Талдықорған: +19°C
$ 481.83
€ 556.80
₽ 5.85
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

АМАНДЫҚ БАТАЛОВ ЕЛБАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕ ҮШ ҚАСИЕТІН АЙТЫП БЕРДІ

30.11.2020
САЯСАТ
АМАНДЫҚ БАТАЛОВ ЕЛБАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕ ҮШ ҚАСИЕТІН АЙТЫП БЕРДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Алматы облысы әкімдігінде салтанатты жиын өтті. Облыс әкімі Амандық Баталов жиынға қатысушыларды мерекемен құттықтап, марапаттау рәсімін өткізді. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Облыс басшысы А.Баталов өз сөзінде алдымен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың даралық қасиеті, көрегендік және көшбасшылық ерек қабілеті туралы айтты. Елбасының дара жолы, өмірлік ұстанымы мен теңдессіз тәжірибесі әрбір адам үшін үлгі бола алатынын да атап өтті.

 — Мен Тұңғыш Президентіміздің өзім тәнті болған ерекше үш қасиетін жастарға үнемі айтып жүремін. Елбасы — мықты стратег, ол кез келген мәселеге кең ауқымда, кеңістік көкжиегінен қарай алады. Және кез келген тақырыпқа тереңінен үңіледі, мәселені жан-жақты зерттеп барып, шешім қабылдайды. Және үшіншісі, алысты көре алатын, келешекті болжай білетін көрегендік қасиетке ие. Біздің жастар Елбасымыздың осындай ерек қырларынан үлгі алса, елжандылық, көшбасшылық, даралық сипаттарын бойына сіңірсе деймін, — деген облыс басшысы тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы қиын да күрделі кезеңдерді еске алды. Сол жылдардағы Елбасының батыл шешімдері, жедел қолға алған реформалары, халықпен кездесіп, тілдескен сәттері — бәрі-бәрі әңгімеге тиек болды.

Облыс басшысы өз сөзінде Н.Назарбаевтың ел экономикасын аяғынан нық тұрғызуы, халықтың әл-ауқатын көтеруге бағытталған көптеген мемлекеттік бағдарламалар түзіп, оларды кезең-кезеңімен іске асыруы, жаңа астананы салуы, Қазақстанды сыртқы саясатта беделді мемлекетке айналдыруы, көрші елдермен достық қарым-қатынас орнатуы – осының бәрін ұзақ жылдарға жасалған үлкен стратегиялық жоспардың жемісі екенін алға тартты.

— Тәуелсіздік алған алғашқы жылдарда қандай қиыншылық болғанын көпшілігіңіз жақсы білесіздер. Сол кездерде мен Алматы қаласындағы Жетісу ауданына басшылық еттім. Ауданға қарасты 57 кәсіпоры бар еді, соның түгелге дерлігі тоқтап, елге зейетақы, жалақы берудің өзі қиындап кеткен болатын. Сол кезеңдерде Елбасы түрлі сала мамандарымен, қарапайым халықпен кездесіп, сәл шыдамдылық танытсақ, береке-бірлікте болсақ, бұл қиындықты да еңсеретінімізді айтып, әр жүрекке үміт беріп еді. Расында да сол жемісті жылдарға ұшан-теңіз еңбектің арқасында қол жеткіздік. Бүгінгі күні іргеміз берік, шекарамыз анық, халқымыз бейбіт өмірдің арқасында берекелі тірлік кешіп келеді. Тыныштық – тұрақтылықтың кепілі болып отыр, — деді А.Баталов.

Мұнан соң облыс басшысы елімізбен қатар Алматы облысының да өсіп-өркендеп келе жатқанын тілге тиек етті. Жетісу жері Елбасының туған жері екенін облыс тұрғындары мақтан тұтады. Сол мәртебе лайық еңбек етіп, жетістіктерге жетуге әрбір жетісулық үлес қосып келеді.

— Сарыарқа төріндегі жаңа астананың бас сәулетшісі болған Елбасының Алматы облысының орталығын Талдықорғанға көшіру туралы Жарлық шығаруы да ерекше тарихи шешім болды. Қазір де Тұңғыш Президент елдік мақсат-мүддеге бағытталған істерде бізге жол көрсетіп, әрдайым қолдау танытып келеді. Сол себепті де биылғы жыл коронавирус індетінің таралуына байланысты қиындықтарға толы болғанына қарамастан, облыс жылды жақсы көрсеткіштермен аяқтағалы отыр. Қазіргі кезде өңір экономикасына 700 млрд.теңгедей инвестиция тартылды. Жыл соңына қарай ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім көлемі 1 трлн.теңгеден асады. Соның нәтижесінде халықтың әл-ауқаты артып келеді. Бұл – Елбасының және Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың ең басты тапсырмалары, — деп атап өтті А.Баталов.

Жиынға қатысқан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келемсейіт, Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының «Туған тел» татар этномәдени орталығының төрайымы Руфина Усанова және «Жастар таңдауы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Нұрлан Рахметқазынов та Елбасы күніне орай құттықтау тілектерін жеткізіп, жиналғандарға ықыластарын білдірді. Елбасының салған сара жолын, Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының алға қойған міндеттері мен мақсаттарын орындауда бұдан былай да үлес қосатындықтарын жеткізді.

Салтанатты шарада облыстың бірқатар азаматтары өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлестері үшін «Қазақстан Конституциясына 25 жыл», «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталды.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Отан алдындағы борышын өтеген жастарға құрмет көрсетілді

Отан алдындағы борышын өтеген жастарға құрмет көрсетілді

27.03.2026
Жетісуда өткен жылы 16 мыңнан астам әйел жұмыспен қамтылды

Жетісуда өткен жылы 16 мыңнан астам әйел жұмыспен қамтылды

27.03.2026
Рыбакина Майамидегі турнирдің финалына шыға алмады

Рыбакина Майамидегі турнирдің финалына шыға алмады

27.03.2026
Қазақстан Францияда жемқорлыққа қарсы күрес тәжірибесін таныстырды

Қазақстан Францияда жемқорлыққа қарсы күрес тәжірибесін таныстырды

27.03.2026
Наурыз мейрамына тіл тигізген блогер ұсталды

Наурыз мейрамына тіл тигізген блогер ұсталды

27.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.