біз оны бұрын атап өтетінбіз. Биыл ешқандай ерекшелік болмайды. Бірінші кезекте Астанада ұйымдастырылатын мерекелік іс-шараларға қатысуды, сондай-ақ, еңбек және соғыс ардагерлерін мерекемен құттықтап, оларға құрмет көрсетуді жоспарлап отырмыз. 

– Республика күніне орай Жетісу жұртшылығына айтар тілегіңіз.

– Жер жаннаты Жетісу халқын Қазақ елінің елеулі мерекесі – Қазақстан Республикасы күнімен құттықтаймын! Бұл күн, бұл мереке – бүкіл қазақстандықтар үшін ең құнды, ең бағалы тарихи тағылымды күн. Бұл күн – рухы биік, намысы берік қазақ халқының ғасырлап күткен, ұрпақтан ұрпаққа аманат еткен, арманы мен азабы алмаса жүріп орындалған жеңісі әрі жемісі! Бұл мереке Отанға деген сүйіспеншіліктің, ел мен жерге адал махаббаттың  арқасында өмірге келді. Өркениетке қол созған еліміздің бүгіннен нұрлы, бүгіннен кемел болашағы бар. Халқымыздың мерейін өсіретін кең-байтақ жеріміз бен ұлағатты ұрпағымызбен мақтанамыз. Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы уақыт аралығында көптеген табыстарға жетті. Еліміз алып, зайырлы, құқықтық, дербес демократиялық мемлекет ретінде әлемге танылды. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, ел мұраты еңселі, бірлігіміз бекем, шығар шыңымыз биік болсын! Жаңа Қазақстанның, әділетті мемлекетіміздің тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, жаңа бастамаларыңыз сәтті болып,  қуаныш пен шаттық сыйласын! Бейбіт заман, игілікті бақ-дәулет, берекелі ырыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін!

– Сұхбатыңызға рахмет!  

Әңгімелескен Айдар ҚАЛИЕВ
Фото: t.me/senate_kz

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан ұлттық құрамалары алғаш рет толық спорттық киім жиынтығымен қамтылып жатыр

Қазақстан ұлттық құрамалары алғаш рет толық спорттық киім жиынтығымен қамтылып жатыр

31.03.2026
Әділет министрлігі: Жаңа Конституция тұрғын үй иелері құқықтарының басымдығын сақтайды

Әділет министрлігі: Жаңа Конституция тұрғын үй иелері құқықтарының басымдығын сақтайды

31.03.2026
Үкімет ЮНЕСКО мен ИСЕСКО аясында мәдени мұраны сақтау және ілгерілетудің кешенді жоспарын бекітті

Үкімет ЮНЕСКО мен ИСЕСКО аясында мәдени мұраны сақтау және ілгерілетудің кешенді жоспарын бекітті

31.03.2026
ҰБТ форматы өзгереді: Министрлік жаңа AIT жүйесін таныстырды

ҰБТ форматы өзгереді: Министрлік жаңа AIT жүйесін таныстырды

31.03.2026
Антальядағы алтын: Ақсулық арулар волейболдан топ жарды

Антальядағы алтын: Ақсулық арулар волейболдан топ жарды

31.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.