Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев карантин тағы екі аптаға созылатынын мәлімдеді.
— Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты карантин режимі тағы екі аптаға созылып, шілденің соңына дейін жалғасады. Ертең Үкіметтік комиссия шешім қабылдайды. Азаматтарымыз денсаулығын сақтау үшін карантиннің негізгі талабы — өзін-өзі оқшаулау шарасын қатаң ұстануы қажет, — деп жазды Twitter парақшасында Қасым-Жомарт Кемелұлы.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы мұқтаж жандарға 42 500 теңге төленетінін жазды.
— Қазір жағдайдың реттеле бастағанының алғашқы нышандары байқалады. Ахуалды толық тұрақтандыру үшін алдағы екі аптаның маңызы зор. Мұқтаж жандарға Үкімет шілде айына 42,5 мың теңге төлейді, – деді Президент.
«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»





