Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы сайлау учаскесіне барып, АЭС салу бойынша референдумда дауыс берді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев таңдауын жасағаннан кейін БАҚ өкілдерінің алдына шығып, бірнеше сауалға жауап берді. Оның ішінде көпті толғандыратын Атом электр станциясын кім салады деген сұрақ та болды.
Президенттің сөзінше, бұл қиын мәселе. Сондықтан Үкімет оны талдап, тиісті келіссөздер жүргізуі керек.
Бірақ бұл мәселеге менің жеке көзқарасымды айтсам, Қазақстанда халықаралық консорциум жұмыс істеуі керек. Ол міндетті түрде ең озық технологиялары бар жаһандық компаниялардан тұруы керек. Бірақ, өмір көрсетеді», — деді президент.
Фото: facebook/Берік Уәли





