Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ барша қазақстандықты Ғарышкерлер күнімен құттықтап, әлеуметтік желіге жазба жариялады.
Президент 12 сәуір — Ғарышкерлер күніне орай: «Баршаңызды бүгінгі тамаша мереке — Ғарышкерлер күнімен құттықтаймын! Қазақстан әлемдік космонавтиканың дамуына зор үлес қосқаны сөзсіз», — дей келе, Байқоңыр ғарыш айлағы жайлы пікір білдірді. «Байқоңыр — ғарыш кеңістігін игерген адамзат жетістігінің символы. Қазақ ғарышкерлерін мақтан тұтамыз!» — деді Қ.Тоқаев.
«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»
Сурет ғаламтордан алынды





